368
да оңай емес. Бұл жолда ағарту майданы, оның ішінде мектеп
салмақты орын алса, осы аз уақыт ішінде мектептің игерген
табысы қайсы, жіберіп алған кемшілігі неде, ұстаздар
қауымы не күйде деген мәселеде бір топ мамандармен
жүргізген сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
Әбілақұлы
Әбжаппар,
қыздар
педагогикалық
институтының профессоры, филология ғылымдарының
докторы:
– Кеңес дәуірлерінде мұғалімдер мен дәрігерлерге деген
көзқарас жұртшылық тарапынан жоғары болды. Мұндай үрдіс,
дағды өткен уақыттан үзілмей келген еді деп есептеймін. Бұл
мамандық иелері халық тарапынан бағасын алып үлгерген-ді.
Оның өзіндік себебі бар: олар адам тәрбиелейді, оқытады. Тіпті
мұғалімдерді аупарткомнан жоғары қойған кездері де болды, мен
соның куәсі болдым.
Сөйте тұра мектептердегі қазақ тілін оқыту жайы төмен
болды. Қазақстанда орыс тілі бір саты жоғары тұрды да,
ал қазақ
тілі соның көлеңкесінде қалып қойды.
Орыс мектептерінде қазақ
тілі сабақ кестесінің соңында тұрды. Кадр дайындауда бір
жақтылыққа жол берілді. Аспирантураны бітірген адам ғылыми
жұмысын орысша жазып, орысша қорғады.
Дегенмен бұрынғы мектептер де
проблемасыз болды деп
ойламаймын. Қазақ тілінің маңызын көтеруде базистік жоспар
болмады, оқулық жазуда белгілі ғалымдар ғана қатыстырылды,
олар қатып-семіп қалған ережелерді тықпалап, білім мен ұғымды
күңгірттендірді. Баса көрсететін ерекше жағдай, баламалы
оқулық деген атымен болмады, бұдан келіп қасаңдық туды.
Достарыңызбен бөлісу: