Ә.Әбілақұлы:
– Кім көрінгеннің қолы жетпей, ат төбеліндей адам ғана
баласын оқыта алады.
А. Қыраубайқызы:
– Ақылы оқудың пайдасы бар. Ол мемлекеттік оқу
орындарымен бәсекеге түсе алады.
Р. Мұратханқызы: – Мемлекеттік мектептердің барлық тиісті баптарын
қаржыландырып отырса, онда ақылы оқытудың қажеті жоқ, бұл
– тек амалсыздықтан туындаған әрекет.
– Дәрігерлер анты (Гиппократ) сияқты қазіргі таңда біздің егеменді еліміздің мұғалімдеріне де ант керек емес пе екен? Ә. Әбілақұлы:
– Мектепке кездейсоқ мұғалім келмес еді. Бүкіл мектептегі
сапасыздық осыдан туындайды. Мұғалім – салмағы бар ерекше
тұлға. Сондықтан, Гиппоркаттың антындай мұғалімге де ант
қабылдау керек болып отыр, ол – дәуір талабы.
А. Қыраубайқызы:
– Абай айтқан «нұрлы ақыл, жылы жүректе». Ішкі сенім мен
парасаты бар адам ғана берген антын орындайтыны анық.