«Жан дүниеме тыным бермей
Көп тілектің тұрғаны-ай,
Ақ қағазға түспей жатып,
Жамырап кетті-ау бұл қалай?
* * *
Өмірде байыдым деп қуанбашы,
Қымбат, әсем мүлікке уанбашы.
Адамды затқа теңей көрме, жаным,
Адалдық болсын сенің ар-иманың!»
Айман берген бата: «Қазағымыздың қара шаңырағының уықтарын қадаса білейік!
Шаңырағы түсіп кетпей, күлдіреуіштері босап кетпестей етейік!
Өзіміз ардақтаған тілімізді ала-құлалықтан тазарта білейік!
Қазақтың салтын ұмытпай, салиқалы ана бол! Ана – әрқашанда
болашақтың жолы!»
* * *
Осы батаны берген дөңгелек көзді, ер мінезді әдемі қыз
Айман дипломын алғалы жүргенде, кенеттен бала үстінде қайтыс
болып кетті. Қыршынның соңғы батасы екенін білсемші!