Таланттар



Pdf көрінісі
бет54/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   256
ҚЫЗ ҚАДІРІ НЕДЕН
 
Баяғыда  мектепте  сабақты  нашар  оқыған  бір  қызға  мұғалім 
ағайы: «Сенен адам шықпайды!» – деп, ұрса берсе керек. Әбден 
жанына тиген соң әлгі қыз: «Ой, ағай, жүрген  шығар мен үшін 
біреу  мұрны  шырқылдап  оқып!»  –  депті.  Қазіргі  әйелдің  ауыр 
жүгін  арқалаудан  шаршаған  кездерімде  әлгі  ақылды  қыздың 
сөздері  талай  рет  еске  түсті.  Саусақтарын  сақинаға  толтырып, 
балаларын  айналасына  жиып,  аспай-саспай  қымыз  сапырып 
отырған  баяғы  бәйбішелер  елестейді.  Қазіргі  әйелді  көріп, 
аяймын.  Кішкентай  қол  сөмкесін  тісімен  тістеп,  екі  жағына  екі 
қапшық  көтерген,  автобусқа  тырмыса  мініп,  жүгіре  басып  бара 
жатқан, жүйкесі жұқарған әйелдер – кеңес өкіметінің арқасында 
теңдік  алған  менің  замандастарым.  Майлық-сулыққа  бірдей 
қоңыр-сұрқай киінген, қас-қабағы түйілген, не үйдегі баласының 


100 
 
бабы  жоқ  не  өзінің  жұмыста  берекесі  жоқ  олардың.  «Қорқыт 
дегенде  осылай  қорқыт  деп  пе  едім»,  –  дегендей-ақ,  теңдік 
әпергенде, осылай болар деп пе едік. 
Әйел-анаға теңдік беру  – өскелең де мәдениетті елдерге тән 
мінез.  Шын  теңдіктің  тұтқасы  әлеуметтік  жетілуде  жатыр. 
Баласын  қалай  бағамын,  қалай  киіндіріп-оқытамын  десе  де, 
алдында  мол  мүмкіндігі  бар,  бойын  сылауға,  рухани  өсуге 
жағдайы жеткілікті, қоғамдағы құқы мен беделі жоғары әйел ғана 
шынайы теңдіктің иесі  деуге лайық. Бірде Мәскеудегі Америка 
елшісі  Мэтлоктың  жұбайынан  журналист  күйеуінің  бұл 
қызметтен  кеткен  кезінде  өзінің  немен  айналысатынын 
сұрағанда, жер ортасы жастағы әйел: «Күйеуімнің орнына елші 
болғым келеді», – деп жауап берген. Өзінің 4-5 баласы бар екен. 
Оның үстіне сурет салады, қоғамдық жұмыстармен айналысады. 
Мен  өз  еліміздегі  әйелдердің  жағдайы  тұрғысынан  қарап,  не 
деген күш-қуаты мол, шаршамайтын кісі деп таңғалған едім. Ол 
кезде Америка әйелінің орташа жылдық жалақысы 18 мың доллар  
болатын.    Кеңес  әйелі  ең  көп  дегенде,  үш  мыңның  маңайында 
табыс тапты. Киімі мен тамағы арзан, әр түрлі өрнекті мектептері 
баласын бірінен-бірі асырып тәрбиелеуге дайын, бір өзінің екі-үш 
көлігі  бар  әйелдің  елші  болмақ  түгіл,  ел  басқаруға  ұмтылуы  да 
таң  емес,  әрине.  Тендік  арқасында  біздің  әйелдеріміз  де  жан-
жақты талант көздерін ашып, халқына қадірлі болып жүргендері 
көп. Бірақ олар көтерген екі есе тіршілік жүгі әйелге лайық жүк 
емес.  Сондықтан  да  болар,  кеңес  әйелдерінің  шыдамдылығы 
жөнінде неше түрлі күлкілі әзіл әңгімелер де шыққан. 
Бұрынғы салт-дәстүрден хабары бар жігіттер: «Қыз Жібектей 
қыздарымыз қайда кетті?» – деп күрсінеді. Кең қазақтың елінен 
неге табылмасын, бар ғой Жібектей  қыздарымыз. Бірақ оларды 
кеңес  қоғамы  мен  мектебі  тәрбиелеп  шығарған  жоқ.  Халықтық 
тәрбиеден айырылмаған, бесігін жоғалтпаған ақылды ата-ананың 
еңбегінің  жемісі.  Өкінішке  қарай,  бұл  тәрбие  күннен-күнге 
құрдымға кетіп бара жатты. 
Қоғамдағы адамдардың тәрбиесі сол қоғамның сұранымына, 
кімді құрметтеп, қандай кісіні керек етуіне тікелей байланысты. 


101 
 
Біздің  елде  тракторшы,  экскаваторшы,  қойшы  әйелдер 
құрметтелді.  Әрбір  төртінші  Социалистік  Еңбек  Ері  әйелден 
болды. Кеудесіне орден тағып, ақ қар, көк мұзда қойдың соңына 
салып,  керзі  етік  кигізіп,  алып  трактордың  рөлін  ұстаттық. 
Отбасында  баласын  баққан  әйелге  ескіліктің  сарқыншағындай 
қарадық.  «Бала  тапқанша,  қоғамға  пайдалы  жұмыс  істемейсің 
бе?»  –  деп  кінәлағанды  естіген  кездер  болыпты.  Тіпті  жас 
босанған әйелдер осындай кемсітуден ұялғаннан, баласын емізіп 
жарытпастан, жұмысқа шыққан. Кәйіпші де, араққұмар да, ауру 
да осы ұрпақтан көбейді. 
Қыздарды  мектептен  бастап  ұлдармен  бірдей  жұмыс  қолы 
болуға  баулығанбыз.  Қоғамдық  жұмысты  көп  атқаратын, 
комсомолдық  ұйымды  басқаратын  қыздарды  мадақтадық. 
Олардың тентек ұлдарды желкесінен алып лақтырып жіберетінін 
айтып  қуандық.  Сабаққа  тым  алғыр  болмаса  да,  ибалы,  үй 
шаруасына  бейім  қыздар  елеусіз  болып  келді.  Бірақ  мектеп 
тіршілігінде  мақтаулы  болған  қыздардан  гөрі  әлгі  «елеусіз» 
топтағылар  отбасында  бақыттырақ,  жігіттер  арасында  өтімді. 
Себебі  әлемдегі  әрбір  еркектің  арманы  -  нәзік  әйел  деседі. 
Психологтердің  айтуынша,  еркек  мінезді  әйелден  жігіттер 
қорқатын  көрінеді.  Өздері  қу,  ондай  қыздармен  жора-жолдас 
болып,  жүз  грамды  бөліп  ішіп,  темекіні  бірге  тартқанмен, 
үйленуге  келгенде,  нәзік,  ибалы  қыздарды  іздейді  екен.  Ал 
қоғамдық  тәрбие  көптеген  жылдар  бойы  теңдікті  қыздардың 
жігітпен барлық жағынан теңесуі деген пікір туғызып, әйелдің ең 
бірінші бақыты – отбасы екенін ойлатпай, еркек шора, бақытсыз 
қыздардың  көбеюіне  мұрындық  болды.  Оқу  мен  ғылым  сирек 
таланттың,  табиғи  бейімділіктің  үлесі  екенін  мойындамай, 
шамасы  жетсін-жетпесін,  ұмтылу  дұрыс  көрінді.  Осының 
нәтижесінде  өмірдің  шын  мағынасын  отыздан  асқанда  барып 
түсінген  қыздардың  қайғысын  тілмен  айту  қиын.  Оған  қыздар 
кінәлі  емес,  қоғамның  мінезі  кінәлі,  көзімізді  жұмып,  ырқына 
берілген өзіміз кінәліміз. Өйткені ғасырлар тәжірибесінен өткен 
өмір зандылықтары жасандылықты қабылдамайды. Яғни қолдан 
жасалған қоғамдық баға адамдық бағаға сәйкес келмейді. Содан 


102 
 
уақыттың  талап-тілегіне  қарай  қоғамдық  қызметке  белсенді 
болып өсіп шыққан қыздар қарапайым тіршілік талабына сәйкес 
келмей, алданғандай күйде қалады.  
Әйелдің  ата-анасын  сыйлау,  инабаттылық  дейтін  тамаша 
қасиетіне  ши  жүгіртіп,  дана  табиғаттың  үйлесіміне  зорлықпен 
араласу  кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылдарынан-ақ  басталған 
екен.  Сол  кездегі  «Кедей»,  «Еңбекші  Қазақ»  газеттерінің 
бетіндегі  бүкіл  қазақ  әйелдеріне  үлгі  қылған  үгіт  мақалаларды 
оқи отырып, бүгінгі ұрпақтың қалай қалыптасқанын аңғару  қиын 
емес. 1927 жылғы «Кедей» газетінде былай деп жазылыпты: 
«Қыз болсаң Шұлықтай бол! 
...Шұлық Мұхаметжанқызы  Қожалақ Аққазыұлына тапа-тал 
түсте  кетіп  қалды.  Ағалары  жібермейін  деп  еді,  қыз  өңменінен 
итеріп  тастады.  Қыздың  анық  кететінін  білген  соң,  дүниелерін 
жасырып  алып  қалып  еді,  қыз  күйеуіне  барып  алған  соң,  арыз 
беріп, нәрселерін санап отырып қолына алды». 
Байқасаңыз,  ата-анасын  жылатып,  ата-енесін  ұратын 
келіндерді  осылай  тәрбиелеп  шығарған  екенбіз.  Әйел  теңдігі 
туралы  үстірт  түсініктен  қыз  тәрбиесінде  үлкен  қателіктер 
жіберілді. Сол тәрбиенің жемісін енді көріп отырмыз. Бірін-бірі 
бауырына  басып,  сүттей  ұйыған  абысын-ажындардың  орнына, 
әрқайсысы  қалтасындағы  дипломымен  көкірегін  қаққан, 
маңайын түгел бағындырып ұстауға үйренген келіндер көбейді. 
Атасымен  болса  да,  ыстақан  қағыстырудан  именбейтін,  ұлттық 
психологиядан ада болған әйелдер шықты. 
Енесай  жағында  Краснояр  өлкесінің  солтүстігінде  баяғыдан 
сол жерді мекендеген түріктерден қалған ұрпақ – кет тайпалары 
тұрады.  Қазір  бар  болғаны  мың  адам  ғана  қалған.  Әйел-еркегі 
түгел  арақ  ішіп,  үйінен  шығып,  тіршілік  жасауға  жарамайтын 
халге  жеткен.  Бүкіл  бір  ұрпақ  құрып  кетуге  жақын.  Ал  сан 
ғасырлар  бойы  елдігін  сақтап  келген  ұрпақ  аузына  арақ  алуды 
білмеген  анадан  туған.  Қыздарымыздың  пәлен  мыңының 
күйеусіз  жүруінің  үлкен  бір  себебі  де  кеңес  жылдарында 
ұлтымыздың  азып-тоза  бастауынан  ғой  деймін.  Отбасын 
ұстайтын абзал азаматтардың қатарының ішімдіктің кесірінен өте 


103 
 
төмендеп кетуінен. Қыздың сынына толатын  азаматы азайған ел 
оңа  ма?    Сондықтан  араққа  жиіркенішпен  қарайтын  халге 
жетуіміз  керек.  Жалпы,  әйелдің  қоғамдағы  өз  орнын    дұрыс 
бағдарлай  білуі  және  отбасында  бақытты    болуы    көп 
мәселелердің жолға қойылуына байланысты: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет