Таланттар



Pdf көрінісі
бет56/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

ЖӘКЕҢНІҢ КЕЛІНДЕРІ 
 
Жәкеңнің көзін көріп, қолынан шай берген келіндерінің көбі 
бүгінде жоқ. Олар да атасының ізімен барып, жанына жайланған. 
Бәлки  ол  жақта  да  Жәкесін  жалғызсыратпай,  қасына  жетуге 
асыққан болар. Күлән, Сатиқа, Қызбала, Үмітек, Қантай, Еркетай, 
Шәрия,  Берікбала  (басқа  да  білмегендерім  болса,  аруақтар 
кешірсін). 
 
Күлән апа 
 
Жәкеңнің кенже ұлы Тезекбай атаның жары. Қара шаңырақты 
ұстаған  келіні.  Тілеген,  Тіленді  деген  ағайынды  кісілердің 
Тілегенінің  қызы.  Шешесі  –  Ұмытшақ.  Тілендіден  атақты 
композитор Нұрғиса Тілендиев туған. Кейінгі әкесі Нұрқыдыр үш 
ағайынды  кісілер  болған:  Байқыдыр,  Нұрқыдыр,  Қыдырқожа. 
Қыдырқожа  ата  –  ескілікті  күйлердің  нақышын  есте  ұстаған 
мықты  күйші.  Күлән  апа  алпысқа  таянған  кездердің  өзінде 
жайнаған аялы қара көздері мейіріммен жымиып қана қарайтын 
ажарлы,  сабырлы  кісі  еді.  Жанында  тұрып  сөйлескен  адам 
шуағына  жылынғандай.  Айтсаң,  сенеді,  жайымен  күлімсіреп 
қойып  тыңдайды.  Қайғырсаң,  түсінеді.  Шақырсаң,  қол  үшын 
береді.  Артық  кетсең,  кешіреді.  Үлкен  оқу  оқи  алмаған,  бар 
қолынан келгені осы ғана. Бірақ осынша талантты қайдан алып, 
қандай тәрбиеден шығарды екен деп таңғаласың. 
Өз  балалары:  Бибажар,  Жеңісқан,  Бейбітқан,  Оразқан, 
Салтанатын,  біреуін  абысынының,  біреуін  қайын  апасының 
бауырына  салып  беріп,  бірін  де  қызғанбай,  «Балаң  аман  ба?», 
«Балаң  келіп,  көзайым  болдың  ба?»  –  деп  отырады.  Ал  өзі 
қайныларының, қайнағаларының балаларын кеудесіне басып, ақ 


106 
 
сүтін емізген. «Үлкен үйдің баласымын. Күләннің баласымын», – 
деп  жүрген  кейінгілері  қаншама!  Олардың  атын  атап,  түсін 
түстеп керегі жоқ. Ол құдай – аруаққа жөн болмас. Күлән апаның 
баласы болу – оңай бақыт емес. 
Соғысқа  кеткен  Алғадайдың  екі  баласы:  Таубай  аға  мен 
Қуаныштың екеуі де сол үйде өсіп, қолында үйленіп, беріде отау 
болып бөлініп шыққан. Әсіресе не шеше жоқ, не әке жоқ тұлдыр 
жетім қалған Таубайын үп-үлкен болғанында маңдайынан сипап: 
«Жарығым!»  –  деп  отырады  екен.  Өлерінде  он  баланың  әкесі 
болған  Таубайдың  ақ  самайлы  басын  әлі  кеткен  алақанымен 
сипалап жатып, «Жарығым...» – деген. Сөйтіп, саусағының соңғы 
жылуын  қалдырып  кеткен.  Күлән  апа  туралы  әңгіме  болса, 
Таубай ағаның көз жасы тоқтамайды:  
– Бала күнімде бір ауырған кезім болды. Үшінші ме, төртінші 
ме класта оқимын. Сонда Күлән жеңгем терезенің алдына келіп 
түрады.  Үзіліс  болар-болмастан  жүгіріп  шықсам,  бөтелкеге 
құйған айраны бар, шүберекке түйген  наны бар: «Мынаны жеп 
алшы,  қарағым»,  –  дейді.  Мен  жеп  алам.  Онда  таршылық  кез. 
Жүрегі  қарайып  кетпесін  дейді  екен  ғой.  Өз  балаларының 
аузынан жырып, маған әкеледі...  
Одан әрі қарай Таубай аға тамағына тас кептелгендей сөйлей 
алмайды. Аяусыз қарау мүмкін емес. Қызарған көзін қырық жыл 
трактор  тұтқасын  ұстаған  үлкен  тарамыс  қолдарымен  сүртіп 
тастап, темекі тартады, күрсінеді. Кішкентай күніндегі жетімдігі 
еске  түседі,  өмірдің  түрлі  бұралаңымен  орындалмай  қалған 
армандары, тартылмай қалған домбыра, көкірегінде сөніп қалған 
өлеңдер келеді ойға. Өкінішсіз адам бар ма?.. 
Сөз жалғасын Атагелді аға алады. Ол кісі  – Жәкеңнің үлкен 
ұлы Қожамбердінің баласы: «Күлән атымды атамай, Атан деуші 
еді  мені.  Кейде  бірдемеге  өкпелеп,  ағам  жоқта  айқайлап  ұрсып 
кетсем, ертеңіне: «Шайыңды ішсеңші», – деп отыратын. Осы күні 
неге ұрыстым деп өкінем...» 
Күлән апа күйеуінен ерте  қалып, өзімен өмір бойы бір үйде 
тұрып келе жатқан Берікбала абысынын да «ішсеңші, жесеңші», 


107 
 
– деп қыздай ғып күтіп отырады. Көңілі жарым болмасын деп, бір 
ауыз қатты сөз айтып көрмепті. Бұл күнде ондай кісілер қайда...                                     
Сол    ауылда    Жапа    мен    Жадыраның  Жадырасынан  туған 
Жәкеңнің  туысқан  інісі  Өмірәлі  ақсақал  болған.  Өзі  күйші, 
ақындығы да бар. Бала кезінде орыс арасында жалданып жүріп, 
елге  жігіт  болғанда  келіпті.  Балалайка  тартып,  орысша  өлең 
айтқан сол маңайдағы алғашқы қазақ. Әйелі Қызбала шырайлы, 
өткір,  ақын  қыз  екен.  Өмірәлі  ата  Қызбаламен  айтысып,  жеңіп 
алып келген. Қызбала беріге дейін палуанға түсіп жүрген. Мына 
бір  әңгімені  абысын-ажындары  Еркетай,  Қантай  апалар  айтып 
еді: 
–  Күләннің  келін  боп  түскен  алғашқы  жылдарында  туған 
балалары тұрмай, өле береді. Содан Бибажар туғанда жаңа түскен 
нәрестені Өмірәлінің әйелі Қызбала білдірмей етегіне орап алып 
кетіпті.  Тумаған  кісі  еді.  Сөйтіп,  Күләннің  астына  бір  тауықты 
қоя  салып:  «Міне,  тауық  тудың!»  –  дегенде  қатты  қорқып, 
уайымдап,  неше  күн  теріс  қарап  жатып  алған.  Бір  күні  Жәкең 
қасына  келіп:  «Қарағым,  басыңды  көтер,  адам  қыз  туғанға  да 
ренжи  ме  екен?»  –  депті.  Жәкең  қатындардың  макинатсиясын 
білмеген  ғой.  Сонда  барып  Күлән  сұрастырып,  түсініп,  басын 
көтереді.  Қызбала  шаранасынан  етегіне  орап  алған  қызы 
Бибажарды өзі бағып өсірген. Күләннің содан кейінгі балалары 
тірі. Қайран Күлән, өте кең кісі еді. 
Күлән апа өлерінде: «Жаңа үйге көшкенімде ата-бабамыздан 
келе  жатқан  қара  қазаным  сынып  қалды,  енді  менің  жайым 
болмас», – деп, жатқаннан-ақ мойынсұнған. Өмірге мейіріммен 
келіп,  мейіріммен  ғана  моп-момақан  мөлдіреп  жатып  өмірден 
өтті.  Жан  шыдатпас  аурудың  азабын,  ақ  өлімді  мұншалықты 
сабырмен  қарсы  алған,  тастан  берік,  шыдамды  адамды  сирек 
көресің.  «Абысындарымның  қазанын  қайнатысқаннан  басқа  не 
тындырдым дейсің», – дегендей, күлімсіреп жатып жөнеп кеткен. 
Не  тындырғанын  қай  таразыға  салып  өлшерсің,  әйтеуір  ол  кісі 
өмірден  өтті  дегенді  есітіп,  қарақұрым  адам  қаптап  кетті.  Сол 
шаңырақтан  алтын  құйсаң  да  орнына  келмейтін  асыл  Жәкең 


108 
 
кеткеннен кейінгі қалың елдің қабырғасын қайыстырған өлім осы 
болды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет