Таланттар



Pdf көрінісі
бет62/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 
КӨРІПКЕЛ 
 
Студенттер  ел  ішінен  естігенін  көзбен  көргендей,  қолмен 
қойғандай ғып айтады. Барлық сұрағына жауап беріп, бар күдігін 
сейілтуге  тиісті  сияқтысың.  Олардың  білгенінен  артығырақ 
білмесең, олардың көргенінен көбірек көрмесең, несіне мұғалім 
боласың.  Осындай  намысты  қамшылауымен  нақты  сабақтың 
шеңберінен  шығып,  әр  түрлі  ізденіске  баруға  тура  келеді.  80 
жылдардың  бас  кезінде  небір  көріпкел  әулиені  «білем»  деген 
студенттер  көбейіп  кетті.  Шәкірттің  көріп-білгені  жайына 
сырттай  тон  пішіп,  жоққа  шығара  салу  оңай,  бірақ  одан  кейін 
қадіріміз бола ма? 
Бір  күні  Алматының  ішінен  көріпкел  әйел  шықты  дегенге, 
іздеп бардым. Жасырын қабылдайтын кез. Студенттің бірі көріп 
қалса,  «апайымыз  бал  аштырып  жүр»  деп  ойлай  ма  деген 
қорқыныш мықты. Балгерді көзбен көру аңсары одан да мықты 
болды.  Мұғалімнң  жүріс-тұрысы  мен  киген  киімі  қызметінің 
анығын өзінен бұрын білдіріп қоятын бір пәлесі бар еді, базарға 
шыққан әйелдей болуға тырыстым. 
Есікті бір кемпір ашты. Біраз тергеуші сұрақтан кейін, алдын-
ала  жазылмай,  адам  келмейтінін  айтып,  жолатқысы  келмеді. 
Ақыры, көрмей кеткім келмей тұрған ыңғайымды білген соң, ар 
жақтағы әйел даусынан рұқсат сұрап, кіргізді-ау. Кішкентай шай 
кесенің  ортан  беліне  кофе  құйып  әкеліп,  ішуді  міндеттеді. 
Жылаған жас баланың, ас үй жақтан телефонмен сөйлескен әйел 
даусы естіліп жатыр. Кемпір 2-3 айлық баланы жөргектеп, біресе 
ас  үйдегі  әйелге  апарып,  қайта  алып  кетіп  тербетіп,  әйтеуір, 
біраздан соң басылды. Екі бойжеткен қыз кіріп сөйлесіп, олар да 


123 
 
күтуге отырды. Таныс біреу кіріп келе ме деп, менде зәре жоқ. Бір 
кезде ас үйге қарай шақырды. 
Үстел  басында  өзім  қатарлы  көк  көз,  толық  келіншек  отыр. 
Иығы ашық, батыл пішіп тігілген ірі гүлді көйлек киген. Бетіме 
көп  қараған  жоқ,  кесенің  түбіндегі  кофенің  қалдығын  шайқап 
қойып сөйлеп кетті: 
–  Үш балаң бар екен, рас па? 
–  Рас, – дедім мен. 
–    Біреуі  сізден  бөлек  тұр  ғой,  әлде  кемпір-шалға  берген  бе 
едіңіз? 
– Жоқ, бірге. 
–  Олай  болса,  түбі  сізден  алыстау  жерде  тұрады  екен. 
Қорықпаңыз, аман, өмірі ұзақ. 
– Әкеңіз ертерек өледі екен (Әкем алдында қайтыс болған). 
Шешеңіз көп жасайды. 
Біраз сөйлеп болғаннан кейін: 
– Сұрағыңыз бар ма? – деді. 
– Өзім туралы не айтасыз? 
–  Сіз  өнерге  жақын  адамсыз.  Қызметіңізді  анық  айта 
алмаймын, бірақ өнердің маңайында... 
Кішкене әңгіме-дүкеннен кейін балгерліктің жайына көштік. 
Сондағы айтқаны: 
«Маскүнем күйеуімнен бір баламен ажырасып, екі баласы бар 
кісіге  тұрмысқа  шыққан  едім.  Сөйтіп  жүргенде  екінші  күйеуім 
бір апаттан қаза тауып, төрт баламен жалғыз қалдым. Қайғыдан 
ауырып есеңгірегенде, үйдегі заттар қозғзлып, көшіп жүргендей 
көрінетін.  Көп  ауырып,  содан  кейін  көріпкелдік  пайда  болды. 
Қазіргі  үшінші  күйеуім,  одан  кішкентай  балам  бар.  Ол  кісі 
мұнымен айналысқанымды жақтырмайды. 
– Кісінің тағдырын айтқанда, белгісіз бір дауыстың әмірімен 
айтасыз ба, әлде көзге елестей ме? 
– Кесенің түбіне  шөккен кофенің ұнтағынан көремін. 
– Ауруды емдей аласыз ба? 
–  Қорыққан  баланы  емдеймін.  Жапон  аппараты  алақанымда 
биологиялық жылу күшті деп тапты. 


124 
 
Бұл тірі балгерді көзіммен бірінші көруім болды. Алақандағы 
жылудың  адам  емдеуге  қатысы  барын  түсінгеннен  кейін, 
емшіліктің төркіні алдауда емес, ғылыми тиянағы бар сыр екеніне 
кез жетті. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет