Таланттар



Pdf көрінісі
бет58/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

Берікбала апа 
 
Жәкеңнің  Ізтілеу  деген  баласының  әйелі.  Көзімен  көрген 
Атагелді, Таубай ағалар айтады: 
–  Ізтілеу  күйді  сұңқылдатып  ерекше  тартушы  еді.  Түнде 
тойдан  қайтқан  кезінде  көшенің  арғы  басынан  үйге  жеткенше, 
домбырасын шертіп, ұрып келе жатқанда, бүкіл ауылға естілетін. 
Өстіп  тартқанды  Тезекбай  ағадан  көрдік.  Кейде  түннің  бір 
уағында  ояна  кетсем,  тесегінде  шалқасынан  домбыраны 
сылқылдатып тартып жатады. Осылайша сылқылдатқанды басқа 
ешкімнен естіген емеспін. 
Ізтілеу ата соғыстың алғашқы кезінде кетіп, қаза тапқан. Онда 
Берікбала апаның жиырмадан жаңа ғана асқан кезі. Жар қызығын 
көріп, үбірлі-шүбірлі болып үлгірместен қала берген. 
Бұл  күнде  толық,  дөңгелек  жүзді,  бидай  өңді,  салиқалы  ана 
болған.  Аяғын  сабырмен  басып,  кісіге  тура  қарағанында, 
мінезінде  бір  қайраттылық  аңғарылғандай.  Қандай  бір  жүрек 
тебірентерлік  әңгімені  айтқанда  да,  көзіне  жас  алмайды, 
боркеміктеніп  егілмейді.  Небір  қиындықтарда  жанының  дірілін 
ішке бүгіп, сыртқа сабырлы салқын қалпын бірыңғай сақтайтын 
ер мінезділік бар.  
Бір көргенімде Берікбала апа бала сүйрейтін арбаға кішкентай 
тәмпиген сары қызды салып алыпты: «Салтанат пен Сандуғаштан 


110 
 
кейін ешқайсысына селт етпеуші едім, суық едім, осы бір қызға 
елжіредім  де  қалдым,  білмеймін  неден  екенін»,  –  деп,  еңкейіп 
баланы қолына алды, кеудесіне басты: «Мен өлсем, жылайды ғой 
осы  қыз  Салтанат  пен  Сандуғашқа  қосылып».  Осыны  айтып, 
бидай  өңіне  шырай  кіріп,  күлді.  «Шешесінің»  мойнынан 
құшақтаған  сары  қыз  иығына  басын  салып,  көзінің  қиығымен 
сығалап қарап қояды. Қыз бала  сезімтал ғой, сөздің мағынасын 
ұқпаса да, жүректің жылуын сезіп тұрған болар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет