Таланттар


КЕРЕМЕТ ПЕН КӨЗБАЙЛАУДЫҢ АЙЫРМАСЫ



Pdf көрінісі
бет61/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   256
КЕРЕМЕТ ПЕН КӨЗБАЙЛАУДЫҢ АЙЫРМАСЫ 
НЕДЕ? 
 
Осы  сұрақты  қойған  Берікбай  Сағындықов  деген  кісі  қара 
суды  шын  қайнататын  керемет  бақсылардың  казақ  ішінде 
болғандығын  дәлелдеп  отырады.  Ал  көз  байлаушы  қайнаған 
сияқты  ғана  қылып  көрсетеді  екен.  Бақсылық  пен  әулиелік  те 
қазақтың  бір  қасиетті  дәстүрі  ғой.  Арқалы  бақсыларды  өз 
көзіммен  көре  алғаным  жоқ,  бірақ  естіген-білгендерім  бар  еді. 
Әкемнен естіген әңгімеде: 
«Баяғыда  бір  әйелдің  баласы  жоғалады.  Көп  жыл  өтсе  де 
баласы  табылмаған  ана  бір  күні  базарға  келіп  тұрған  әулиенің 
алдына барып құлайды. 
–  Қоңыр  әулие,  баламды  тауып  бер.  Әйтпесе  осы  жерден 
тұрмаймын  дейді.  Қиналғаннан  Қоңыр  әулиенің  өзі  де,  аты  да 
қара суға түскен екен дейді. Біраздан соң: 


120 
 
–  Ойпырмай,  кейуана,  қинадың  ғой.  Базардың  ана  шетіне 
барып  қарашы,  –  депті.  Кейуана  барып  қараса,  жігіт  болған 
баласы ат сатып жүр екен. Ұрлыққа айналған ғой». 
«Әзірет сұлтанның шырақшысы әулие кісі екен. Бір күндері 
балаға  зарыққан  ерлі-зайыпты  екеуі  келіп,  Әзірет  сұлтанға  үш 
күн түнепті. Үш күнінде де ешбір аян бермей, үшінші күні екеуі 
еңірегенде  етегі  жасқа  толып  жылапты.  Байғұстардың 
қиналғанына  шыдай  алмаған  шырақшы  екі  көзі  қып-қызыл 
болып,  қолын  қойнына  салып  жіберіп:  «Құдай  бермесе,  мен 
бердім,  мә!»  –  деп  лақтырғанда,  баланың  аяғы  көрінген  екен 
дейді». 
Жамбыл  атаның  аулында  тұратын  Сансызбай  деген  кісінің 
айтуынша,  сол  маңайда  арқалы  екі  бақсы  болған:  Асыл  мен 
Шойынжан. 
Асыл  мен  Жамбыл  ата  құрдас  екен.  Екеуі  Іленің  ар  жағына 
барып,  бір  ай-екі  ай  жүріп  келе  жатады.  Қаскелеңнің  ар 
жағындағы  Тереңөзекке  келгенде  Жәкең:  «Сені  жұрт  баксы-
бақсы  дейді.  Жолдан  іш  пысып  келеді.  Әңгімелесетін  қыз-
мыздарың болса, әкелсеңші, кереметіңді көрейін», – депті. Асыл 
бақсы күліп келе жатып бір кезде: «Ал, Жамбыл, артыңа қара!» – 
дейді.  Қараса,  шашы  жалбыраған,  түрі  жаман  бір  кемпірді 
мінгестіріп қойыпты. Жәкең атына қамшыны басып жіберіп, «Әй, 
аруағыңнан айналайын, әкет мына бәлеңді!» деген екен. 
Сансызбай ата Шойынжанның кереметін көзімен көріпті: 
«Елу-алпыс  кісі  қырман  тазалаймыз.  Ауданнан  өкіл  жүр. 
Жәкеңнің баласы  Сатыш келді де, Шойынжанға айтты: 
– Жаңа кәнтөрдің түбінде қалды ма, үйде қалды ма – шақшам 
жоқ, бір атым насыбай берші, – деді. Шойынжан бермеді. Сатыш 
Кірқабаққа барды: 
– Ертең мені айдап кетсе де, үйге барам, шақшамды әкелемін. 
Әйтпесе  мына  Шойынжаннан  бір  атым  насыбай  әпер,  –  деді. 
Кірқабақ: 
–  Әй,  Шөке,  біреуміз  кетіп  қалсақ,  өкіл  құртады  ғой,  бер 
насыбайды, мен төлейін, – деді. – Бермесең, баяғыда бір бақсы 


121 
 
Іленің  ар  жағындағы  ауылды  бер  жаққа  көшіріпті.  Біздің 
замандағы бақсы да, жақсы де сенсің, насыбайды әкеп бер. 
Шойынжан: 
– Не бересің, әкеп берсем? 
– Қара ала қабыңмен бір қап бидай беремін. 
– Сатыш, сен не бересің? 
– Мен мына пәлтемді беремін. 
Менің  бір  жаман  ақ  қалпағым  бер  еді,  төбесі  тозып  қалған. 
Шойынжан  басымнан  жұлып  алды.  Ортасын  бүктеп,  із  салып, 
қолыма берді: 
–  Қырманның  күнбатыс  жағына  апар  да,  мына  жарығын 
күнбатысқа қаратып, қойып кел, – деді. 
Қалпағымды  бидайдың шетіне апарып қойып келдім. Содан 
соң Шойынжан: 
– Пәленше, Түгенше, уа Пәленше, сен өтірік айтпаушы едің 
ғой; сен айтшы, – деп, 3-4 кісінің атын айтып шақыра бастады. 
Бір  уақытта  өзін-өзі  шапалақпен  шарт  дегізгенде,  нақ  маған 
тигендей болды. Көзімді жұмып қалдым. Сатыш, Кірқабақ, мен, 
Нүсіпбек – бәріміз тұрмыз. Сосын тағы белгісіз біреуге: 
– Әй, сен айтшы, анау пәленше жұртқа қарабет  қылады, сен 
айтшы, – деді. 
Бір уақытта көкірегін ұрды кеп. Зіркілдеп кетті. 
–  Рас па, рас па? Рас, рас! – дейді өзіне-өзі. 
– Шын ба? Шын, шын. Сансызбай, бар да,  қалпақты әкел, – 
деді. 
Қалпаққа  барсам,  құдая  құдауанда,  шүйтешке  шақша  екен, 
аузына  қағаз  тығыпты.  Бағыты  –  күнбатыста,  су-су  болған. 
Әкеліп, қолына бердім. 
Ертесіне дәу қара ала қапты толтырып, аузын будық. Үш кісі 
көтеріп,  есектің  үстіне  салдық.  Шойынжан  жайдақ  мініп, 
бидайды өңгеріп кетті». 
Екінші бір көргенім: 
«Қырмандамыз.  Көжеміздің  қатығы  жоқ.  Үшінші  бригадаға 
алты серкені әкеліп, үшеуін сойыпты. Үшеуі байлаулы тұр екен. 
Соны  бізге  әкеліп  беруге  адам  табылмапты.  Біргәдір:  «Әкеліп 


122 
 
бере алмаймыз, өздерің алыңдар», – деді. Шойынжан ашуланып: 
«Өзім-ақ  әкеліп  аламын»,  –  деді.  Біргәдір  кетті,  біз  шулап  қала 
бердік.  Бір  уақытта:  үш  серке,  қара  арқаны  мойнында,  шұбап 
тұсымыздан  кетіп  барады.  Жүгіріп  барып  айдап  әкеліп,  сойып 
алдық. Міне, осыны көрдім».                                      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет