Таланттар



Pdf көрінісі
бет79/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДӘПТЕРІНЕН 
 
Шығармашылық дәптеріне ойға келген тұжырым, ұнаған 
пікір болса, жазып отырамын. Қайталап оқып қойғанның көп 
пайдасы бар. Енді осы бір өзім үшін жазылған дәптердің кей 
тұстарын қызыққан кісінің бір қажетіне жарап қалар деген 
ақ ниетпен көпшілік назарына ұсынамын. 
 
Әр  шәкірттің  өз  мінезіне  қарай  бабын  таба  алмасақ,  онда 
мұғалім емес, сабақ беруші ғана болып қаламыз.   
   
*** 
Шәкіртін  сыйламайтын  мұғалім  ғана  онымен  дауласып, 
ұрысуға  барады.  «Сыйлы  боламын  десең,  сыйлай  біл»  деген 
мақал мұғалімге де арналған. 
*** 
Жан  дүниесін  білмеген  адам  мұғалім  бола  алмайды. 
Мұғалімде  тәуіптің  көзі,  ақынның  жүрегі,  суретшінің  қиялы 
болсашы. 
*** 
Сабақтардың сабағы – әдебиет пен тіл. 
 
*** 
Жазушы мен мұғалім бірігіп, оқушының жан дүниесін жасап 
шығарады. 
 
*** 


168 
 
Әдебиет  сабағының  жаны  –  тапқырлық  (импровизация). 
Әдебиетшінің  сабағы  жоспардан  емес,  Сөзден  басталса  керек. 
Әлем - жаратылыстың өзі Сөзден басталған. 
 
*** 
Шәкірттің өз пікіріммен келіспегеніне қуанамын. Ол өз ойын 
дәлелдеуге  тырысса,  пікірін  қысылмай  жеткізе  алса,  сабақтың 
жетістігі – сол.  
 
*** 
Сабақтағы  ақпараттық  әдістің  күні  еткен.  Шәкіртке  болған 
жайдың  жиынтығын  айтып  берумен  қанағаттанбай,  білімді 
қайдан,  қалай  тауып  алатынын  ұқтырып,  өмірлік  мәселелерге 
көзқарасын қалыптастыру керек болады. 
 
*** 
Бір  мұғалімнің  тапқан  жақсы  тәсілін  сол  қалпында  үйреніп, 
іске  асыруды  мақсат  етуге  болмайды.  Себебі  ол  тәсілді  тапқан 
кісінің жеке қасиеті де керек. 
 
*** 
Нағыз  мұғалімнің  еңбегі  –  суреткердің  еңбегі  сияқты 
шығармашылық еңбек. 
 
*** 
Бір  тәсілді  түрлі  жағдайда,  түрлі  кеңістікте  қолдана  беруге 
болады.  Мысалы,  Қазақстан  тарихын  бала  бақшада,  мектепте, 
жоғарғы  мектепте  де  оқытуға  болады.  Бірақ  әрқайсының  өз 
кеңістігі бар. 
Ең  жақсы  өткен  сабақтың  қай  жерден,  қалай  аяқталатынын 
күні  бұрын  білмейсің.  Бұл  сабақты  шәкірт  пен  ұстаздың 
бірлескен  ізденісі  деуге  болады.  Сабақтың  барлық  жағдайын 
алдын  ала  жоспарлап  қою  шәкірттің  еркіндігіне  шідер  салумен 
бірдей. 
 


169 
 
*** 
Шәкіртке «екі» қою арқылы тәрбиелеуге болмайды. «Екілік» 
– өзіңе қойған бағаң. Өзіне талап қоюға  ерінген мұғалім балаға 
талап қойғыш болады. 
 
*** 
Баланы тәртіп бұзғаны үшін ұрсудан бұрын, сол сәттегі көңіл-
күйі қандай, талап-тілегі не екенін байқашы. 
–  Христианды  қиналған  сәтінде  шіркеудің  пасторымен 
сөйлесуге ынтық қылатын не нәрсе? 
– Пастордың әр адамды түсініп тыңдай білуінде. Еш нәрсеге 
таңғалмайды, кінәламайды, сыр шашпайды. 
–  Мұсылманды мешітке ынтызар қылған не нәрсе? 
–  Жан  баласына  айтпаған  сырын  кешірімді  құдай  алдында 
ақтарып,  іштей  тілдесе  алатындығында.  Кешірім  өтініп, 
жақсылықтан үміт қылып, бойы жеңілдейтіндігінде. 
Шіркеу мен мешіт адамның жан дүние тепе-теңдігін сақтауға 
көмектесетін  орын  болып  келген.  Мектепте  шәкірттің  жанын 
қинаған сырын сеніп айта алатын адамы мұғалімі болса, қандай 
жақсы болар еді. 
 
*** 
Шәкірттің сеніп айтқан сырын сыртқа шашпа, бетіне баспа. 
 
*** 
Тәрбие адамшылыққа құрылуы керек. Адамшылық негіздері 
қай қоғамда да өзгермейді, ешбір саясатқа тәуелсіз. 
 
*** 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет