Таланттар



Pdf көрінісі
бет75/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

АРМАН  – САБАҚ 
 
Өзіме ең бір ұнайтыны – лабораториялык сабақ. Шағын ғана 
белмеде  10-12  студент  пен  оқытушы  отырады.  Лупамен 
қарағандай,  бір-бірімізге  іріленіп  көрінеміз.  Дауыс,  түр  әлпеті 
өзгеше  бір  салтанатты  жағдайға,  адамдық  қалыпқа  ауысады. 
Мұнда  айқайлаған  жалпы  сөзден  гөрі  жүректен  шыққан  жай 
дауыс  әсерлі.  Бір-бірімізді  енді  аңғарғандай  болып,  сөйлей 
отырып,  көзімізге  үңілеміз.  Айналадағы  сынық  орындық,  суық 
бөлме естен шығып кетеді. Ал, жалпы, Сиявуштың арман қаласы 
секілді  болашақтың  арман  –  сабақтарын    аңсаймын.  Онда  он 
шақты  адамға  арналған,  әр  ұстаздың  студентпен  бетпе-бет 
сөйлесетін шағын бөлмесі болмақ. Әдемі дөңгелек стол, жұмсақ 
орындықтар. Мұғалім мен студент арасында суық арақашықтық 
жоқ. Ұядай жылылық бар. Балалар кіріп келгенде, олар білмейтін 
бір  қызық  кітаптарым  жаюлы,  тапсырмаларым  дайын,  өзім  бір 
ертегінің  кейіпкеріндей,  аса  шабытпен  күтіп  отырсам. 
Шәкірттерім мені көргенше, мен оларды көргенше асықсақ... 
Тезірек болшы, арман – сабақ. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет