Таланттар


Бірде ұстазым  профессор  Бейсембай Кенжебаев айтты



Pdf көрінісі
бет81/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   256
Бірде ұстазым  профессор  Бейсембай Кенжебаев айтты: 
«Әдебиетте біздің алдымызда небір ұлылар болып еді ғой. Біз 
– солардың қалған нашарымыз». 
 
*** 
Мағжан Жұмабаев «Педагогикасынан»: 
«Біреуді  біреу  аяп,  қайғысына  ортақтасқандай,  қуанышына 
ортақтаспайды.  Біреудің  қуанышына  ортақтасу  орнына 
күншілдік  пайда  болады.  Бұл  –  жалпы  адамзаттың  бір  төмен, 
өнімсіз мінезі. Бір ғалым айтыпты: «Қайғыға ортақтасу үшін адам 
болу  жетеді.  Қуанышқа  ортақтасу  үшін  періште  болу  керек»  – 
деп. 
Кейбір  адамдардың  жаны  өмір  бойы  бір  күйде  болады. 
Мысалы, туғаннан бері тарлық, кемдік, жоқтық, науқас көрмеген 
адам  ылғи  қуанышты,  шат  болады.  Өмір  бойы  кемдік,  тарлық 
көрген қуқанжыға адам жадырауды білмейтін болады». 
 
*** 
 
Қазіргі  «Монтессори  педагогикасы»  деп  жүрген  тәрбиенің 
негізін  қазақ  топырағында  алғаш  ойластырған  адам  Мағжан 
болар. Мына сөздеріне назар аударайық: 


172 
 
«Ойын  –  баланың  өз  ісі.  Баланың  ойынына  кірісуші  болма. 
Баланы бір нәрсені бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болу 
керек,  бақылау  деген  сөз  –  қарауылда  тұрған  солдаттай 
қабағыңды  түйіп  қарап  тұр  деген  сөз  емес,  олай  тұрсаң,  бала 
ойынына кірісуші болма». 
«Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы - 
қазақ  баласы  қиял  құмар  болуға  тиіс.  Яғни  ол  әдебиет,  тарих 
сықылды қиялды көп керек қылатын ғылымдарға ұмтылуы тиіс. 
Ал  енді  орыс  школасында  оқыған  қазақ  баласының 
математикашыл  болуы:  әдебиет,  тарих  сықылды  ғылымдарды 
сөйлеуге,  жазуға  орыстың  тілін  білмеген  соң,  қазақ  баласы  тіл 
керек қылмайтын есепті айналдырмағанда қайтсін». 
 
*** 
Бізде мылқау тәрбиеге жататын тақырыптар бар: Эротика, рок 
музыка. «Мына пәлекетті әрі тарт!» – деп, көзімізді көлегейлесек, 
оны  жастар  көрмей  ме?  Жастың  өміріне  қатысты  нәрсенің 
ешқайсын  назардан  тыс  қалдыруымыз  жөн  емес.  Оны  әңгіме 
қылудан  қашу  бұл  мәселеге  жауапты  ұлт  жан  жүйесіне  жат, 
батыстық ақпараттан іздеуге мәжбүр етеді. 
Шәкірттің  сеніміне  кіру  қиын.  Ол  үшін  шәкіртке  әуелі  өзің 
сенуің керек болады. 
 
*** 
Үзілісте студенттері қоршап, жібергісі келмей, соңынан еріп 
жүріп сөйлесетін мұғалімге қызығамын. 
 
*** 
Ежелгі гректер даналыққа ұмтылу таңғалудан басталады деп 
есептеген. 
 
*** 
 
Мұғалімнің бақыты да – балада, күйініші де – балада. 
 


173 
 
*** 
Баланың  қайғысы  мұғалімнің  жақсы  оқитын  және  жаман 
оқитын  бала  деп  бөлуінен  басталады.  Осыдан  кейін  баланың 
рухани дүниесі тек бағамен өлшенеді. 
 
*** 
Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды. 
 
*** 
Өзі білетін адам ғана басқаны білдіре алады. 
 
*** 
Оқушының кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің. 
 
*** 
Құр  әдістеме  папкасын  толтырып  қойғаннан  оқушының 
жағдайы  жақсармайды.  Ол  –  тек  қарабайыр  тексерушінің 
алдындағы қарабайыр қорғаныс құралы. 
 
*** 
Мектеп те әлеуметтік ағзаның бір бөлшегі ретінде, қоғамдағы 
билік пен бағыныштылық қарым-қатынасын қайталайды. 
 
*** 
Педагогиканы өрістетпейтін нәрсе: «Анау керек емес, мынау 
керек емес» дейтін шектеу. Керегі: Ізденіс, ізденіс. 
 
*** 
Қазақ баласы ұлттық тәрбиеден ең алдымен мына қасиеттерді 
сіңірсе: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет