Таланттар



Pdf көрінісі
бет78/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   256
ЕГЕР МЕН МҰҒАЛІМ БОЛСАМ... 
 


164 
 
Менің  жүрегімнен  ұмытылмастай  орын  алған  бір  топтың 
студенттері болды. Олар оқуға 1984 жылы түсті. Әуелі бір жыл 
дайындық бөлімінде оқыдық. Неше жыл еңбек істеген, әскерден 
келгендер еді. Келесі жылы бірінші курсқа сол тобымызбен өтіп
оқуды жалғастырдық. Талай қызықты күндеріміз бірге өтті. Мен 
оларды тәрбиеледім десем, олар мені тәрбиеледі. Өсу мектебінен 
бірге өттік. 
Бітіруге жақындағанда: «Шіркін, бәріміз бір мектепке барып, 
бірге  қызмет  істер  ме  едік»,  –  деп  армандаушы  едік.  Өмірді 
болжап  бола  ма,  мүмкін  бір  кезде  ол  арманымыз  да  іске  асып 
кетер. Суреттеріне сағынып қараймын. Міне, Қосай, Рухат – Әсем 
(екеуі үйленген), Зоя, Қалдыгүл, екі Айсұлу, Сара, Әсия, Азамат 
(күрд қызы), Ербақыт, Аманжол, Зәмзәгүл – үшеуі Мұңғұлиядан, 
Дүйсенкүл,  Роза,  Рабиға,  Нағима,  Қуаныш...  Жақында  Ербақыт 
келіпті.  Үйленген.  Келіншегі  мен  сүп-сүйкімді  баласының 
суретін  көрсетеді.  Айсұлу  қызымнан  аңқылдаған  хаттар  келеді. 
Өзі ауылындағы мықты мұғалім. Онсыз бір кешіміз өтпеуші еді. 
Қосай  келіп  кетті,  қазір  институтта  мұғалім.  Қалдыгүл, 
Дүйсенкүлдер  де  институтта  мұғалім.  Қандай  да  бір 
отырысымызды  ішімдіксіз  өткізуді  үрдіс  қылып  едік.  Өмір 
толқыны өзгертіп жібермеді ме екен? 
Студенттерім жазып берген «Егер мен мұғалім болсам» деген 
шағын шығармаларын парақтаймын: 
«Шәкіртіне өзін сыйлата алса, өзі де олармен сыйласа білсе, 
ұстаздың ең жақсы қасиеті осы деп білемін». 
«Болашақ шәкірттеріме жан-жақты білімді, қарым-қатынаста 
қарапайым адам болып көрінгім келеді. Класс жетекші болғанда
шәкіртімнің жүрегінен жол таба алсам деп ойлаймын». 
«Бес  жыл  студенттік  өмірде  көп  нәрселерді  үйрендік. 
Солардың  өзіме  ұнағанының  бәрін  жалғастырғым-ақ  келеді. 
Бірақ талабымыз таудай болғанмен, іскерлігіміз жетіспеуі мүмкін 
ғой. Қазір бәрін төңкеріп тастайтын сияқты болып тұрмыз». 
«Лекцияны  қағазға  қарап  емес,  адамның  көзіне  қарап 
оқысам». 


165 
 
«Әр  оқушының  жан  дүниесін  біліп  алуға  тырысамын.  Жеке 
жұмыстар тапсырғанда жазып келуді міндеттемеймін. Ауызша өз 
пікірін айтқызамын». 
«Болашақта  оқушылардың  сабағыма  бар  ынта-жігерімен 
қатысатындай  болуын  армандаймын.  Оқушының  кемшілігінен 
гөрі жетістігін көбірек байқауға тырысамын». 
«Кейбір мұғалімдер көзге түскен бір-екі шәкіртін пір тұтып, 
оның  жанындағылар  көлеңкеде  қалып  қояды.  Осыны 
болдырмасам деймін». 
«Біз  де  енді  бес  минуттан  кейін  ұстаз  болмақшымыз. 
Сабырлы,  байыпты,  бір-екі  ауыз  сөзбен  оқушының  тілін  таба 
білетін болсам. Оқушыларыммен сабақ жөнінде ғана емес, басқа 
жағдайларда да тығыз байланыста болсам». 
«Кейбір сабақтан, шынымызды айтсақ, жалығып кетеміз. Ал 
болашақ оқушыларым бір күн сабақтан қалса, «қандай қызықтан 
құр қалдым екен?» деп отырса». 
«Кей мұғалімнің бір бала нашар болып көзге түсіп қалса, әрі 
қарай баса беретіні жаман. Қайта көтермелеп отырса ғой, сонда 
ол ұмтылуға тысысар еді». 
«Мектепке 
барған  соң,  балалардың  сабақтан  тыс 
жұмыстарына көп көңіл бөлер едім. Оқушылармен бірге театрға
концертке барып, қызықтарын бөлісу олардың көңілін өсіреді деп 
ойлаймын». 
«Оқушының бойындағы жылт еткен жақсы  қасиетін байқап, 
дамытып  отырсам.  Талапты  тым  жұмсатып  жіберуге  де 
болмайды. Оқушының бәрі бірдей емес, талап қойып отырмаса, 
жалқауланып кетеді». 
«Ұстаздың ең үлкен ерлігі барлық оқушыны өз сабағына тарта 
білуінде деп ойлаймын». 
«Сабақты  өмірмен  байланыстыра  айтқан  ұнайды.  Оқушыны 
«сіз» деп сыйлай сөйлеу керек». 
«Оқушым  сабақта  отырғанын  сезбей,  айтқан  әңгімем 
кинодағыдай әсер етсе».  
«Әр гүлдің өз түрі бар, өзінше жайнайды, әр құстың өз үні бар, 
өзінше сайрайды» дегендей, әр оқушыны тани алсам». 


166 
 
«Оқушыға  үнемі  ұрсып,  кемшілігін  бетіне  басып, 
«айтқанымнан  шықпасын»  деп  зекудің,  шәкіртке  теріс  тәрбие 
беретінін ескеру керек. Көп сөйлемейтін оқушыға да басқалармен 
бірдей  тапсырма  беріп,  көмектесу  шәкіртті  тани  білуге 
көмектеседі. Жалпы, ұстаз болу оңай емес». 
«Ұстаздың  өзін-өзі  ұстауы,  сөйлеу  мәнері  шәкірт  көңілінде 
жатталып  қалады.  Менің  ойымша,  ұстаз  білімді  әрі  мейірімді, 
қарапайым болғаны жөн. 
«Мұғалім жоқтан өзгеге ашуланшақ емес, шәкірттерін өзімен 
тең  ұстап,  ашық  сөйлесетін  адам  болуы  керек.  Қатал  мұғалімді 
қорқып қана сыйлайсың, ал жаны кең, мейірімді мұғалімді шын 
жақсы көресің». 
Студенттеріміздің осы арманы орындалды ма екен? Қызметке 
кірісіп кеткендеріне де көп жыл болды. Бұл сұрақтың жауабын өз 
шәкірттері туралы жазған еңбектерінен оқығым келеді. 
Жуықта баяғы бала күнгі ұстазым Жүнісқызы Ұлтай апай хат 
жазып  жіберіпті.  Өзі  пенсияға  шықса  да,  жан-жүрегімен  мәңгі 
мұғалім болып калған апайым: 
«Қазақ 
әдебиетінде»  Әбділда  Тәжібаевтың  өлеңдері 
жарияланған  екен.  Әсіресе  «Мұғалім»  деген  өлеңін  оқып, 
таңғалдым. Бұл кісі қалай мұғалімнің сырын анық білген? Өлең 
жолдарын қайта-қайта оқи бердім. 
Мен  мектепте  оқып  жүргенімде  ұстаз  болуды  аңсап  едім, 
арманыма  жеттім.  Көп  жыл  өтсе  де,  мұғалім  көңілі  жас  болып 
қала береді. Көшеде келе жатып, көзіміз алдымен балаға түседі. 
Ол  жылап  тұрған  болса,  «неге  жылады  екен?»  деп,  жанымыз 
ашып, әр түрлі ойға кетеміз. 
Кейде алдымыздан әлдеқашан өтіп кеткен шәкірттерімді еске 
алып, сағынамын. Олардың тағдыры өз балаларымнан кем әсер 
етпейді.  Ал  соның  ішінде  де  ұстаз  көңіліне  өте  жақындары 
болады. Ұстаз ол оқушысын үнемі ойлайды.                                                                  
Бүгін сабақ бітті. Ол бала үйіне кетті. Ертең сол баланы қайта 
айналып көргенше, ұстаз көңілі тағат таппай, сол уақытқа әрең 
жетеді. Класқа келгенде, ол бала жоқ болса, не жағдай болғанын 


167 
 
анықтамай,  көңілі  орнына  түспейді.  Мұғалім  деген  жаны  таза, 
нәзік жан. Баланың жанын түсініп, сезімін байқай білген». 
Ұлтай апайдың бір кітапка татырлық бір бет хатына осы бір 
жазған  еңбегіммен  жауап  бере  алсам,  шәкірттік  парыздың 
ақталғаны болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет