Таланттар


 Өте жоғары дәрежедегі орта білім алған жастар саны 90



Pdf көрінісі
бет68/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

1. Өте жоғары дәрежедегі орта білім алған жастар саны 90 
проценттен асуы керек. 
2.  Америка  мектебінің  түлегі  әлемдегі  ең  жоғары  білім 
нәтижесін  көрсете  алуы  керек  (Әсіресе  жаратылыс, 
математика саласында). 
3.  Қоғамның  әр  азаматы  өзінің  білімімен,  кәсіптік 
қабілетімен  әлемдік  экономикада  Америка  ұлтының 
жетекшілік қалпын қамтамасыз етуі керек.  
Қазіргі 110 мың мектептің үстіне аса жоғары үлгідегі Америка 
мектебінің жаңа моделі жасалып, 1996 жылы осы текті жаңадан – 
535,  ал  2000  жылы  1000  мектеп  қатарға  қосылмақшы.  Оған 
қазірдің  өзінде  дайындалып  жатқан:  вашингтондық  XXI  ғасыр 
мектептерін, дамытпалы бағдарламаға құрылған Джеймс Комер 
мектебі,  келер  ғасыр  үлгісіндегі  Набиско,  Сатурн  мектептерін 
қосайық.  Еуропаға  қызыға  қарай  отырып,  олардың  қазіргі 
дәрежесіне жете алмай жатқанда, біздің ұлттық потенциалымыз 
енді қанша жылға артта қалып қояр екен деген қауіп ойлайсың. 
Көршілес  Ресей  білім  беру  жүйесінің  тоқырауға  тірелгені 
туралы  ашық  айтып,  іздену  үстінде.  Әлеуметтік  сұранымга 
сәйкес  коньюнктуралық  мектептер,  нарық  әлемін  еркін 
бағдарлайтын  менеджерлер,  бизнес  жасаушыларды  дайындай 
бастады.  Жекеше  мектептің  күннен-күнге  көбеюі  мемлекеттік 
мектептерге еріксіз әсер етіп, өзгеруге итермелеуде. Олар қатып 
қалған  тәрбие  қалыптарынан  батыл  шығып,  дамытпалы  оқуға 
(развивающая  школа)  бағыт  түзеуде.  Мысалы,  Вальдорф 
бағытындағы  жеке  бастауыш  қыздар  мектебі,  Подольск 
қаласындағы  славяндық  мәдениет  лицейі,  Мәскеудегі  алғашқы 
Монтессори мектебін алайық. Болашақ XXI ғасырдың жас адамы 
қандай болатынын болжап, соған лайық оқудың жаңа теориясы 


145 
 
ойластырыла  бастады.  Философ  әрі  ұстаз  Владимир  Библердің 
«Мәдениеттер  диалогі  мектебі»  тәжірибеден  өтуде.  Бұл 
теорияның  мақсаты  қазіргі  «білімді  адам  шығару»  тәрбиесіне 
негізделген бағдарламадан – «мәдениетті адам» мәселесіне қарай 
бет  түзеу  болып  табылады.  Сондай-ақ  Мәскеуден  оқу  жүйесін 
қайта  қарап,  дамытуға  арналған  институт  ашылып,  өз 
лабораториясында 
жасалған 
мектептегі 
әдеби 
білім 
бағдарламасымен  таныстырып  үлгірді.  Алматының  өз  ішіндегі 
орыс  тілді  мектептерде  де  жақсы  нышандар  бар.  Он  шақты 
мұғалімнің бірігуінен «Вальдорф штабы» құрылып, 135-мектепке 
Вальдорф  тәрбиесінің  жеке  жағдайлары  енгізілді.  Ал  қазақ 
мектептерінен  мұндай  жаңалыққа  ұмтылушылықты  байқай 
алмай отырмыз. Оның негізгі себебі нұсқауды жоғарыдан күтіп 
үйренген әдетіміз бен қаражат тапшылығы болса керек. 
Қазіргі  уақыт  мұғалімдерден  мектеп  кітапханасында  сіресіп 
тұрған «капиталистік елдердегі оқыту теориясының реакциялық 
бағытын»  дәлелдейтін  кітаптарды  былай  қойып,  Мағжан 
«Педагогикасын»,  Жүсіпбек  Аймауытовтың  «Жан  жүйесін», 
Штейнер,  Монтессориді  оқуды  және  халықтық  тәрбие  мен  жан 
дүниесін зерттеуді талап етеді. 
Бүкіл дүние мойындаған Штейнер, Монтессори гуманизмі біз 
үшін  жасырын  болып  келді.  Ресей  Наркомпросы  20  жылы 
Италияның  гуманист-педагогі  Мария  Монтессоридің  әдісі 
«пролетарлық  күресті  дәріптемейтіндіктен»  жауып  тастаған. 
Біздің 
замандастар 
Штейнер 
(Вальдорф) 
мектебінің 
тәжірибесінен  де  мақрұм  қалды.  Адамның  рухани  күштерін 
оятуға,  жан  дүниесін  ұлағаттауға  бағытталған  бұл  мектептер 
бүгінде әлемнің әр бұрышында жұмыс істеп жатыр (500-ге тарта). 
Штейнер  педагогикасы  антропософияға  (адами  даналық), 
яғни 
адамшылыққа 
құрылады. 
Баланың 
жан-жүйкесін 
жұлқыламайды,  сағын  сындырмайды.  Тіпті  балаға  баға 
қойылмайды. Өңкей білімпаздар мен олимпиада жеңімпаздарын 
дайындау  жолында  сабылып  жүргендер  жоқ.  Әр  баланың 
мүмкіндігі жоғары, төмендігіне қарамастан, өзінше тұлға ретінде 
қымбат.  Оның  шығармашылық,  даралық  қасиетін  дамытуға, 


146 
 
қиялын  шарықтатуға  ұмтылады.  Баланың  әр  жастағы  рухани 
өзгерісі, табиғи тілегі ескеріледі. Бір қызығы, жетпіс жыл жабулы 
жатқан Мағжан «Педагогикасы» осы бағытпен үндеседі. 
Олай болса, бұл тәрбие біздің мақсат-мүддемізге жат бола ма? 
Реті  келгенде  айта  кету  керек,  болашақ  мұғалімдерді  қазақ 
баласының  жан  дүниесі  мүлде  ескерілмеген  орысша 
оқулықтардың 
аудармасымен 
оқытқанша, 
Мағжан 
«Педагогикасындағы» ойлармен нәрлендіретін кез келді. Мағжан 
педагогикасы  –  аса  сезімтал,  саясаттан  тыс,  бала  жүрегін 
жараламайтын, адамгершілікті педагогика. 
Соңғы  жылдарда  мектеп  оқулықтарының  күрделеніп 
кеткендігі  көпшілікке  аян.  Әсіресе  математика  кітаптары  орта 
қолды  оқушы  түсіне  алмайтын  қамалға  айналды.  Мүмкін 
авторлардың түпкі максаты дұрыс та шығар, бірақ ол оқулықты 
түсінуді қамтамасыз ететін төменгі баспалдақтардың дайындығы 
әзірге  тым  әлсіз.  Оған:  баласын  таңдаған  мұғаліміне  беріп, 
қалаған білімді талап етуге  мүмкіндігі жоқ ата-ана, 20-30-даған 
сәбиі  бар  топтың  амандығын  ғана  бақылаудан  тереңге  бара 
алмайтын  бала  бақша  да,  өз  жағдайы  мен  көңіл  күйі  нашар 
болғандықтан, бала оқытуға ықыласы төмен мүғалім де жатады. 
Қысқасы,  білім  сапасы  жоғары  болуы  үшін  баланың  мектепке 
дейінгі  дайындығынан  бастап,  оқытудың  барлық  буыны  сағат 
тетіктеріндей  қапысыз  жұмыс  істеуі  керек  қой.  Оқушының 
дарыны барлық салада бірдей бола алмайды. Әсіресе гуманитар 
пәндерге  бейім  балалар  үшін  күрделендірілген  математика 
оқулығы  да  сондай  қызық  деп  айта  алмаймыз.  Тіпті  жүйкені 
тоздырумен жететін медальдің өзі кейде «коллективтік еңбектің» 
жемісі  болып  кеткені  жасырын  емес.  Түпкі  болашақта  оқуға 
қабылдаудың  шарты  өзгеріп,  оқушының  қабілетін  түрлі  тестер 
арқылы анықтайтын көз келгенде медальға көзсіз ұмтылушылық 
өзінен-өзі сабасына түспек. Сондықтан баланың барлық пәннен 
дарынды  бола  алмайтынын  ескеріп,  оның  жаны  сүйген 
сабақтарына көп көңіл бөлуіне мүмкіндік берсе қайтер еді? 
Осы  ретте  Дальтон  мектептерінің  тәжірибесін  өз 
жағдайымызға  қарай  қолдану  мүмкіндігі  бар.  Мұны  жай 


147 
 
мектептердің өзі іске асыра алады. Мысалы, орта және жоғарғы 
кластардағы оқу күні екіге бөлінеді. Күннің бірінші жартысында 
30  минуттан  4-5  сабақ  болады.  Ол  сығымдалып,  жеңілдетілген 
бағдарлама  бойынша  оқытылады.  Ал  осы  сабақтардың 
тереңдетілген  түрі  түстен  кейін  өтіп  жатады,  қай  сабаққа 
кіретіндігін  оқушы  қалауы  бойынша  өзі  таңдап  алады. 
Әдебиеттен  тереңдетілген  сабаққа  қатысатын  оқушы  түске 
дейінгі  әдебиет  сабағына  қатысу-қатыспау  өз  еркінде.  Оқуға 
оншалық  ықыласты  еместері  түстен  кейін  өз  тіршілігімен 
айналысуына  мүмкіндік  алады  (бір  жерден  қосымша  жұмыс 
істеп,  табыс  табуына  да  болады).  Түске  дейінгі  жеңілдетілген 
сабақтарға  «қабылданды»,  «қабылданбады»  деген  бағалар 
жеткілікті, ал «жақсы», «өте жақсы» деген бағалар тереңдетілген 
сабақтар  үшін  қойылады.  Сонда  оқуға  ықылассыз  балаларға 
шамасы келмейтінді ұқтырамын деп мұғалім де арамтер болмас 
еді,  бала  да  кемсітуден  құтылып,  бейіміне  қарай  оқыр  еді. 
Күнделігіндегі  бағаның  жартысы  –  «4»  пен  «5»,  қалғаны  
«қабылданды»  болса,  ол  бала  жақсы  оқушы  болып  есептелмек. 
Бұл өзі мұғалімдер еңбегінің де біршама жарқырап көріне алатын 
жағдайын туғызады. Қабілетті мұгалім іріктеліп шығады. 
АҚШ-тағы  870  тәуелсіз  мектептердің  207-сі  ұл-қыздарын 
бөлек  оқытады.  Бұл  да  біздің  ұлттық  дәстүрімізбен  қабыса 
алатын  үлгінің  бірі.  Мысалы,  Мадейра  –  қыздар  мектебі  мен 
болашақ  саясаткерлер  дайындайтын  Әулие  Албан  ұлдар 
мектебінің  тәжірибесі  біздің  педагогиканың  назар  аударуына 
тұрарлық.  Алдағы  уақытта  әсіресе  жекеше  қыздар  мектебінің 
ашылуына  мән  беруіміз  керек  деп  ойлаймын.  Ұлтымыздың 
жақсы  болуы,  ең  әуелі,  әйел-анадан,  қыз  тәрбиесінен.  Сол 
тәрбиені  арнайы  мектепте  іске  асыру  ыңғайлырақ  болар  еді. 
Арнайы мектеп бастауыш көлемінде бола ма, жоғарғы кластарға 
арнала  ма,  гуманитарлық  бағытта  ма,  нақты  ғылымдардан  ба  – 
бәрі де артықтық қылмайды. 
Жоғарғы  кластағы  қыздарға 
арналған  Мәдениеттер 
мектебінің бір жобасын былайша болжар едім: Мектеп тәрбиесі 
ұлттық психология мен халықтық тәрбиеге сүйене отырып, оны 


148 
 
өркениетті елдердегі тәрбие тәжірибесімен ұштастырады. Негізгі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет