Таланттар


«МЕНІҢ БІЛЕТІНІМ – ТҮК БІЛМЕЙТІНІМ»



Pdf көрінісі
бет64/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 
«МЕНІҢ БІЛЕТІНІМ – ТҮК БІЛМЕЙТІНІМ»  
(Студент сұрагына жауап) 
 
Коммунистік саясаттың шекпенінен шыққан бізге қарағанда, 
ата-бабаларымыздың  ойлау,  айту  еркіндігі  мол  болған  сияқты. 
Өйткені  адамзат  байқауынан  есте  қалған  адам  сенгісіз 
ақпараттардың  бәрі  «құдайдың  құдіреті  шексіз»  деген  ұғымға 
сыйған.  Ал  құдайды  жоққа  шығарған  соң,  таңғажайып 
әңгімелерді айтуды қойдық. Шындығына келсек, аңыз әңгімелер
діни мифология тектен-текке шығарылмаған ғой. Өмірде себепсіз 
нәрсе бар ма? 
 
«Шыбын жан бір-ақ түтін бу секілді»  
«Алдыңда бір-екі ауыз сөз сөйледім,  
Жан мен тән бірге тұрған аманында.  
Айырылып өз бетімен жан кеткенде,  
Құр дене топырақ боп қалады да». 
 
Яғни ескілікті қазақ ұғымында адамның жүрегі тоқтаған соң, 
жаны  кеудеден  ұшып  шығып,  көкке  көтеріліп  кетеді.  Аруақты 
еске  алғанда,  еріксіз  аспанды  елестетеміз.  Олар  аспанның  бір 
жерінде ұшып жүргендей, даусымызды еститіндей. Сонда аруақ 
дегеніміз әлгі ұшып шыққан жан болды ма? 
(Ең  алдымен,  дінді  құрметтейтінімді  айта  кеткім  келеді. 
Алайда  ғылыми  болжамсыз  өмір  алға  баспайды.  Сондықтан 
айтқалы отырған мәселе ғылым айналасындағы болжам екендігін 
ескертеміз). 
Өз  ойымша,  адамдардың  көңіл-күйіне,  ауруына,  сауығуына, 
талантының  ашылуына,  біреуді-біреу  өлтіруге  сырттан  әсер 
ететін бір күш болуы мүмкін. Ежелгі жұлдызшылардың адамның 
туған  күніндегі  жұлдыздардың  орналасуы  арқылы  мінезінің, 


132 
 
болашағының  қандай  болатынын  анықтап  жатуы  тегін  емес. 
Адамға  жұлдыздар,  күннің  жылуы,  айдың  тууы  т.  б.  әсер  етіп 
тұратын  болуы  керек.  Осындай  жылу  (биоэнергия)  адамнан  да 
бөлінеді. Сол арқылы адам адамды емдейді. Ал адамның ақырғы 
демі  таусылғанда,  мүмкін  өте  күшті  биоэнергия  бөлініп, 
атмосфераға  шығар.  Ауада  жүріп  өзіне  туыстас  адамдарға, 
пікірлеске,  достарына  әсер  етер.  Әсерленген  адамның  жеке 
басында  өзгерістер  болуы  керек.  Ауырып  жатса,  жазылады, 
немесе  талант  көзі  ашылады,  не  керісінше  ашуланады,  не  бір 
шапшаң шешімге келеді. Әсердің түрі көп, бәрін ашып айту қиын. 
Кейбір  емшілер:  «Жаным  денемнен  бөлініп,  ұшып  шығып, 
космосқа  барамын,  сонда  мынандай  нәрселерді  көремін.  Тәнім 
бұл уақытта терең ұйқыда болады», – дейді. 
Бір қарияның мынандай әңгімесін естіп едім: «Үш-төрт жасар 
кезім  еді.  Қатты  ауырдым.  Өзім  біреудің  алты  баладан  аман 
қалған жалғызымын. Бір уақытта ұйықтап кеткендеймін бе, түс 
көрген сияқтымын. Бір шыбын су толы шелектен өрмелеп шыға 
алмай  жатыр.  Әзер...  дегенде  шықты-ау,  әйтеуір.  Сол  кезде 
құлағыма жылаған дауыстар келді. Бетімді ақ шүберекпен жауып 
жатыр  екен.  Көзімнің  қыбырлағанын  байқап  қалды  ма,  әке-
шешемнің қуанып күлгені бүгінге дейін анық есімде». 
Дәрігер психиатр, философия ғылымының докторы Раймонд 
Моуди  өлім  алдынан  қайтқан  150  адаммен  сөйлесіп,  олардың 
айтқан әңгімелерінің негізінде «Өмірден соңғы өмір» атты кітап 
шығарған.  Өліп-тірілген  бір  кісінің  ғалымға  айтып  берген 
әңгімесі мынандай: 
«Өзім өлген соң, менің түйсігім (сознание) денемнен бөлініп 
шығып,  реанимация  бөлмесінің  төбесіне  ілініп  тұрды. 
Дәрігерлердің өлі денемді тірілтуге  күш  салып жатқанын, «бұл 
әбігерді  жалғастыра  береміз  бе?»  –  деп  таласқанын  бақылап 
тұрмын.  Содан  кейін  төменде,  аурухананың  кіре  беріс 
бөлмесінде,  өлгенімді  естіп,  еңіреп  жылап  отырған  сіңлімді 
көрдім.  Түйсігім  арқылы  үйдің  темір  бетоннан  жасаған  тас 
қабырғаларынан ешбір кедергісіз зулап өтіп, қасына келдім. Осы 
сәттерімде  рақат  күй  кешкенім  сондай,  тіпті  қайтып  оралғым 


133 
 
келмеді.  Бірақ  сіңлімді  қатты  аяп  кеттім  де,  өз  тәніме  кіруге 
мәжбүр болдым».                                                                     
Ноосферадағы белгісіз күш, жылу, басқа бір нәрсенің адамға 
әсер  ететіндігі  жөнінде  әр  түрлі  болжамдар  мен  дәлелдер  бар. 
Мысалы, биотехнологиямен айналысатын Геннадий Михайлович 
Обласов деген кісінің Чернобыль апаты болатындығын бір жыл 
бұрын Киев әкімдеріне айтқандығын, «Шаттл» бағдарламасының 
еш  нәтиже  бермейтіндігін  дәл  болжағандығы  туралы  жазылды. 
Адам  миын  сырттан  басқару  арқылы  қалауынша  жүргізіп-
тұрғызуға  болатын  сұмдық  тәжірибенің  шетелдегі  барлау 
орталықтарында сыналғаны да байқалған. 
Ноосферадағы  белгісіз  әсердің  адамнан  бөлінген  жылуға 
(жанға)  қатысы  жоғына  кім  кепіл?  Бұл  –  әлі  ашылмаған  құпия 
сыр.                                                        
Мүмкін  адамның  екінші  өмірі  кеудеден  ұшып  шыққан 
жанның  тылсым  тірлігі  болар  ма?  Бүкіл  адамзат  баласының  о 
дүниелік  өмірдің  бар  екенін  айтуы,  өлген  ата-баба  рухының 
желеп-жебейтіндігін  тұжырымдауы  тектен-текке  емес  болар. 
Ойлы  кісінің  ешқайсысы  «өлгеннен  кейін  өмір  жоқ»  деп  айта 
алмасы  анық.  Бірақ  ғылымның  әлі  күнге  ол  өмірді  нақты 
елестетіп,  дәлелдей  алмайтыны  өкінішті.  Қалайда  адамға  о 
дүниенің бар екеніне сенбеуден гөрі сеніп өмір сүру жеңілірек.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет