Таланттар



Pdf көрінісі
бет71/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 
ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ 
 
                         Байқасақ қазақтықтың өзінде бар,  
                                       Дүниенің генийлігі, пайғамбары. 
(Сұлтанмахмұт Торайғыров) 
 
Дана  Қорқыттан  –  данышпан  Абай  және  одан  берідегі  ірі 
ойшылдың    бірі      Сұлтанмахмұт    Торайғыровтың  жоғарыдағы 
сөздері қазақтың өзіндік ұлттық болмысын даралайды. Көршілес 
ұлттардың аралас-құраластығында жұтылып кетпей, қайталанбас 
қасиетін  сақтап  қалуы,  сөйтіп,  ғасырдан-ғасырға  жалғасудың 
шарты  бұл.  Өзіне-өзі  менсінбей  қарайтын  халықтан  сорлы  жоқ 
шығар.  
Кеңес тұсында айырылып қалған халықтық тәрбиені қайтадан 
дұрыс жолға қою арқылы енді өсіп келе жатқан ұрпағымызды өз 
ұлтына деген мактаныш сезімінде, басқа ұлттарға деген  құрмет 
сезіміне  тәрбиелеуге  мүмкіңдік  алмақпыз.  Ол  үшін  төңкеріске 
дейінгі  мектеп  тәжірибесіне  зер  салған  жөн  сияқты.  Бұрынғы 
мектептің  үш  класының  өзі  балаға  тұрмыстық  білім  берген, 
өмірдің  қажетті  мәселелеріне  бейімдеген.  Тұрмыстық  білімнің 
қажеттілігін  есте  ұстай  отырып,  тіл-әдебиетті  айтпағанда,  есеп 
сабағының өзін салт-дәстүрмен, үй шаруасымен байланыстырып 
оқытуға болмас па еді? 
Сондай-ақ бұрынғы мектептерде әдеп, әсемдік сабағы болған 
екен. Әдеп сабағын бірінші кластан бастап, онда үй ішілік, жора-
жолдастық, 
ағайын-тумалық 
дегендей 
қарым-қатынас 
мәдениетіне  үйретуге  болар  еді.  Жоғарғы  класта:  қыз-жігіттің 
сый-құрметі,  ата-енені  сыйлау,  бала  тәрбиесі  туралы  өмірге 
қажетті  мәселелерді  қамтиды.  Әсемдік  әлемінде  сөйлеу 
мәдениеті,  адамның  сырт  келбеті,  өзін  ұстау  мәдениетіне  мән 
беріледі. 
Халықтық  тәрбие,  біздің  ойымызша,  этнографиямен 
шектелмеуі керек. Халық даналығы баланың жан дүниесіне мән 
береді. Еркіндігін орынсыз шектемеуді, баланы жасытпауды есте 


154 
 
ұстайды.  Бабалардың  осы  салтынан  ұлтымыздың  өр  мінезді 
азаматын тәрбиелеуді үйренеміз. Бұрынғы қазақтың елін, жерін 
сүюі, ерлігі жапондықтар мен американдықтардан бір де кем емес 
еді ғой. Соның сыры неде? Мұны да зерттеп білу керек-ақ. Бесік 
жырынан бастап, шешендік сөз, тыйым сөз, түс жору, атқа мінау, 
қыз айттыру салт-дәстүріне дейінгі халықтық тәрбиесінің берері 
мол.                                                                   
Халықтық тәрбиенің бір бұлағы – шешендік сөздерде. 
Мысалы,  Қаз  дауысты  Қазыбек  бидің  қазақ  пен  қалмақ 
келіссөзіндегі  Қазақты  сипаттауын  естіген  адамды  өз  халкына 
деген мақтаныш сезімі билеуі сөзсіз:              ' 
«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, 
жай  жатқан  елміз.  Елімізден  құт-береке  қашпасын  деп, 
жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. 
Ешбір  дұшпан  басынбаган  елміз,  басымыздан  сөзді  асырмаған 
елміз. Досымызды сақтай білген елміз.                                                                      
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, 
күң  боламын  деп  тумайды.  Ұл  мен  қызды  қаматып  отыра 
алмайтын  елміз.  Сен  қалмақ  болсаң,  біз  –  қазақ,  қарпысқалы 
келгенбіз.  Сен  темір  болсаң,  біз  –  көмір,  еріткелі  келгенбіз. 
Қазақ-қалмақ  баласы  табысқалы  келгенбіз.  Танымайтын  жат 
елге  танысқалы  келгенбіз.  Танысуға  көнбесең,  шабысқалы 
келгенбіз.  Сен  қабылан  болсаң,  мен  –  арыстан,  алысқалы 
келгенбіз.  Жаңа  үйреткен  жас  тұлпар  жарысқалы  келгенбіз. 
Тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз.  Берсең, жөндеп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет