Таланттар



Pdf көрінісі
бет67/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 
ЕЛ ТІЗГІНІН КІМ ҰСТАР?  
(Ұлттық мектептің келешегіне көзқарас) 
 
Қазыналық мектептің қазіргі жайы 
Балама мектептер: Вальдорф педагогикасы  
Мәдениеттер мектебінің бағдарламасы 
 
Тәуелсіздіктің  көк  туына  қол  жеткізген  осы  күндерде  әрбір 
ойлы  азаматтың  жүрегінде:  «Тәуелсіздігімізді  қайтсек  баянды 
етеміз?  Оның  келешек  тағдырын  кімге  тапсырамыз?»  –  деген 
сұрау тұр. Ел үшін жаны күйген, халқына пана, еліне еге болған 
азаматтардың  арқасында  іске  асып  жатқан  көп  жақсылықтарды   
көңілмен  көріп  отырмыз.  Ондай  азаматтар  ел  басында  да,  ел 
ішінде  де  уақыттың  салған  ауыр  салмақтарын  ерлікпен  көтеріп 
жүр. Бірақ біздің осынау кең байтақ еліміз үшін, оның болашағы 
үшін  олардың  саны  тым  аз.  Ел    басына      аса  жауапты  кезең 
келгенде,  әр  саладағы  қиыншылықты  білгірлікпен  игеріп  алып 
кететін тұлғалар алтынға пара-пар болып жатқан жоқ  па? Жетпіс 
жылғы      кеңес  мектебі  әлемдік  сахнада  тең  сөйлесетін  білікті 
тұлғалар  дайындауды  мақсат  етпегендей.  Енді  жиырмалап, 
отыздап  Түркияға,  Еуропа  елдеріне  жіберіп,  қысқа  уақытта 


142 
 
оқытып алуға тырысып жатырмыз. Әзірге қол ұшын беріп, тегін 
оқытуда, ал кейін оның бәрі мемлекет қазынасындағы валютамен 
ғана қабылданатын болады. Сонда шет елден оқытып алған жүз, 
тіпті бес жүз баламыз қай мәселемізді шешіп береді? Ал өзіміздің 
жүздеген  мектептеріміз  сол  баяғы  ескі  ағыспен  ескегін  бос 
жіберіп, жайлы жағына қарай ыға берумен келе жатқан сияқты. 
Осы қалыппен жүре берсек, біліктілік те, әлемдік қалыпқа төтеп 
берер білім де басқа елдерде. Тәуелсіздікті алғанменен, өркениет 
жағынан  соларға  тәуелді  болып  қала  бермекпіз.  Сондықтан 
ұлттық  мектептің  (оған  балабақшадан  бастап,  жоғарғы  оқуға 
дейінгі барлық буын жатады) ендігі мақсат-міндеті не десе, осы 
өз мектебімізден тәрбиеленген әрбір  қазақ баласы Тұлға  болып 
шығуы  керек  дер  едім.  Тәуелсіз  еліміздің  келесі  ғасырдағы 
тағдырына  сонда  ғана  алаңдамауға  болады.  Балаларымыздың 
санын көбейтумен бірге сапасын нықтауымыз керек. 
Келесі ғасырда ел тізгінін қолына алар азаматтар бүгін мектеп 
партасында  отыр.  Оларды  өркениетке  сай  тәрбиелеу  мәселесі 
мемлекеттік мәні бар мәселе деп ойлаймыз. Ақын Қ. Мырзалиев: 
«Рухани  абақтыдан  шығуын  шығып,  баратын  ауылымызды 
анықтау үстіндеміз. Баяғы қазақы көне  мекен күйреген, рухани 
жаңа  шаһарлар  салынбаған»,  –  депті  бір  сұхбатында.  Оқу 
майданы дәл осы халді бастан кешіп отыр. 
Өткен  ғасырдағы  ағылшын  ғалымы  Джон  Стюарт  Милль 
«Утилитарианизм»  (1863,  1906  жылы  орыс  тіліне  аударылған) 
атты кітабында былай деп жазыпты: 
«Жалпыға арналған қазыналық білім адамның бәрін бір-біріне 
ұқсатып  жібереді,  билеуші  топқа  ұнайтын  бірөңкей  адамдар 
шығарады. Өйткені билеуші топ неғұрлым өктем болған сайын, 
адамдарының  ақыл-ойын,  жан  мен  тәнін  де  уысында  ұстауға 
тырысады». 
«Жасыратыны  жоқ,  кеңес  саясаты  мектептерімізді  саяси-
идеологиялық казармаға айналдырып келді. Бірөңкей, ерік күші 
әлсіреген,  жігерсіз  ұрпақ  шығарумен  айналысты.  Ойлы 
азаматтарды қалқып алып, жойып жіберіп отырды. Қазіргі күнде 
көп  нәрседен  арылдық  десек  те,  жаңа  өмірге  бейімделе 


143 
 
бастағанмен  де,  өктем  қолтаңба  жойыла  қойған  жоқ.  Балаға  өз 
көзқарасын  таңу,  арына  тию,  қызықтырмау,  қорқыту  жүрген 
жерде мектебіміз қанағаттандырады деп айта алмаймыз. 
Тәрбие сапасын мұғалімдерді ар-ұятына салумен жөндеп ала 
алмайтынымыз  анық.  Адалдықпен  еңбек  ететін  мұғалім  бұрын 
да,  қазір  де  солай  еңбек  етуде.  Ал  сонымен  бірге  бәсеке 
жағдайында  сұранысқа  жауап  бере  алмайтындар  да  мектептен 
ойып орын алып жүріп жатыр. Саралаудың жалғыз-ақ жолы өзара 
бәсеке  сарабына  еріксіз  түсіретін  балама  мектептердің  көбеюі 
болар еді. Әр түрлі бағыттағы жеке, тәуелсіз мектептерге жол ашу 
болар еді. 
Рухани  өсудің  бір  жолы  ретінде  көпшілік  қазақ  мектептері 
этнопедагогикаға  бұрылып,  тіршілік  қыла  бастады.  Тәрбиедегі 
халықтық  салт-дәстүрлерді  жаңғыртуға  күш  салып  жатыр. 
Дұрыс-ақ. Бірақ мақсат мұнымен бітпек емес. Біздің ойымызша, 
этнопедагогиканы дамыту мәселенің бір жағы ғана, аса қажетті 
жағы.  Сонымен  бірге  бүгінгі  қазақтың  ортасы,  жан  сарайы 
мүлдем басқа екенін, ең негізгісі, заманның, айналадағы әлемнің 
күннен-күнге  өсіп,  өзгеріп  бара  жатқанын  есепке  алмаса 
болмайды.  Ұлттық  тәрбие  этнографиямен  шектеліп  қалмауы 
керек. Ескілікті салт-дәстүрді жаңғыртумен бірге өркендеп бара 
жатқан  әлемдік  мәдениет  биігінен  иық  теңестіре  алатын  ел 
болуымыз үшін олардың тәжірибесін де шұқшия зерттеп, шығыс 
пен  батысқа  бірдей  көз  салуды  естен  шығарсақ,  ұтыларымыз 
анық. Ал басқа елдер рухани келешегін қалай ойластырып жатыр, 
соған келсек... 
Франция  өзінің  ұлттық  өсіп-өркендеуінің  2000  жылдарына 
болжам  жасап,  бағытын  айқындап  алды.  Батыс  Еуропа, 
Аустралия  тағы  басқа  көптеген  елдерде  болашақ  тәрбиенің 
негізгі мақсаты белгіленіп, оны орындауға кірісіп те кеткендігін 
оқып  отырмыз.  Олардың  алдағы  мақсаты  мәдениетті,  өмірге 
құлшынысы  зор,  ерік  күші  мықты  тұлғалар  тәрбиелеу  болмақ. 
Оған  қайсыбіреу:  «Ой,  қойшы,  біз  де  сөйтіп  жатырмыз»,  -  деп 
самарқаулық  танытуы  мүмкін.  Өкінішке  қарай,  жоқ,  біз  олай 
тәрбиелей алғанымыз жоқ. Белгілі бір ақпарат жиынтығын ғана 


144 
 
беріп, біліктілік (интеллект) дайындауға «тырысып» жатырмыз. 
Шәкіртті  мағыналы  ойлауға,  саралау,  салмақтау  дәрежесіне  
жеткіздік  деп  айта алмаймыз. 
1990  жылы  қабылданған  «Америка  –  2000»  дейтін  ұлттық 
бағдарлама  алты  бағыттан  тұрады.  Оның  ең  негізгілеріне  назар 
аударсақ: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет