Таланттар



Pdf көрінісі
бет87/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   256
СЕНУ ТӘРБИЕСІ 
 
Адамшылдық  педагогикасы  –  баланың  және   
мұғалімнің мүмкіндігіне  сену 
 
Мектебіміздің негізгі бағыты «Әлем және мен» кеңістігіндегі 
мәдениетті  меңгеру  болды.  Тіпті  «Мәдениеттер  мектебі»    деп 
атасақ  па  деген  де  ой  келген.  Мәдениет,  бір  жағынан, 
материалды,  екінші  жағынан,  рухани,  федералды  әрі  локалды. 
Бұл  терминдерді  қарапайым  санаға  қарай  ұйыстырар  болсақ, 
рухани мәдениеттің ұлттық деңгейі, сонымен бірге  адамзаттың 
әлемдік деңгейі бар. Соның ішінде аймақтық, тіпті мектепішілік, 
жеке  адам  деңгейі  де  көрінеді.  Жұмысты  ұйымдастыра  білу 
мәдениетінен өзін-өзі қадірлей білу мәдениетіне дейін – бәрі де 
мәдениет.  Би,  ән,  сөйлеу,  жазу,  білім  жинау,  дене  мәдениеті, 
киіну  мәдениеті,  тамақтану  мәдениеті,  қарым-қатынас,    ұлттар 
мен  ұлттар арақатынасы,  тіл мәдениеті тағысын тағылар. Нағыз 
азамат  болу  үшін  осы  мәдениеттің  бәрінен  хабардар  болып 
меңгеру  керек.  Бірақ  бәрінің  іргетасы,  алдымен  өзіңді  игеруде 
жатыр, ұлттық мәдениетті сіңіріп алған адам әлемдік мәдениетті 
оңай түсінеді. Тек өзімен  ғана шектеліп қалған кісі  көп нәрсені 
жоғалтады.  Әсіресе  қазіргі  заманда  ұрпақтар  сабақтастығын  
санаға  сіңіріп  алып,  әлемге  қарай    шығу  керек.  Ой  ағынан, 
әлемдік  қозғалысын  бағдарлау тағы қажет. Қателіктер бірін ғана 
мойындап, екіншісін жоққа шығауда болып жатады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет