Таланттар



Pdf көрінісі
бет89/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

ХАТ ЖАЗУ МӘДЕНИЕТІ 
 
Біздің    балалар    хат  жаза  ала  ма?  Кейде  шәкірттеріме  
қалжыңдаймын:  «Қыздарға    хатты  қалай  жазасыздар?  Көзің 
«мерседестің  шамындай»  дейсіздер  ме?  Әлде  басқадай 
сүйкімдірек  теңеулеріңіз  бар  ма?»  Сөйтсек,  кей  жігіттің  қызға 
арнаған бар сезімі: «Сен менімен жүресің бе?»-нің айналасында  
ғана  екен.  Қан  майданның  ішінде  де  хатты  өлеңмен  жазған  
қазақтың  ұрпақтары-ай. 
Әр  баланың  бойында  шығармашылықтың  дәні  бар. 
Мұғалімнің  міндеті  –  шәкірттің  өзінің  ішкі  ерекшелігін  аша 
білуге, оны сыртқа мәдениет  деңгейінде  жариялай  білуге, ойын  
еркін    жеткізе  алуға  көмектесу.  Бала  ондай  деңгейге  мұғалімі 


190 
 
қанаттандыра  білсе,  оған  сенсе  ғана  көтеріле  алады.  Баланы 
ашудың бір әдісі: сөйлету, сурет салдыру, қимыл-әрекет жасату, 
театрмен,  музыкамен әуестендіру, хат жаздыру,  математикалық 
мысалдар  құрастыру  т.б.  осы  әрекет  үстінде  нәтижеге  жетуіне 
көмектесу.  Оның  жұрт  жеткен  жетістікке  жетуі  шарт  емес, 
әркімнің  өз  жетістігі  бар.  Қателесу  ешқандай  айып  емес. 
Кемелдік  құдайда ғана.  
Осы  ойдың  жетегімен,  мектептегі алпыс бала мен жиырма 
шақты  мұғалімге  арналған  пошта жасауға  бел байладық. Алдын 
ала  дайындық  жұмыстары  жүргізілді.  Біреудің  хатын  біреу 
ашудың  барып  тұрған  мәдениетсіздік  екенін,  егер  біреу  сізге 
жақсы  көретінін  айтса,  оны  жария  етіп,  әдемі  сезімді    ластауға 
болмайтынын,  суретке  мұрт  салып  мазақтау    тиімсіз  екенін, 
өйткені  өзіңді  де  біреу  солай  мазақ  етуі  мүмкін  екендігін  
түсіндіру    жұмыстары  жүргізіліп  жатты.  Оған  «әдеп»  сабағын  
пайдаланудың, кездесе қалған сәттердегі қысқа пікір алысу, юмор 
– бәрі іске қосылды.  Поштаға ілінгенге дейін жеке-жеке суреттер  
жиналды.  Кейбіреуінің  бесік  жағалап,  жаңа  қаз  тұрған  кезін  де 
іліп  қойдық  (адамның  қай  жасы  да  сыйлауға  тұрарлық  қой). 
Ақыры  пошта жұмысын бастадық.   
Алғашқы  екі  апта    үздіксіз    хаттар  ағынынан  бас  көтере 
алмадық.    «Ана  сабақта  сөйлей  алмай  қалу  себебін»,  «әне  бір 
жағдайды  қалай  жөндесем  екен»  деген  сұрақтар,  «сабақтағы 
ұнамаған    тәсіліміз»,    үйіндегі  қиындықтар,    ұстазына  рақметі, 
ауызба-ауыз  айтыла  бермейтін  жағдайларды  ағынан    жарыла 
жазылыпты. Хат жазу  өнегесін  өзіміз көрсетуге тиіс болдық. Біз 
де  күні-түні хат жаздық,  бұрын да жазып қоятынбыз. 
Балалар  арасында  қандай  мазмұнды  хаттар  жүріп  жатқанын 
да  сезіп    отырдық,  «махаббат»  –  ең  маңызды  тақырып.  Мейлі, 
әдемі  сезімді  де  жеткізуге  үйренуі  керек.  Бірінші  жылдықтағы 
шәкіртім Мақпал бикештен хат түсіпті. Суретте:  киіз үй,  ішінде 
құс  қонып  отыр.  Сыртта  екі  қолы  тарбиған  біреу  (өзі)  қолына 
бірдеме ұстап тұр, «бал» деп жазып қойыпты.  Сөйтсем,  киіз үй 
дегенім – балауыз, құс дегенім – бал арасы екен ғой.  Алдында 
ғана  өзін  ара  шағып  ала  жаздаған.  Баланың  жан-дүниесіндегі 


191 
 
барлық  әсер  суретінде  тұр.  Қолындағы  балынан  дәм 
татырмақшы. 
Хаттар легі екі аптадан соң азая бастады. Іштегі шер шықты. 
Бір  айтылғанды    қайталай  беру  мазмұнсыздық,    енді    ізденіс 
басталу керек еді. 
Хат  біздің  түсінігімізді  тереңдетті.  Бала  жанын  ұғуға  
көмектесті. Сезім тәрбиесі – үлкен тәрбие екенін түсіндік. Кейбір 
сұрақтар, мәселелерді ақылдасу үшін кездесе алмай қалған кісіні 
күтіп отырмай, поштасына бір ауыз сөзімізді  жазып тастай салу 
да әдетке  айналды. 
Әділін  айтсақ,  поштаны  біз  ғана  ойлап  тапқан  жоқпыз, 
Петерсон,  Френе  мектептерінде  бар  әдіс  болатын.  Оны  өз  
жағдайымызға  келетін  тұсынан алдық. Сондықтан мың баласы 
бар    мектептерде  «поштаны»  байқап,  ойланып  алмай,  бірден 
кіргізе салуға  болмайтыны есте тұруға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет