Таланттар



Pdf көрінісі
бет94/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

ДАЛАДАҒЫ САБАҚ 
 
Мектеп  жанынан  өтіп  бара  жатқан  жұрт  кейде  далада 
дөңгелене  отырып,  өзгеге  назар  аудармастан,  ынталана  қызу 
таласқа  түсіп  жатқан    оқушылар  мен  мұғалімді  көрер  еді. 
«Мұндай да сабақ  бола ма екен?» – деп  түсінбесі анық.  Ал біз  
болсақ: «Вагон секілді автобусымыз болар ма еді? Онымен ауыл 
сыртындағы көкпеңбек биік жоталардың біріне тоқтап, саф  ауа, 
мөлдір суды жұтып,  апта бойғы  сабақты  табиғаттың ортасында  
өткізер ме  едік», – деп армандаушы едік. 
Кейбір  «Дене  мәдениеті»  сабағында  («Денешынықтыру») 
ортадағы аттың  бірі жүгенінен ұстап, бірі сауырынан сипап, бірі 
ер үстінде жарбиып  жапырлаған балалар көрінетін. Мұғалім  ат  
мәдениетінің  түркілерде  қалай  қалыптасқанын,  оның  дене 
мәдениетіне әсерін айтатын. Іштей: балаларды танауы жел-желп 
еткен  бір-бір  жүйрікке  мінгізіп,  қолына  томағасы  көзін  басқан 
қыран құс қондырып, атбегілік пен құсбегіліктің сырын  сіңірсек-
ау деп  түйетінбіз. 
Расында  да, оқушылар «Тіршіліктану» сабағын оқиды,  бірақ 
өз жерінде өсетін ағаштар мен майда өсімдіктің атын атап,  түсін 
түстеп  бере алмайды. Жағырапиядан жақсы бағалар алады, әттең 
туған  жерін  картаға  түсіре  алмайды.  Денесін  шынықтырамыз. 
Бірақ  ол  табиғи    дәстүрімізден  ажыраған.  Бір  сөзбен  айтқанда, 
оқу  нәтижесі өмірден алшақ. 
Қыста, «Дене мәдениеті» сабағында директордан – мұғалімге 
дейін  сырғанау,  жүгіру,  доп  ойындарынан  оқушылармен 


196 
 
жарысып жүрдік. Қар кешіп, баламен бірге ойнау, бірге қуану – 
достықты  бекіте  түсудің  тәтті  сәттері.  Ұзын  дастарқаннан  өз 
қыздарымыздың 
еңбек 
сабағында 
пісірген 
жұқпасын, 
әрқайсымыз үйден әкелген қарапайым  тағамдарымызды таласа-
тармаса жеу,  күлкілі  әңгімелер, қандай қызық! 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет