Таланттар


РЕЙТИНГ  ЖҮЙЕСІН ҚАЛАЙ  ЕНГІЗДІК?



Pdf көрінісі
бет96/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 
РЕЙТИНГ  ЖҮЙЕСІН ҚАЛАЙ  ЕНГІЗДІК? 
 
Әдетте  мектептегі  балалар:  «екі  алғыштар»,  «үшке 
үлгіретіндер»  «жақсы»,  «өте  жақсы»  оқитындар  деп  бөлініп 
жатады.  Оның  өкпе,  реніш  туғызатын  жақтары  көп.  Өйткені 
«баға»  бар  болғырдың  көбіне    кілті  –  кісіде.  Мұғалімнің  көңіл-
күйіне,  адамшылық  мұраттарына,  ішкі  мәдениетіне  т.т. 
байланысты.  Қысқасы,  баға  оқушының  ынтасын  арттырудың 
орнына, оның  жүрегіне қорқыныш сезімін орнатып, қорлайды. 
Тіпті,  баға  қоюшының  көңілін  тауып,  лаждауды  қулық  пен 
алдауды да үйрететін нысанаға айналады. 
Біздің рейтингке келу себебімізді өте қарапайым түрде былай 
деуге болар еді: баға – кісінің қолында, балл жинау, еңбектену – 
баланың    қолында.  Шамасы  жеткенше,  еңбек  етсін  де,  балл 
жинасын.  Неғұрлым  көп  еңбектенсең,  балл  да  көп  болады. 
Нарыққа  көшу  кезінде,  бір  жағынан  үйрену  де  болып  шығады.  
Мысалы: 


198 
 
1)  Оқушы  сабаққа  кешікпей  келді,  ол  үшін  4  балл  алды. 
Кешіксе, ұрысып әуре болмайсың, 4 балл орнына «К» деген белгі 
ғана соғылады.  
2) Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бәрі үстел үстінде 
тұр – 1 балл;  
3) Үй тапсырмасын орындап келді, түгел орындалса – 2 балл,  
жартылай – 1 балл. Орындалмаса, түк те жоқ.  
4) Сабақ  айтты: 5 не 4, 3, 2, 1 балл  жинады. 
5)  Оқушы  өзіндік  жұмыс  жасап  келіпті.  Қосымша  әдебиет 
оқыды, оны конспектілеп, тіпті айтып берді немесе үйге берілген  
тақырыптың  мазмұнын    ашатын  сурет  салды,  қосымша  есеп 
шығарды,  тапсырмадан  тыс  өлең  жаттады,  жаттығу  орындады 
т.б. Ол үшін  5 не 4; 3 не 2; 1 балл алады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет