Қызметкерлерді оқыту мен дамытуды ұйымдастыру бойынша жұмыстың негізгі сатылары: • Компанияның мұратына, бизнес мақсаттарына және басты құзырларына сәйкес, оқытудың мақсаттарын айқындау.
• Қызметкерлерді оқыту саласындағы стратегияны қалыптастыру.
• Оқытуға деген қажеттіліктерді анықтау.
• Оқытудың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарын айқындау.
• Оқытудың мақсаттарына және экономикалық жағынан орындылығына қарай оның түрлерін таңдау: фирма ішілік оқыту, сыртқы провайдерлерді тарту арқылы оқыту.
• Оқытуға арналған жылдық бюджетті қалыптастыру және таяу жылдарда жұмсалатын шығындарды болжау.
• Провайдерлерді іздеу және таңдау, келіссөздер жүргізу және оқыту қызметтерін көрсету шарттарын ресімдеу.
• Ішкі оқыту шеңберінде оқу үрдісін ұйымдастыру, қызметкерлерді оқу орталықтарына оқытуға жіберу.
• Оқытудың тиімділігін бағалау.
Кәсіпорында оқыту (ішкі оқыту) оқытушы нұсқаушылар ретінде компанияның жетекші мамандарын оқу үрдісіне тарта отырып, кәсіпорынның өзінде тікелей жүргізіледі. Оқытудың осы пішіні түрлі кәсіптердің жұмысшыларын техникалық жағынан оқытуды (міндетті трүде үш жылда бір рет), екінші мамандық алу үшін оқытуды, мақсатты нысанадағы түрлі курстарды қамтиды.