«Қарама-қарсы бағалауға негізделген диалог» Бұл - «ой қозғаудың» түрі. Оның негізгі ұстанымы мынадай:
идеялар «Ой қозғау» тәсіліндегідей ұжымдық тұрғыдан келтірілгенде,
оларға қарама-қарсы идеялар да құрастырылып отырады.
Бұл тәсілді қолданғанда төмендегідей кезеңдерді ұстану қажет:
Бірінші кезең.
Диалогқа қатысушылар топтарының құрамын белгілеу. Екінші кезең.
Проблеманы (мәселе, сұрақ, жағдаятты) талдау тобының
құрамын белгілеу.
Шешімін қажет ететін мәселені құрастыру.
Құрастырылған мәселе мен тәсілді қалайша қолдануға
болатындығын қатысушыларға хабарлау.
Үшінші кезең.
Идеяларды бірлесе отырып, тура «Ой қозғау» тәсілі бойынша
жинақтау. Талқылауда шығармашылық пен бірін-бірі сыйлау
атмосферасын құрастыру қажет.
Алдын-ала дайындалған идеялар тізімін оқуға рұқсат
етілмейді: барлық ойлар осы жерде туындауы қажет.
Әр қатысушының бірнеше рет сөз алуына болады, алайда
оның үздіксіз бірнеше рет сөйлеуіне рұқсат етілмейді.
Төртінші кезең:
Проблеманы талдау тобы туындаған идеяларды жүйелейді.
Жүйелеу
барысында
келтірілген
идеялардың
тізімі
жасалынады.
Әрбір идея басқа да толықтырушы немесе қосалқы идеяларды
айқындау мақсатында талданады. Негізгі және қосалқы, толықтырушы идеялар топтамаларға
(кешендерге)
біріктіріледі.
Олардың
ұқсас
қасиеттері
мен
ерекшеліктері зерттеліп, проблеманы шешудің жалпылама мәселелері
анықталады.
Бесінші кезең:
Идеяларды «жоққа шығару»: бұл жерде «ой қозғау» оларды
жүзеге асыруда қандай кедергілер бар екендігін анықтауға
бағытталған. Алтыншы кезең:
Айтылған сын мен сыни ескертпелерді бағалау.
Іс-тәжірибеде қолдануға мүмкін идеялардың қорытынды
тізімін дайындау. Тізімге сыннан өткен идеялар мен оларға қарама-
қарсы келтірілген идеялар жазылады.