Зерттеудің негізі: оқытудың заманауи әдістері, білім беру үрдісіндегі әрекеттік және құзыреттілік тәсілдерін меңгереді.
Зерттеудің болжамы: Ақын шығармашылығының әдебиетте алатын орнын анықтау;
Зерттеу пәні:Ілиястану
Зерттеу әдіс тәсілдері: Зерттеудің барысында жинақтау,талдау,зерттеу әдістері пайдалану.
Зерттеудің объектісі: Ілияс шығармаларының әдебиет тарихындағы орны
Жобаның ұсыну формасы:Зерттеушілік
Ілияс Жансүгіров қысқаша өмірбаяны Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 1894 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп, өз ауылында мұғалім болған. Одан кейін аз уақыт «Тілші» газетінде істеп, Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтын бітірген, соң «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет атқарды. 1932-1934 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы. 1933-1936 жылдары Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің мүшесі болды. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.
Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді. Орта жүздің Найман тайпасының Матай руынан шыққан.
1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.
Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
1922 жылы Верныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады.
1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп;
1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан.
Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып;
1934 жылы өткен 1-съезге дейін қызмет істейді. Съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.
1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде;
1933–1936 жылдары Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды.
1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалады.
1938 жылы ату жазасына кесілген.
1958 жылы ақталды.