Талдықорған қаласы


-1937 жылдары жарық көрген өлеңдер



бет6/7
Дата03.12.2022
өлшемі4,22 Mb.
#54568
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Марбек Талшын ЖОБА

1931-1937 жылдары жарық көрген өлеңдер

"Тракторшыға" (1931), "Октябрь екпіні" (1931), "Жаңа тұрмыс" (1931), "Екпінділер мен прогульщик" (1932), "Социалдыкөмек" (1932), "Бесжылдықтыңерлері" (1932), "Бақыттымын" (1932), "Кавказ" (1932), "Үйгекелем" (1934), "Үмітке" (1934), "Мәскеу-Қазақстан" (1934), "Тұлпарға" (1936), "Белорус халқына" (1936).

Сатиралары


"Ақым мен Мақым" (1930), "Бай бәйбіше" (1927), "Бақтың әдісі" (1923), "Басқа пәлетілден" (1935), "Борнабай не ойлапоқып жүр" (1923), "Газ емес, концерт" (1929), "Ит-ай" (1923), "Қуыршақ" (1929), "Құйрықты базар" (1927), "Құқ" (1928), "Өк, көк өгіз!" (1924), "Өлгенмолданыңөсиеті" (1923), "Саясатқошқарлар" (1922), "СұрпақпайСұғанақ" (1928), "Сыншы-ақ" (1915), "Сонымен, кетіп барам..." (1929), "Сөз Қамысбаевқа" (1929), "Төрешілдіктіңтүрлері" (1929), "Шошқа" (1931), "Ұяныңұясы" (1928).


Жазушының қазақ әдебиетіндегі орны
Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.

Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігершілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыр төбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.



Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет