Талдықорған қаласы


Ілияс шығармашылығының көп қырлылығы



бет7/7
Дата03.12.2022
өлшемі4,22 Mb.
#54568
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Марбек Талшын ЖОБА

Ілияс шығармашылығының көп қырлылығы
І.Жансүгіровтың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады. Қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті оның шығармаларының алтын арқауы. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэма қазақ поэзиясының інжу маржаны болып табылады. І.Жансүгіровтың прозалық шығармаларының ішіндегі көлемдісі - «Жолдастар» романы. Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының тұрмыс тіршілігін, азаттықты көксеген арман аңсарын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дүмпуін суреткерлікпен ашып көрсетеді. Қаламгер әдебиет сыны мен аударма саласында да өнімді еңбектенді. А.Пушкиннің көптеген өлеңдеріне қоса, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне алғаш рет толық аударды. Сондай-ақ, М.Лермонтовтың, А.Горькийдің, Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің көптеген шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады.


Қазақ құлагерінің қуғын сүргінге ілінуі
Қай заманда болмасын, бір халықты бағындыру, мойынсындыру үшін қолданылған ең тиімді тәсілі – оны бассыз қалдыру болатын. Ең бірінші кезекте оның көсемдерін, оқымысты білгірлерін құртуға тырысады. Қаймағын сыпырып алған сүттің тез ашып, іритиіні секілді, «бассыз» қалдырған халық та жылдам көндігеді. Қазақстанда осы бағытта жүргізілген саяси қуғын-сүргін толқындары болып өткен болатын. Бірінші толқын қазақ зиялыларының ең жетекші тобын, әсіресе, алаш қозғалысының көсемдерін жалмады. 1928-29 жылдары А.Байтұрсынов пен М.Дулатов бастаған 44 қазақ интеллегентін алаш қозғалысына қатысқаны үшін абақтыға жауып, негізсіз түрлі жазаға тартты.Қуғын–сүргіннің бірінші толқынының екінші иірімі 1930 жылдың күзінде болды. Бұл жолы тағы 40 қазақ зиялысы осы жолға түсті. Оның 15-і түрлі мерзімге жер аударылды. Сонымен, 1937 жылғы шілденің аптаған күндерінде «ақпанның ызғары соқты». 1937-38 жылдар саяси қуғын-сүргіннің шарықтап, шегіне жеткен кезі болды. Алматыда 1937 жылы 700, 1938 жылы 980 адам атылды. Осы ызғардың қармағына іліккен ақын - жазушылардың бірі Ілияс Жансүгіров.Ілияс Жансүгіров 1894 жылы мамыр айының 1-де бұрынғы Қапал уезінің Ақсу болысына (№4 ауыл) қарасты (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) «Қызылтаң» ауылының маңындағы Кіндікқоңыр қыстағында дүниеге келген.1920 жылдан бастап Ілияс Жансүгіров сол кездегі баспасөз орындарында қызмет атқара бастайды. Ең алғашқысы «Ақ жол» газетіне корректор болып қызмет істейді. «Жас алаш» атты жастар газетін шығаруға белсене араласады. 1921 жылдары Алматыда шығатын «Кедей еркі», «Тілші» газеттерінде көптеген өлеңдері жарияланады. 1922 жылдың аяғында «Тілші» газетінде әдеби қызметкер болып орналасады. Осы жылдары қанатын жая бастаған ақын «Кедей еркі», «Тілші» газеттерімен қатар Ташкенттегі «Жас қайрат», «Сана», «Шаншар» сияқты баспасөз орындарымен, Қызылорда қаласында шығатын «Лениншіл жас», «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» атты газет-журналдармен байланысқа түсіп, өлең, әңгіме, очерк, мақалаларын жіберіп отырған болатын. 1928-1931 жылға дейін «Еңбекші қазақ» қазіргі «Егеменді Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болған Ілияс Жансүгіров 1937 жылдың жазалауына не үшін тап болғаны түсініксіз болады .Талайды жазықсыз қаштыраған - Қанды 38! Талай уақытқа дейін, ақынның соңғы күндері белгісіз болып келген болатын. Тек кейінгі жылдарда нақты мәліметтер анықтала бастады. Сол деректедің бірі ақынның қуғын-сүргін жылдарындағы өмірі. Ілияс Жансүгіровті ату жазасына кесу туралы үштіктің үкімі толық мәтінін және ақынның 1938 жылы 26 ақпанда атылғандығын дәлелдейтін құжаттар Мәскеуде, Кеңес Одағы МХК Орталық мұрағатында сақтаулы екендігі мәлім болған. Аталған үштіктің Ілияс Жансүгіровтің қазасына байланысты үкімі 1938 жылдың 26 ақпанында Алматы қаласында орындалған болатын .


Қоғам қайраткерін есте қалдыру

Республикада бірнеше мектеп, көше, аудан, шаруашылыққа, Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университетіне оның есімі берілген. Сол қалада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.









Талдықорған қаласында орналасқан Ілияс Жансүгіров атындағы мұражайынан алынған

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті


Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет