Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет121/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   332
3. Жіктік жалғауы. Жіктік жалғауы қиыса, меңгеріле, қабыса 
байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларына жалғанады. 
Əрине жіктік жалғауын қабылдауға бейім сөз етістік, сол сияқты 
есімдер де жіктік жалғауды қабылдап, баяндауыш қызметінде 
жұмсалады.
Жіктік жалғауы сөйлемнің баяндауыш қызметінде жұмсала-
тын сөздерге екі түрлі жағдайда жалғанады. Біріншіден, ол жал-
ғау сөзге бірнеше жалғау жалғанғанымен, олардың барлығынан 
соң жалғанады. Мысалы, Біз үйдеміз. Екіншіден, кейде жіктік 
жалғаулары көптік жалғауларының алдында келіп жұмсала 
береді. Мысалы, оқа емес, сендер өз аттарыңды тарихта онсыз да 
қалдырдыңдар («Лениншіл жас»).
Бірақ жіктік жалғаулары мейлі сөздің соңында, мейлі 
белгілі бір жалғаулардан бұрын келгенімен, бəрібір біріншіден, 
баяндауыштық тұлға болып есептеледі де, екіншіден, сөйлемдегі 
басқа сөздерге басыңқылық қызмет атқарып, сөйлемнің ішінде 
сөз тіркестерін құрауға себеп болады.Əрине, етістіктер сөйлем-
нің соңында келіп, сөз тіркесінде басыңқылық қызметте жұм-
салған кезде олар əртүрлі тұлғада да жұмсала береді. Яғни бер, 
берген, беріп, т.б. тұлғаларда келіп, сөз тіркесінің басыңқы сы-
ңарында жұмсала береді.
Таяқ жесе же, Елена Павловна жылаған баланы уатып, ал-
дында қарусыз елге қожаңдап тұрған Хайровты көзімен атып тұр 


248
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
(Ə. Шəріпов). Міне, осында уату етістігі көсемше тұлғасында 
бала сөзімен меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құрауда.
Бұл процесс – тек құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары 
кезінде ғана болатын құбылыс. Ал құрмалас сөйлемнің басыңқы 
сыңарының жəне жай сөйлемнің баяндауышы кезінде етістіктер 
тиянақсыз тұлғада емес, міндетті түрде өзіндік тиянақты тұл-
ғасында немесе көмекші сөздердің қызметі арқылы ғана келеді. 
Жіктік жалғауының етістікке жалғанып, басыңқы сыңарда жұм-
салуында, əдеттегі есімше, көсемше тұлғасында етістіктерге 
қарағанда қалайда тиянақтылық қасиет басым болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет