Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет118/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

І. Синтетикалық тəсіл. Синтетикалық тəсіл жайлы сөз ет-
пес бұрын синтетикалық деген терминнің өзі нені білдіреді, соған 
тоқталайық.
Синтетикалық – грек сөзі. Грек тілінің (sinthetikos) «тізбек», 
«құрастыр», «біріктіруші» сөздерінің синтезі нəтижесінде жа-
салған термин.
Синтетикалық тəсіл осы уақытқа дейінгі зерттеулерде тек төрт 
жалғаудың қатысы арқылы жүзеге асады делінеді. Шынында, 
бұл дұрыс түсінік. Бірақ сол төрт жалғау арқылы сөз бен сөздің 
байланысының өзінен олардың іштей арақатынасының бірдей 


244
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
еместігін көруге болады. Септік жалғау мен көптік жалғау сөз 
тіркесінің бағыныңқы сыңарына қатысты болады. 
1. Септік жалғаулары. Осы күнгі ғылыми еңбектерде септік 
жалғаулары жайлы пікірлерде бірізділік бар. Сөздерге септік 
жалғануының өзі оның басқа бір сөзге қатысты екендігін көрсетеді. 
Барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы сөздердің басқа сөздерге 
қатысынан оның байланысу тəсілі айқындалады. Септік жалғауы-
ның басқа жалғауға қарағанда сөз бен сөзді байланыстырудағы 
рөлі ерекше. Септік жалғаулары басқа сөздермен, біріншіден, 
сабақтаса байланысса, екіншіден, сол сөздердің байланысының 
нəтижесінде грамматикалық қосымша мағынаға ие болады. Мы-
салы: Нариманды ымдап шақырып еді (Ш. Мұртазаев) сөйлемдегі 
сөз тіркесі – Нариманды шақырып еді. Бұндағы жалқы есімді 
жалғаусыз айтсақ, Нариман шақырып еді болып, сөздердің байла-
нысы мүлдем өзгеріп кетеді.
Септік жалғаулары сөз бен сөзді байланыстырумен қатар
түрлі-түрлі синтаксистік қатынасты, яғни барыс септігіндегі сөз-
дер беталысты, бағытты, мақсатты, мезгілді, т.б. білдіреді. Сондай 
мағыналық қатынастар тек жалғау жалғанған сөздердің əртүрлі 
болуынан ғана тумайды, тұтас сөз тіркесінің қарым-қатынасы-
нан туады. Септік жалғаулы сөздер мағыналық үйлесімі бар етіс-
тіктермен ғана сөз тіркесін құрай алады. Мысалы, машинаны де-
ген сөз бұз, жөнде, айда, жу, сүрт, ал, бер, т.б. сөздерді ғана керек 
етеді.
Бұлай болуының екі түрлі себебі бар:
Біріншіден, əрбір етістіктің мағынасы солардың тиістісін тілеп 
тұрады. Сол мағыналар мен синтаксистік қызмет əуелі тіркес 
құрамында пайда болады. Солай үйлесімін тапқан сөздер тіркесі 
көп жылғы дағды бойынша өздерінің ұяласқан жұбын жазбайды. 
Одан сəл ауытқу, бір жалғаудың орнына екінші жалғау жұмсай 
салу сөз тіркесінің тұрқын бұзады. Мысалы, атқа мінді дегенді 
аттан мінді, атпен келді дегенді аттан келді деуге болмайды
болса басқа мағынада жұмсалады [69, 48].
Септік жалғауларының сөз бен сөзді байланыстырудағы қыз-
метінің өзін екі жақты қарау керек сияқты. Ілік жалғаулы сөз 
бен оның басыңқы сыңары жəне барыс, табыс, шығыс жалғаулы 
сөздердің басыңқы сыңарларымен арақатынасы, сөз табына 


245
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
қатыстылығы жағынан өзара бірдей емес. Оның өзі ондай кездегі 
сөз тіркестерінің түрлерінің пайда болуына, яғни ілік жалғаулы 
сөздер арқылы негізінде есімді сөз тіркестері де, ал басқа жалғау-
лар арқылы əрі есімді, əрі етістікті сөз тіркестері жасалады. Осы 
Шұғыланың өзінде қаншама завод салынады, осы аймақтан қан-
шама кеніш ашылады (Ш. Мұртазаев). Оның көзіне ит қандай дəу 
болып көрінді десеңші (И. Тургенов) деген сөйлемдерде Шұғы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет