Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет122/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

4. Көптік жалғауы. Көптік жалғауы тіліміздегі көп қолда-
нылатын жалғаулардың бірі. Мысалы, 1. Мен үйге бара берейін, 
сендер асықпай келерсіңдер (І. Жақанов). 2. Есік алдында тұрмай 
үйге кіріңіздер. 3. Жұмысшылар интернационалға кіре бастаса-ақ 
болды (Э. Золя). Бұл сөйлемдердегі көптік жалғаулы сөз тіркес-
тері жұмысшылар кіре бастаса-ақ болды, сендер келерсіңдер, 
сіздер кіріңіздер.
Жалпы көптік жалғауы зат есімге, субстантивтенген сөз тап-
тарына жалғана-тындығы белгілі. Əрине, көптік мағына лекси-
калық, морфологиялық жəне синтаксистік тəсіл арқылы беріледі. 
Ал сөз тіркесінің бір сыңары болуы үшін немесе сөз бен сөзді 
байланыстыруда біздің негізгі объектімізге көптік жалғаулы 
сөздердің морфологиялық тəсілі негізге алынады. Ондай мор-
фологиялық тəсіл арқылы жасалатын көптік жалғауының көрсет-
кіші -лар, -лер (оның варианттары). Осы көптік жалғауларының 
сөзге жалғануының өзінің екі жолы бар сияқты. Жаңаларды жеке 
жібермей, ескілерді баулыса қайтеді? (Ғ. Мұстафин) – деген 
сөйлемде жаңаларды жібермей, ескілерді баулу сияқты меңгеріле 
байланысқан сөз тіркестері бар. Міне, осы сөз тіркестерінің 
бағыныңқы сыңарларындағы сөздерде жаңа, ескі сөздеріне əрі 
көптік, əрі септік жалғаулары бірдей жалғанған. Бірақ осындағы 
сөз бен сөзді байланыстыру рөлін көптік жалғауы атқарып тұр 
дей алмаймыз. Өйткені оның бұл жердегі қызметі сол сөздің көп-
тік мағынасын білдіреді де, ал ол сөзді басыңқымен байланыс-
тыруда табыс септігі негізгі қызметке ие болып отыр. Біз бұл 
жерде көптік жалғаулы сөздер туралы айтқанымызбен, оны жеке 
алып қарау мақсатын қойып отырғанымыз жоқ. Біз көптік жал-


249
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
ғаулы сөздердің басқа сөздермен байланысып, сөз тіркесін құрау 
жағын ғана қарастырамыз. Сөз тіркестерінің қабыса, меңгеріле, 
қиыса жəне матаса байланысқан түрлерінің ішінде көптік жал-
ғауы тек қиыса байланысу формасын құрауға қатыса алады. Бас-
қалары көптік жалғауы арқылы байланыспайды. Ал қиыса бай-
ланысқан сөз тіркестерінің сыңарлары бастауыш жəне баянда-
уыш екендігі белгілі. Сонда көптік жалғауы ондай сөз тіркесінің 
бірінші, екінші сыңарына да жалғанады. Бірақ ол жалғаудың он-
дай кездегі қызметі бірдей емес. Ондай сөз тіркестерінде көптік 
жалғаулары көбіне бірінші, яғни бастауыш болып тұрған сөздерге 
жалғанады да, ал баяндауыш болып тұрған сыңарлары етістік бо-
лып келсе, оған көптік жалғауы ІІ жақтың көпше түріне жалға-
нады. Мысалы: Сендер келіңдер, сіздер келіңіздер. Ал есімдер-
ден баяндауыш болып келгенде де ретіне қарай жалғануы 
мүмкін. Бұған қарағанда, көптік жалғауы сөз тіркестерінің көбі-
несе бірінші сыңарына ғана жалғанады.
Біздіңше, көптік жалғауларын сөз бен сөзді байланыстыру-
дағы осындай ерекшеліктеріне қарай екіге бөліп қарау керек 
сияқты.
1. Көптік жалғауы -лар, -лер сөздерді өзара байланыстыруға 
қатысады, бірақ ол бағындырушы тұлға болмайды. Мысалы, 
жұмысшылар кіре бастаса-ақ болды деген сөз тіркесіндегі -лар 
көптік жалғауын алып тастап, жұмысшы кіре бастаса-ақ деп те 
айтуға болады.
2. Есімдіктерге көптік жалғауы жалғанғанда ол сөз екінші сөз-
дің міндетті түрде көптік жалғауында тұруын керек етеді. Мыса-
лы, сендер келерсіңдер, сіздер кіріңіздер – деген сөз тіркестерін-
дегі сендер, сіздер сөздері кел, кір сөздерінің міндетті түрде көптік 
жалғауында тұруын керек етеді. Сендер келің, сіздер кіріңіз деп 
айтуға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды: жалғаулар сөз 
бен сөзді байланыстыру үшін жұмсалады. Бірақ сол қызметтегі 
жалғаулардың барлығы бірдей сөзді сөзге бағындырушы тұлға 
бола алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет