247
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
дер) жетектеп тұрады. Мысалы, Байжанның баласы Апақ
суыр
інінен шыққан жылтыр тас көмірге кездесті (Ғ. Мүсірепов).
Мар-
тен цехында инженер Сағатова – құрышты ОТК-ға тапсырайын
деп жатыр екен (З. Шашкин). Бұл сөйлемдердегі тəуелдік жал-
ғаулы сөз тіркестері
суыр інінен, Мартен цехында, ондағы тəуел-
дік жалғаулы сөздерге шығыс, жатыс септіктері жалғанып тұр.
Тəуелдік жалғауларының матаса
байланысқан сөз тіркесінің
басыңқы сыңары болуымен қатар, сөз тіркесінің бағыныңқы
сыңары болу қызметі де кездеседі.
Сол сияқты тəуелді жалғаулы
сөздер сөйлемде тек мата-
са байланысқан сөз тіркестерін құрап қоймай, кейде қиыса
байланысқан сөз тіркестерін де құрауға қатысты. Ағаш көркі –
жапырақ, адам көркі – шүберек (Мақал) – дегендегі
ағаш көркі,
адам көркі тəуелді жалғаулы бастауыштар тəуелдік жалғауының
ІІІ жағында келуі арқылы баяндауышпен қиыса байланысқан.
Достарыңызбен бөлісу: