270
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
тіркеседі дейтін жаңа тіркес те пайда болып отырғандығын айта
аламыз.
Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестері бірнеше
байланысу формасында келеді. Оларды өзара қиыса, матаса, қа-
быса, меңгеріле байланысқан сөз тіркестері деп бөлу орынды.
Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерінде ба-
ғыныңқы, басыңқы сыңардағы сөздер тек бір сөздің қайталануы
арқылы жасалуы керек. Ондай кезде бағыныңқы басыңқы сы-
ңардың əрбір сөздері:
– біріншіден, дербес мағыналы сөздер;
– екіншіден, ол сөздердің өзара синтаксистік қызметі анық;
– үшіншіден, ол сөздер морфологиялық жағынан өзгере ала-
тын сөздер;
– төртіншіден, ондай екі сөздің тіркесінен өзара грамматика-
лық мағына пайда болуы тиіс.
Егерде бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөздер то-
бында жоғарыдағы қасиеттер болмаса, онда олар қаншалықты
қайталанып келгенімен, өзара сөз тіркесі болмайды да, сол тобы-
мен сөз тіркесінің бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: