273
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
2. Табыс септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі.
Мырзаны мырза десең
желдіреді,
малайды «малай» десең тірі өледі (Маржан сөз).
Терезесінде зырылдауығы жоқ
үйді үй деп керегі жоқ, – дейтін
болды (Ғ. Мүсірепов).
б) Етістік пен етістіктің тіркесі.
Аулауын ауларсың, аузыңмен
не қармарсың? (Маржан сөз). Бұлар үйге кіргенде атақты би
ай-
тарын айтып болып, қоштасар сөзге таяп қалған еді (Ғ. Мүсіре-
пов). Абзал соңғы
айтарын айтса да, отыра кеткен Сəулеге ойлы
көзімен қарап қалды (Ə. Əбішев).
3. Шығыс септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. – Ой, көсегең көгерсін, Ақан
балам,
малдан мал, жаннан жан қоймай, берекемізді кетіріп еді
(С. Жүнісов).
Сол жерде сөзден сөз туды, бұл жігіт өз тағдыры
жайында бір сыр шерткен еді (О. Сағынаев).
б) Етістік пен етістіктің тіркесі.
Өйтіп езу тартқанын көр-
сеткенінен көрсетпегені жақсы да (Ғ. Мүсірепов). ЦУМ-ның
бар қабатын түгел ақтардық,
алғанымыздан алмағанымыз көп
сияқты (Ш. Жандарбекова).
4. Көмектес септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. ...Шіркін-ай,
досыңмен дос
бол, қасыңмен қас бол. Досыңмен қастаспа, қасыңмен достаспа
деп, Ұлақшыға айта алмай қалдым-ау (І. Есенберлин). – Əй, кем-
пір ішер шайыңды іштің ғой. Енді
жаспен жас болмай, қазан-
дық жаққа барсаңшы (С. Жүнісов).
ə) Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Ағайынға зəбірің жоқ,
өзімен
өзі болып отыратын ырыс иесі бір момын адам едің, күндердің
күнінде көре тұра айтпапсың деген өкпеңе қалармын деп əдейі
бұрылдым... – деді (Ғ. Мүсірепов).
Достарыңызбен бөлісу: