Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет19/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   332
Күрделі сөз тіркестері
сөздер болғанымен, оларды іштей байланысу формаларына талда-
уды қажет етпейді. Үшіншіден, сөз тіркестері аясының кеңеюіне 
көмекші сөз таптарының да қатысы сөз болады. Бұл арада біз тек 
дербес мағынасы бар сөздерге қатысты күрделі сөз тіркестерін 
сөз еттік.
Сөз тіркесі туралы И.А. Батманов, Н.П. Дыренкова, А.К. Бо-
ровков, Н.К. Дмитриев, А.Н. Кононов, Л.П. Поцелуевский, Е.И. Уб-
рятова сияқты көрнекті зерттеушілердің еңбектерінде көптеген 
пікір-тұжырымдар жайында жоғарыда айттық. Бірақ сөз тіркес-
терінің құрылысы жөнінде бұл ғалымдардың еңбектерінде тиіп-
қашты ғана сөз болады. Сөз тіркестерінің көптеген мəселесін 
арнайы зерттеген ғалым Е.И. Убрятова оның құрылысына қыс-
қаша ғана тоқталады. Автор Қыһыл көмүс – золото (исторически: 
красное серебро), үрүң көмүс – серебро (исторически: светлое се-
ребро), қыһыл око – младенец (досл.: красное дитя), құс сүрэх – 
трус (досл.: утка сердце), саба түс – напасть (досл.: закрывая 
падать), кимог киир – наступать (досл.: напирая, войти) быһа 
тарт – рвать пополам, прерывать (досл.: разразая, тянуть), хайа 
хат – рассыхаться (исторически: раскалываясь пополам сохнуть) 
деген мысалдарды талдай келіп, бұл сөз тіркестерінің əрқайсысы 
бір ғана ұғымды білдіреді. Сондықтан да оларды анықтауыш пен 
анықталушы сөздің (алғашқы төрт мысалы) немесе пысықтауыш 
пен баяндауыштың (соңғы төрт мысал) тіркесі деп қарауға кел-
мейді. Бұлардың қайсысы да аналитикалық тəсілмен жасалған əр-
қайсысы бір ғана ұғымды білдіретін күрделі сөздер дейді [15, 35].
Н.А.Баскаков жалпы сөз тіркесінің аясын кеңейтудегі өзін-
дік ерекшеліктерін елемейді, ол сөз тіркестеріндегі негізгі заң-
дылықтармен бірге оның құрылысына назар аударған. Автор сөз 
тіркестерін атрибутивно-субстантивно жəне атрибутивно-атри-
бутивно сөз тіркестері деп бөліп, əрқайсысының күрделі жасалу 
жолдарын береді. Атрибутивті-субстантивті күрделі сөз тіркес-
терінің жасалуын есімді-етістікті күрделі сөз тіркестері деп екіге 
бөліп қарастырады. Есімді күрделі сөз тіркестерінің 10 түрлі, 
етістікті күрделі сөз тіркестерінің 3 түрлі, яғни атрибутивті-
субстантивті сөз тіркестерінің 13 түрлі күрделену жолдарын бе-
реді. Сол сияқты атрибутивті-атрибутивтікті сөз тіркестерінің де 
күрделі түрлерін есімді, етістікті деп бөле отырып, автор: «Ондай 


45
Күрделі сөз тіркестері
аралас атрибутивті-атрибутивтік сөз тіркестерінің өзі объектив-
тілі жəне объектісіз жай сөз тіркестерінен тұратындығын көр-
сетеді»
[39, 177].
Н.А. Баскаковтың күрделі сөз тіркесі туралы айтуы бойын-
ша оның барлық моделін беру мүмкін емес. Автордың бір күр-
делі сөз тіркесі дейтінінің өзінде он шақты сөз бола береді. 
Ондағы сөздер сөз табы жағынан əртүрлі жəне əртүрлі байланысу 
формаларында болады. Оны автордың мына мысалдарынан анық 
көруге болады.
1. Жаңағы қойдың ішіндегі көк қошқар. «Тот упомянутый се-
рый баран, находящийся среди овец».
2. Жаңағы үлкен əйелдің баласын арқалап қашқан көк қош-
қар. «Серый баран, который утащил ребенка той старшей же-
ны» [39, 166]. Күрделі сөз тіркестерін жасау үшін тек толық 
мағыналы сөздер ғана қатысты. Екіншіден, кейде сөз тіркесінің 
аясының кеңеюіне толық мағыналы сөздермен бірге, дербес 
мағынасы, синтаксистік қызметі еленбейтін күшейткіш үстеулер-
дің қатысы бар дейтін «ең жақсы кеңес, очень хороший умный 
совет» деп жақсы жəне жақсы кеңес, очень хороший умный со-
вет» деп жақсы жəне ең сөзін анықтауыш деп күрделендіретін 
күрделі жəне аралас (смешанные) тіркестер деп бөле отырып, 
ондай сөз тіркестерінің тек толық мағыналы сөздердің негізінде 
жасалатындығын көрсетеді [40, 80].
Жалпы сөз тіркесінің құрылысы туралы арнайы еңбек жазыл-
ған емес. Тіпті орыс тіл білімінің өзінде осы күнге дейін арнайы 
зерттелмеген. Н.А. Баскаков түркі тілінің материалының негі-
зінде алғаш рет докторлық диссертация қорғап, соның негізінде 
«Словосочетания в современном турецком языке» деген түркі 
тілінің сөз тіркесінің құрылысы туралы монографиялық еңбегін 
шығарды. Онда автор бірінші рет түркі тілінің материалының 
негізінде жай жəне күрделі сөз тіркестерінің жасалу жолда-
рын, олардың ерекшеліктерін арнайы сөз етті. Автор күрделі сөз 
тіркестерінің жасалу модификациясын жасады [41; 42].
Сөз тіркесі жəне оның құрылысы туралы М.З. Закиевтің құн-
ды пікірлері бар. Автор татар тілінің синтаксистік құрылысына 
арналған еңбегінің «Жай жəне күрделі сөз тіркестері» деген та-
рауында жай жəне күрделі сөз тіркестерін, олардың бір-бірінен 


46


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет