Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет270/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Қазіргі қазақ тілі
сөз тіркесі мүлде ауызға алынбайды. С.Аманжоловтың жоғарыда 
аталған кітабында «сөздердің тізбектері» (10) деген тақырып бар. 
Ол лексика мен тұрақты тіркеске қатысты мысалдарды екі бөліп 
баяндайды.
Дұрысында, 1940 жылдары қазақ тілінің грамматикалық 
категорияларын айқындау жұмысы мектептерге əртүрлі бағ-
дарламалар, оқулықтар жазу үстінде жүріп жатты. Бізде ол жыл-
дары ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижелерін жариялап 
барып, солар, негізінде оқулық жазылған жоқ, бірақ оқулықтар 
жазылу барысында көптеген ғылыми қорытындылар жасалып 
отырды. Сонда қазақ тілін зерттеушілердің пікірталастары жоқты 
бар ету бағытында болмай, көбінесе барды дұрыс түсіну, олардың 
грамматикалық сыр-сипатын айқындау ыңғайында болды.Солар-
ды игеріп алмай тұрып, əрине, жаңалыққа қол созу оңай емес-
ті. Əйтсе де, проф. Қ.Қ. Жұбанов қазақ тілінің грамматикасын 
жаңаша құрастырып, бірқатар грамматикалық атауларды жаңаша 
атап, көптеген мəселелерді өзінше дұрыс бағдарлап баяндауға ты-
рысты. Сол бағытта орта мектепке арнап 1936 жылы грамматика 
оқулығын шығарды, соған байланысты «Ауыл мұғалімі» журна-
лында «Жаңа грамматиканың жаңалықтары» деген мақала жа-
риялады. Қ.Жұбановтың мектеп тəжірибесінен ғылымға шұғыл 
бет бұруының айғағы есебінде автордың көмекші етістіктер 
жайындағы
[1] жəне сөйлем мүшелерінің орналасу тəртібінің та-
рихы жайындағы
[2] еңбектерін айтуға болады. Соңғы кітабында 
Қ.Жұбанов сөйлем мүшелерінің бұл күндегі орналасу тəртібінің 
ертеде өзгеше болғанын дəлелдейді. Сондағы ғылыми болжаулар 
мен келтірілген деректердің сөйлем мүшелеріне ғана емес, сөз 
тіркестері тарихына да тікелей қатысы бар.
Мектеп тəжірибесінен бастау алған ой-пікірлер проф. С.Аман-
жоловты да «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсын» 
жазуға итермеледі. Бұл студенттер үшін жазылған бірінші оқу 
құралы болғандықтан жəне автордың синтаксис мəселелерін 
ғылыми тұрғыдан баяндау мақсатын көздегендіктен, кезінде 
филолог-студенттердің қажетіне жарады. Автор ол кітапта 
сол кездегі «жаңа ілім» қағидаларын қазақ тілі синтаксисімен 
ұштастырмақ болды. Кітапта қазақ тілі материалдарына сүйеніп 
айтылған, дұрыс қорытқан мəселелер де бар. Ол мəселелер 


537
Қазіргі қазақ тілі
соңғы жылдары басқа авторлармен бірлесіп жазған орта мектеп 
оқулығынан
[3] тиісті орын алды. 1953 жылы шыққан орта мек-
теп синтаксисінде авторлар сөйлемге мынадай анықтама береді: 
«Тиянақты ойды білдіретін бірнеше сөз тіркесін сөйлем дейміз» 
(1,3-бб.). Бұған қарағанда, сөз тіркесі – сөйлем құраудың негізі. Ал 
сол кітаптың 12-бетінде сөз тіркесіне мынадай анықтама берілген: 
«Кейбір сөз (сөйлем мүшесі) басқа сөзді я сөз тізбегін анықтап, 
толықтап, пысықтап немесе түрліше қиюласып, бірін-бірі керек 
ету жолымен байланысады. Мұндай байланыстарды сөйлемдегі 
сөздердің тіркесі дейміз». Бұл айтылғанға қарағанда, сөз тіркесі 
сөйлемдегі сөздердің байланысы болып шығады.
Сөйтіп, қазақ тілі оқулығында «сөз тіркесі» деген термин 
1950 жылдардан кейін оқта-текте аталады, бірақ оны авторлар-
дың қай мағынада жұмсап отырғаны аян емес, оған берген 
анықтамалары да аз болды.
Қазақ тілі синтаксисіне елеулі еңбек сіңірген ғалым С.Жиен-
баев болатын. Оның жай жəне құрмалас сөйлем мəселелеріне 
арналған құнды зерттеулерінің қатарында сөз тіркесі бөлек тал-
данбайды. Бірақ «үйірлі мүше» деген атпен қай сөздің қандай 
сөздермен топ құрай алатыны жөнінде айтқандарының сөздердің 
толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін айыру жөніндегі дəлел-
дерінің есімді, етістікті сөз тіркестеріне қатысы бар.
1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді кітап 
шықты. Бұл кітап – қазақ тіл білімінің фонетика, лексика, грам-
матика мəселелеріне қатысты жан-жақты мағлұмат беретін елеулі 
еңбек. Онда жеке адамға табыну, дəйексөзге əуестену тəрізді елеулі 
кемшіліктер бола тұрса да, көп мəселелер жүйеленіп, ғылыми 
тұрғыдан дұрыс баяндалған, көптеген жаңалықтар енгізілген. 
Ол кітаптың синтаксис саласындағы бір жаңалығы – сөз тіркесі 
синтаксисінің жай сөйлем синтаксисінен бөліп алынып, өзіндік 
өзгешеліктері бар мəселелер ретінде қарастырылуы. Осыны ай-
тып отырған автордың сол жұмысында қате тұжырымы да бол-
ды. Онда сөз тіркесі əрі сөз таптарының, əрі сөйлем мүшелерінің 
тіркесі ретінде салаласатын, сабақтасатын байланыстағы сөздер 
деп қаралған. Кейінгі зерттеулеріміз мəселеге басқаша қарау ке-
рек екенін көрсетті. Дұрысында, сөз тіркесі – сөйлем мүшелерінің 
тіркесі емес, сөз таптарының тіркесі. Сөз тіркесіндегі сөздер тек 


538
Қазіргі қазақ тілі
сабақтаса байланысады, салаласа байланысатын бірыңғай мүше-
лер сөз тіркесі деп есептелмейді. Олар жай сөйлем синтаксисінде 
қаралуға тиіс. Осы сынды өзге автор адресіне де айтуға болады
1
.
Жалпы түркітануға байланысты əдебиеттерде сөз тіркесі 
дегенді бөліп қарамай-ақ, «анықтауыштық есімдер тобы» («имен-
ные определительные группы») дегенге ерекше көңіл бөлінді. 
Оның себебі: ертедегі түркітанушылар түркі тілдерінің синтак-
систік құрылыстарында кездесетін өзгеше құбылыстарды ай-
қындауды басты міндет етті. 
Расында, зат есім мен зат есімнің, сын есім мен сан есімдердің 
зат есімдермен жалғаусыз қатар тұру арқылы байланысқа еніп, 
анықтауыштық қатынаста жұмсалуы түркі тілдерінің елеулі 
өзгешелігі болып саналады. Олар түркітанушыларды қызықтырмай 
қоймайды
[4]. Бірақ олар ондай есімдер тобын сөз тіркесі деген 
тұрғыдан емес, сөйлем мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін 
айқындау тұрғысынан қарастырады (Əрине, екеуі бір емес).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет