Талғат сайрамбаев


Де көмекші етістігі туралы



Pdf көрінісі
бет267/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Де көмекші етістігі туралы. Де көмекші етістігі арқылы 
жасалған құрама баяндауыштар е көмекші етістігі арқылы жасалған 
құрама баяндауыштарға қарағанда аздау. Дегенмен бұл де көмекші 
етістігі арқылы жасалған құрама баяндауыштар да морфологиялық 
жағынан өзгергіш. Əмір, қойсаңшы балпылдамай, үй өзімдікі 
демегін (С.Бердіқұлов). Перзентім он деді ғой (М.Қалдыбаев). 
Кейде оның тыржиып, құлықсыз да бейілсіз, енді бірде орынсыз 
жалпақ сұлтан бола қалатыны бар-ды. Мінезі бірде сегіз, бірде 
тоғыз дегендей (Н.Əбуталиев). Осы сөйлемдердің құрама баян-
дауыштары сөйлем мағынасына нақтылықтан гөрі солғындық та-
нытып тұрған сияқты.
Бол көмекші етістігі туралы барлық сөз таптарымен (бұл ара-
да есімдерді ғана айтып отырмыз) тіркесте жұмсалатын көмекші 
етістіктер е, де жəне бол етістіктері болып табылады. Құрама 
баяндауыштың жасалуында көп қатысатын етістіктің бірі –
бол етістігі. Бұл етістік бұйрық рай түрінде, жіктеліп келіп те, 
есімше, көсемше, қимыл есімі формасында да тұрып жəне түрлі 
жұрнақтарды жалғап та жұмсала береді. Ондай кезде бол етістіктері 
барлық есімдерге тікелей жалғанып, құрама баяндауыш жасайды. 
Мысалы: жақсы бол, екеу бол, мəз бол, өте əдемі бол, сыншыл 
бол, тəуір бол, бірінші бол, қорған бол, жақсырақ бол, екінің бірі 
бол, т.б. Бұл мысалдардағы нөлдік тұлғада тұр.


530
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Бол көмекші етістігі мынадай формаларда келеді: 
а) Бұйрық райлы етістік арқылы: Не болсаң, ол бол деп, қолын 
бір сілтеді (С.Бақбергенов).
ə) Жіктеліп келуі: Осы үйдің иесі менмін (С.Бердіқұлов).
б) Есімше арқылы: Бұл жерде бұрын үлкен қала болған 
(Ш.Айтматов).
в) Көсемше арқылы: Мен əке болып көрдім (М.Қалдыбаев).
г) Қимыл есімі арқылы: Бар мақсат – адам болу («Жұлдыз»).
ғ) Түрлі қосымшалар арқылы: Баланың келешегі оның дұрыс 
адам болуында («Қазақстан мұғалімі»).
Құрама баяндауыштың жасалуында модаль сөздердің жəне 
тұрақты тіркестердің де орны ерекше. Модаль сөздер арқылы: 
Келе жатырмын ба, жоқ па, оған бəрібір сияқты (Б.Нұржекеев). 
Тұрақты тіркес арқылы: Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас, 
мəстекті мақтағанмен тұлпар болмас (Мақал-мəтел).
ƏДЕБИЕТ
1. Басымов Х. Сөйлем мүшелері туралы// Ауыл мұғалімі, 1939.
2. Бəйтенов I. Сөйлем мүшелері туралы // Ауыл мұғалімі, 1939. 
3. Аманжолов С., Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. II бөлім. 
Синтаксис. Алматы, 1939. 
4. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. Ал-
маты, 1940. 
5. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. Алматы,1949.
6. Арғынов Х. Жай сөйлем синтаксисінің методикасы. Алматы, 1969.
7. Əміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1981.
8. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. Алматы, 1979.
9. Нұрмаханова Ə. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1981.
10. Дыренкова И.К. Грамматика ойротского языка. М.- Л., 1940.
11. Кононов H.А. Грамматика современного узбекского литературного 
языка. М.-Л., 1960.
12. Жапаров А. Азырқы қырғыз тілі. Фрунзе, 1966.
13. Чеснокова Л. Д. Грамматические вопросы как средства анализа пред-
ложения// Русский язык в школе, 1978.
14. Зарецкий А. И. О местоимении//Русский язык в школе. 1940, № 6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет