529
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Е, де көмекші етістіктері құрама баяндауыштардың жасалуын-
да басты тұлға бола отырып, олар, біріншіден, мол қолданылады,
екіншіден, олар өзара жəне екеуі бір-бірімен тіркесіп жəне онан
кейін түрлі көмекші етістіктер де тіркесіп жұмсала береді. Осы
сөйлемдердің есім баяндауышынан соң
е көмекші етістігі қайталап,
əртүрлі тұлғаларда берілген. Сонда, бір ғана көмекші етістікке
қарағанда екі бірдей көмекші етістіктің тіркесте жұмсалуы
мағыналық жағынан да, құрамы жағынан да өзіндік ерекшелікке
ұшырап отырады. Мысалы:
құштар емес, сен емес, сіз емес, тегін
емес дегенде нақтылық айқын болса, оларға сол көмекші етістіктің
қайталанып тіркесуі дүдəмəлікті көрсетеді. Мысалы:
бару
мүмкін емес;
бару мүмкін емес екен құрама баяндауыштардың
мағынасында айырмашылық бар. Бірінде нақтылық,
екіншісінде
бəсеңдік байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: