соңыма! (Ғ.Мүсірепов). Тарт қолыңды! (М.Əуезов). – Тоқташы,
балам! – деді Шығанақ өтіп бара жатып. – Тарыңнан титтей
берші (Ғ.Мұстафин).
551
Қазіргі қазақ тілі
Бұйрықты сөйлем көбінесе толымсыз (бастауышсыз) болады
да, оның орнына қаратпа сөз қолданылады. Қаратпа сөздер істі
істеуге тиісті кісіні, бұйрықтың кімге, неге арналғанын білдіреді.
Бұйрықты сөйлемдердің тағы бір ерекшелігі мынау: олар
көбінесе аз сөзден құралған ықшамды болады да, екпінді əуенмен
тақ-тұқ айтылады.
– Қорқытпа! Тоқта, бала, тоқта! (Ғ.Мұстафин). Тыңда, дала,
Жамбылды! (Жамбыл).
Мақтан қума. Керек қу!
Ойсыздарға қосылма! (Абай).
– Қане, жігіттер, аттарыңды қамдаңдар! – Əй, бері кел,
Амантай! Бері келіп кет деймін! (С.Мұқанов).
Мұндай сөйлемдерде қаратпа сөздің болуы, сөйлемдердің
ықшамдалып айтылуы олардың бұйрықты мəнінің өткір, əсерлі бо-
луымен байланысты. Сондықтан ондай сөйлемдерді салмақты етіп
айту үшін сөйлем белгілі біреуге арналады да, сол «біреу» қаратпа
сөз қызметінде жұмсалады. Қаратпа сөзі болмаса, сөйлемнің
бұйрықтылық күші солғын болады да, бұйрық, талап, тілек, көпке
арналады. Соңғы жай мақал-мəтелдердің стиліне тəн, мысалы:
Темірді қызған кезде соқ! Жалғаймын деп үзіп алма, түзеймін деп
бұзып алма!
Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары қандай сөз болғанына
жəне сөйлемнің құрамы қандай болуына қарай, олардың маз-
мұны да əртүрлі болады:
1. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райының екінші жағын-
да айтылған сөйлемдер көбінесе бұйрық, талап, кейде үндеу мəнді
болады:
– Тарт тіліңді! Жоғал, көзіме көрінбей! – деп Ысқақ ки-
мелеп кетті (С.Ерубаев). Өшір үніңді, оңбағанның баласы!
(Ə.Сəрсенбаев).
Төл өсір, малыңды бақ, күтіп бапта!
Ел сенген, Отан сенген сенімді ақта! (А.Тоқмағанбетов).
– Жоспарды басқарма бекіткен күйінде қабылдайтының қол
көтер! (Ғ.Мұстафин).
2. Баяндауыштары бұйрық райдың үшінші жағында айтылған
сөйлемдер көбінесе талап, тілек мəнді болады:
Керімбек малды тез жайлауға айдасын! Бағар көбейсін, ша-
лым! (Ғ.Мүсірепов).
552
Қазіргі қазақ тілі
Достарыңызбен бөлісу: |