563
Қазіргі қазақ тілі
Енді бірқатар тіркестер құрамы
мызғымайтын берік бола-
ды, мысалы:
жүрек шайылу, қаһарын төгу, үмітін үзу, жүрек
жұту, тілін тигізу, көз қырын салу. Бұлардың құрамын өзгертіп
айтуға болмайды. Мұндай тіркестерді т ұ р а қ т ы т і р к е с т е р
дейміз. Тұрақты тіркестер өз алдына сөз тіркесі болмайды, тек сөз
тіркесінің бір сыңары бола алады.
Мысалы; Балаларға көз қырын
сала жүр, əкеңе тілің тимесін!
Еркін бала атаулы дегенге, ішкен
асын жерге қойғанда, Сəрсенбай неге бала деп аузын ашпайды?
(М.Жұмабаев).
Сөз тіркесінің құрамы көбінесе еркін болады. Мысалы,
жақсы,
биік, ақылды сөзін толып жатқан зат есімдермен тіркестіре беруге
болады:
жақсы кісі, жақсы бала, жақсы жайлау, жақсы ырым,
жақсы ниет, биік тау, биік жер, биік ағаш, биік там, ақылды
бала, ақылды оқушы, ақылды қыз.
Осылардай құрамын өзгертіп
айтуға болатын тіркестерді
е р к і н т і р к е с дейміз.
Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады.
Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан
құралады: бірі – сөз тіркесінің ұйытқы бөлігі,
сөз тіркесінің
грамматикалық діңгегі – оның б а с ы ң қ ы с ы ң а р ы , екіншісі –
оның б а ғ ы н ы ң қ ы с ы ң а р ы . Мысалы,
Жаздың көркі енеді жыл
құсымен (Абай) дегенде екі сөз тіркесі бар:
1) Жаздың (бағыныңқы) көркі (басыңқы);
2) Жыл құсымен (бағыныңқы) енеді (басыңқы).
Сөз тіркесі толық мағыналы екі сөзден құралған жай болады
немесе оның бір сыңары, кейде екеуі де сөз тіркесінің құрамында
күрделі сөздер жəне басқа түйдекті тіркестер (§12) болады. Мыса-
лы:
Достарыңызбен бөлісу: