Талғат сайрамбаев


ай деген сөздер болады: – Айналаңа қарашы! Дүние қандай сəнді!



Pdf көрінісі
бет280/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

ай деген сөздер болады:
– Айналаңа қарашы! Дүние қандай сəнді! (Ғ.Сланов). Қандай 
ақылды адам! Тіпті ғажап қарқын! (Ғ.Мұстафин). Жеріміз 
біздің неткен бай! (Х.Ерғалиев). Жаңа қоныс болғанда қандай! 
Пай-пай, мына аттың жорғасы-ай!
 Қандай тамаша көл! (Ж.Верн).
 Ойбай-ай қалай өзгерген!
 Тіл қандай! Тəсіл қандай! (М.Əуезов).


555
Қазіргі қазақ тілі
Тұлғасы сұраулы сөйлемдер де кейде экспрессивті мағынада 
лепті болып жұмсалады:
 Ол – ол болсын, жə, мынау көргеніміз – қай мазағымыз!? 
(М.Əуезов). Ол неғылған оңбаған адам!? Мұндай сөздің кімге 
керегі бар!?
 Шіркін, Көкшетау! Шіркін, дүниеде сендей де жер бар ма 
екен!? (С.Мұқанов).
§8. Болымды жəне болымсыз сөйлемдер
Адам объективті болмысты, ойлаған ойын хабарлауда ойын 
болымды не болымсыз етіп құрайды. Мысалы, Бүгін қар жау-
ады деген де, бүгін қар жаумайды деген де өз кезінде шындық 
хабар болуы мүмкін. Бірақ сол хабардың бірінде ауа райының 
бізге таныс құбылысы болымды түрде айтылса, екіншісінде ол 
құбылыстың бүгін болмайтыны болымсыз түрде хабарланады. Ха-
барлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің қай-қайсысы болса 
да осындай екі түрлі синтаксистік құрылыстың бірінде айтылады. 
Болымсыз сөйлем болымды сөйлем арқылы жасалады жəне 
болымдының қарама-қарсы мағынасын білдіреді. Сөйлемнің бо-
лымды түрі – ойды айтудың негізгі формасы да, болымсыз түрі 
одан гөрі сирек қолданылатын қосымша формасы. Сонда болым-
сыз сөйлем арқылы объективті болмысты, ойлаған ойымызды 
жоққа шығарып қоймаймыз, айтылған ойға ерекше стильдік өң 
беріп, сөйлемді түрлендіріп, эмоциялы, экспрессивті етіп айтудың 
да тəсілі етеміз.
Алдымен болымсыз сөйлемдердің тұлғалық ерекшеліктерін 
санап өтейік:
1. Болымсыз сөйлемдер -ма/-ме ... тұлғалы болымсыз 
етістіктердің баяндауыш қызметінде не баяндауыш құрамында 
жұмсалу арқылы жасалады:
– Жамандатқыр, мынау бір ит екен, тіпті жүрмейді (Б.Май-
лин). Ол дəл осы жолы Ақмоншаққа тура қарай да алмады 
(М.Иманжанов). Өмірде жоқшылық, торығушылық бар дейтін, 
бірақ біз оны көрмеген едік (С.Ерубаев). Айбар Зəурені сүйеді, 
бірақ Зəуре оны ұқпайды (З.Қабдолов). ... біз қыздың несі əдемі 
екенін біле алмадық (С.Ерубаев).
Қас сұлуда мін болмас,
Қас жүйрікте сын болмас (Мақал).


556
Қазіргі қазақ тілі
2. Есім жəне есімшелі баяндауыштардың құрамында емес де-
ген көмекші етістік жұмсалады:
- Сен енді жас бала емессің. Поэзия – ажарлап құрған сөз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет