Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет282/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

ұрысқан жоқ па? (Ғ.Мұстафин). Біз өзімізді атамақ тұрсын
ешқашан да ерлік жасаймыз деп ойлаған жоқпыз (А.Макаренко).
Сені ауру жеңбесеешкім жеңбес, – деп жантая кетті Щер-
баков (Ғ.Мұстафин). – Өзі ештеңе айтқан жоқ, енді отырма! – 
деді (С.Сейфуллин). 


557
Қазіргі қазақ тілі
Кейбір сөйлемдердің т ұ л ғ а с ы б о л ы м д ы , м а з м ұ н ы б о -
л ы м с ы з ыңғайда да айтылады, мысалы: оның үні өшті, оның 
жағы қарысты (ол үндемеді деген мағынада)неге көндім (көнбеу 
керек еді д.м.)
1
.
Зылиқа ... көрмеген-білмеген біреудің соңына ерген. Неге ерді? 
... Жылатып тастап кеткендей Қарымсақтың не жазығы бар? 
(жазығы жоқ д.м.) (Б.Майлин).
Осындағы сұраулы сөйлемдерді болымсыз мағынада айтуға 
болады: Неге ерді? – Ермеу керек еді... Қарымсақтың не жазығы 
бар? – Қарымсақтың жазығы жоқ. Кейбір сөйлемдердің баянда-
уыштары болымсыз, мағынасы болымды қалпында жұмсалады, 
мысалы: Ол түсінбейді емес – ол түсінеді; шындықты айтпасқа 
болмайды – шындықты айтамын; бұл сөзге құлақ қоймай болмай-
ды – бұл сөзге құлақ қою керек; бастаған істі ақырына жеткізбей 
болмайды – бастаған істі аяқтау керек.
Осындай мағынасы болымды сөйлемдерді болымсыз тұлғалар 
арқылы айтудың стильдік қызметі ерекше; ондай сөйлемдер жай 
«салқын қанды» хабар болмай, эмоциялы, экспрессивті болады. 
Əдетте, мұндай қызмет атқаратын сөйлемдердің күрделі баян-
дауыштарында көбінесе болымсыздық тұлға екі рет айтылады.
Тұлғасы болымсыз, мазмұны болымды сөйлемдерге мысалдар:
Жұрттың айтуынша, біздің ауылдағы Нұртазадан шешен 
адам жоқ (С.Мұқанов). (Нұртаза өте шешен д. м.). Сол Алшаң кісі 
болғанда, алты алашта одан асар кісі жоқ (Б.Майлин). (Алшаң 
жұрттан асқан д.м).. Заңды дұрыс орындауда, атқа мінерлердің, 
жуандардың алдауына ермеуде Құрымбай бəйге алып жүрген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет