Талғат сайрамбаев


§10. Сөз, сөйлем жəне сөз тіркесі



Pdf көрінісі
бет284/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

§10. Сөз, сөйлем жəне сөз тіркесі
Сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі сөзден сөйлем 
құрамында жасалатындықтан, бұлардың ерекшеліктерін білу ке-
рек.
Сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану керек пе? деген проблема 
көп ғалымдарға түрліше ой салған болатын. Көптеген ғалымдар, 
В.Виноградов бас болып, сөз тіркесін н о м и н а т и в т і, сөйлемді – 
п р е д и к а т и в т і деп танитын болды. Осылай сөз тіркесін 
«номинатив» деп тану оны «сөз» дегенмен бірдей деп санауға 
саятындықтан, оған басқаша анықтама, сипаттама берушілер бол-
ды. Мысалы, Н.А.Баскаков екі синтаксистік единицаны (сөйлем 
мен сөз тіркесі) қарама-қарсы екі түрлі ойлау процесінің тілдегі 
көрінісі деп табады: абстракциялау, конкреттеу
[9]. Солардың 
бəрі – өзара тығыз байланыста, бірінсіз-бірі бола бермейтін екі 
түрлі синтаксистік тұтастықты екі бөліп оқшаулауға лайықтанған 
сипаттамалар. 
Алдымен сөз тіркестерін түгелдей номинативті деп қарау дұ-
рыс емес. Ондай сөз тіркестері тек олардың жұмсалу орайында 


560
Қазіргі қазақ тілі
атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті (атауыш) деп тануға 
болатындары бар. Мысалы, сөз тіркестері құрылымында пай-
да болған терминдік тұрақты атаулар (қант қызылшасы, қызыл 
бұрыш, теміржол, мал дəрігері, су қоймасы, қол басы, су диірмен, 
т.б.). Осындай ауыс мағыналы сөз тіркестерінен біріккен, кіріккен 
күрделі сөздердің жасалуы олардың екінші рет атауыш (вторич-
ная номинация) дəрежесіне көтерілуі болмақ. Мысалы: атқұлақ, 
қараторғай, тасбақа, балықкөз, өнеркəсіп, қолөнер, кəсіподақ, 
қайнаға, ашудас, белбеу, бүгін, бүрсігүні.
Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын – сөз. 
Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зертте-
лу объектісі болуымен қатар, грамматикада да əртүрлі ыңғайда 
қарастырылады. Сөздердің құрамы, тұлғасы, жасалу жолдары, 
олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияды, ал 
сөздің сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесі, кейде сөйлем 
қызметтерінде жұмсалуы синтаксисте қаралады. Сондай-ақ 
тіркескен сөз топтары да əртүрлі ыңғайда қарастырылады.
Сөз, негізінде, дараланған ұғымды, лексика-грамматикалық 
мағынаны білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай 
тілдің синтаксистік ережелері негізінде əр алуан лексикалық 
жəне синтаксистік топ құрау арқылы сөйлем ішінде айтыла-
ды. Қарым-қатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі фор-
масы сөйлем болса, сөзді сөйлем құрауды материалы деп 
білеміз. Сондықтан «Ас – адамның арқауы» дегендей, сөз –
ой құраудың арқауы. Сөздер қажеттіктен өзара тіркеседі, тіркесу 
арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің өзара тіркесе алу 
қабілеттілігі олардың ең басты г р а м м а т и к а л ы қ қасиеттерінің 
бірі болып есептеледі. 
Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі əрбір грамматикалық 
топтағы сөздердің мағыналық жəне грамматикалық ерекшелікте-
ріне негізделеді. Оның үстіне тіркескен сөздер тобының сапасы əр 
уақытта бір түрлі болмайды, əр алуан болады. Мысалы, екі, кейде 
одан да көп сөздер тіркесіп бір лексикалық түйдек жасалады (ақ 
қайың, боз торғай, кетіп бара жатыр), кейде екі не одан да көп сөз 
тіркесіп, с и н т а к с и с т і к т і з б е к жасалады (қарлы тау, желсіз 
түн, жыл сайын көріну, соған бола келу).
Лексикалық жəне басқа түйдекті тіркестер «сөз тіркесі» де-
ген категорияға жатпайды. Лексика-грамматикалық мағыналары 


561
Қазіргі қазақ тілі
айқын сөздердің біріне-бірі с а б а қ т а с а б а ғ ы н ы п барып 
жасалған синтаксистік тобы ғана с ө з т і р к е с і деп есептеледі.
Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп 
тану үшін оның мынадай белгілеріне қарау керек:
1) сөз тіркесінің құрамында кемінде т о л ы қ м а ғ ы н а л ы екі 
сөз болады;
2) ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық жəне 
синтаксистік байланыста айтылады, олар салаласа байланыспай-
ды, тек сабақтаса байланысады;
3) тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысық-
тауыштық қатынаста жұмсалады.
Осындай синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің 
сабақтаса байланысуы нəтижесінде пайда болады. Басқаша айт-
қанда, лексика-грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы 
бағыныңқылы сөз тіркесі жасалғанда, ол сөздердің бұрынғы 
мағыналары өзгеріліп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды, 
мүшелік қарым-қатынасты білдіретін қосымша г р а м м а т и к а л ы қ 
(мысалы, анықтауыштық, пысықтауыштық не болмаса шақтық, 
мекендік, меншіктілік, т.б.) мағына пайда болады. 
Мысалы, кең өріс деген сөз тіркесіндегі кең сөзінің кеңістік са-
паны білдіруі – оның лексикалық мағынасы, оның сын есім екен-
дігі – грамматикалық мағынасы. Өріс сөзінің лексикалық мағы-
насы – мал жайылымын білдіруі, грамматикалық мағынасы – зат 
есім екендігі. Осы сын есім мен зат есімнің тіркесуі нəтижесінде 
жаңа грамматикалық мағына пайда болған. Ол – анықтауыштық.
С ө й т і п , с и н т а к с и с т і к қ а р ы м - қ а т ы н а с т ы б і л д і р у 
ү ш і н к е м і н д е т о л ы қ м а ғ ы н а л ы е к і с ө з д і ң с а б а қ т а с а 
б а й л а н ы с қ а н т о б ы н с ө з т і р к е с і дейміз.
Сөз тіркесі – сөйлем құраудың шоғырланған материалды 
бөлшегі. Олар сөйлемнен тыс тұрғанда жалаң сөздің ж а й ы л м а ғ а 
айналуы сияқты да, сөйлем ішінде сөздер тізбегінің ұласқан бір 
бунағы тəрізді. Соңғы жағдайда сөздің жайылмаға айналу қасиеті 
күңгірттеніп, сөз тіркестерінің қосақталу жігі білінбей, тұтасып та 
кетеді. Өйткені бір сөз тіркесінің бір сыңары, екінші сөз тіркесінің 
басқа бір сыңарымен тіркесіп, кейде кірігіп, ұласып, ұштасып жа-
тады. Мысалы, кең үй, екі терезе, үлкен терезе, үйдің терезесі 
дегендер – жалаң сөздердің жайылмаға айналу ыңғайындағы сөз 


562
Қазіргі қазақ тілі
тіркестері. Осыларды сөйлем ішінде айтсақ, сөз тіркестерінің ол 
жігі онша айқын байқалмайды. Кең үйдің үлкен терезесі ашық 
тұр. Бұл сөйлемдегі жоғарыда көрсетілген сөз тіркестері өзара 
былай ұласқан: кең үйдің терезесі, үлкен екі терезесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет