570
Қазіргі қазақ тілі
Сөздердің өзара байланысу тəсілдері
негізінде қалыптасқан
синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары
дейміз.
Қазақ тіліндегі сөздердің синтаксистік байланысу формалары
мыналар: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу.
Қ и ы с у – синтаксистік байланыстың көп қолданылатын бір
түрі. Қиысу да сөйлемдегі бағыныңқы мүше (баяндауыш) басыңқы
мүшенің (бастауыштың) грамматикалық мағынасына қарай тұл-
ғаланады. Мысалы,
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын (Абай)
деген
сөйлемде мен көрдім – қиыса байланысқан сөздер. Онда
мен деген бастауыштың І жақтық грамматикалық мағынасымен
үйлесіп,
көрдім деген баяндауыш та бірінші жақтық жіктік
жалғауда айтылған.
Сіздер талапты жеткіншексіздер дегенде,
баяндауыш
сіздер деген бастауыштың ІІ
жақтың грамматикалық
мағынасына жəне -
дер деген грамматикалық тұлғасына қарай дəл
сондай жалғауларда айтылып, қиысып тұр.
М а т а с у – сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөздің
басыңқыға жəне басыңқының бағыныңқыға қарай тұлғаланып бай-
ланысуы. Осылайша бірімен-бірі қарама-қарсы, матаса байланыса-
тын сөздердің бірі ілік жалғауда, екіншісі тəуелдік жалғауда айты-
лады. Мысалы:
ағаштың бұтағы, сенің кітабың, колхозшылардың
табысы.
М е ң г е р у – сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздің басыңқымен
мағыналық үйлесімі негізінде септік жалғауларының (іліктен
басқа) бірінде тұрып байланысуы;
меңгерілетін сөз барыс, та-
быс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде тұрады да,
меңгеретін сөз етістік, есім не сол екеуінің ортақтасқан тобы бо-
лады. Осыған қарап, меңгеруді үшке бөлеміз: етістікті меңгеру
(
терезені ашты, жайлауға шықты, қалтасынан алды, жолда
жатты, түнімен жүрді), есімді меңгеру (
қойдан жуас, оқуға
ықыласты, қалада көп), ортақ меңгеру (
айтуға тілім жетпейді,
сөзін мақұл көрдік, жұртқа күлкі болғанмен, маған күлкі емес).
Қ а б ы с у – сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен
жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысуы. Қабыса байланыса-
тын сөздердің көпшілігі тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын
жазбайды. Ал бірқатар қабыса байланысатын
сөздер сөйлемдегі
орнын өзгертіп, өздері бағындыратын сөздерінен қашықтап та
тұрады. Ондай алшақ байланыс жанасуға жатады.