ұшырып, есінен тандырды (Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлемдегі
үрейін ұшырып, есінен тандырды деген тіркестер олардағы
жеке сөздердің тіке мағынасына сəйкес ұғымда да жұмсалған, сол
тобымен өзгеше мағынада да жұмсалған: үрейін ұшыру – қатты
қорқыту; есінен тандыру – есін шығару. Бұлардың бір сөзін мол
мағынасында, сол тұлғада кез келген басқа сөздермен тіркестіріп
айта беруге болмайды (болса, үрейім қалмады, зəрем ұшты (қатты
1
Үшін кейде ілік септігіндегі сөзбен де байланысты болады:
Сен үшін бақша бұлбұлы
Сайдың сұлу гүлдерін
Сұлу əнін сайраған
Сенің үшін жинаған (Жамбыл).
568
Қазіргі қазақ тілі
қорықтым), есімнен шығып кетті (ұмытып кеттім) сияқты өте аз
кездеседі). Бұл жағынан ол тіркестерді құс ұшты, балапан ұшты,
қарға ұшты, самолет ұшты; үйден шықты, кеңседен шықты,
есіктен шықты деген сөз тіркестерімен тең қоюға болмайды:
алдыңғылар тұрақты тіркестер де, соңғылар – е р к і н тіркестер.
Тұрақты тіркестердің құрамындағы жеке сөздер де сөйлемнің
бөлек-бөлек мүшесі болмай, сол тобымен бір-ақ мүшенің қызметін
атқарып тұрады. Сонымен қатар олар сөз тіркесінің бір-бір сыңары
болып, күрделі сөз тіркестерінің де құрамында айтылады: жаудың
үрейін ұшырды, айтқаның есімнен шығып кетті.
Тұрақты тіркестер екі түрлі болады:
а) И д и о м а л ы қ т і р к е с т е р : қабырғаңмен кеңес (ой-
лан), қой аузынан шөп алмайтын (жуас), салы суға кетіп отыр
(көңілсізденіп отыр), тісін қайрап жүр (өшігіп жүр), тіс қаққан
(ысылған), сиыр құйымшаққа салу (бір нəрсені созып кету), іші
күю (қызғаншақтық ету), қас пен көздің арасында (лезде), беті
бері қарады (айыға бастады).
Идиомалық топтағы сөздердің байланысы берік болады,
олардың тұтас топ болып тұрғандағы беретін мағынасы жеке
тұрғандағы мағыналарына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны
білдіреді.
ə) Фразалық тіркестер. Тұрақты тіркестердің бірқатарының
мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса, бірінің
лексикалық мағынасымен байланысты болады. Ондай тұрақты
тіркестер фразалық тіркес болады: таяқ жеу (соғылу), бас көтеру
(қарсылық ету), жаны ашу (аяу), үрейін ұшыру (қатты қорқыту),
есіне салу (ұмытқанын қайта айту), есінен шығу (ұмыту), көзі
жету (нану), көңіліне келу (өкпелеу), түймедейді түйедей ету
(асыра үлкейту), қолым тимейді (уақытым жоқ), т.б.
Тұрақты тіркестегі сөздердің өзара байланысу амалдары
мен синтаксистік байланыс формалары қазақ тілінің осы күнгі
грамматикалық нормаларынан алшақ кетпейді. Бірақ олардың
синтаксистік құрылысы «сіресіп, қатып қалған болады да, қызметі
мен мағынасы мүлде өзгеріп кеткен болады»
[10].
Фразалық тұрақты тіркестердің бірқатары (мысалы, тіс қаққан,
жіпсіз байлау, таяқ жеу, жаны ашу) сол құрылысы мызғымайтын,
мағыналық тұтастығы берік сөздерден құралса, бірқатары кей-
де тұрақты, кейде еркін тізбек ретінде айтылатын сөздерден де
569
Қазіргі қазақ тілі
құралады. Мысалы, тісін қайрау – біреуге қаһарын тігу жəне тура
мағынасы (мысалы: Ол ұйықтап жатып тісін қайрайды); қолына
алу – бірдеңені істеуге кірісу (мысалы, Қағазды қолына алды);
тісі қышу – бірдеңені айтуға құмарту (мысалы: Оның тілі қышып
отыр) жəне тура мағынасы (соңғылар тура мағынада жұмсалған
жағдайда тұрақты тіркес есебінде қаралмай, еркін тіркес есебінде
қаралуға тиіс).
Фразалық тұрақты тіркестің құрамы құбылып, өзгеріле
бермейді. Бірақ бір сөз əртүрлі фразалық тіркестің құрамында келе
беруі мүмкін. Мысалы: күлкі болу, ұят болу, алаң болу, мəз болу,
тісін қайрау, тісін қадау, тісін батыру.
Достарыңызбен бөлісу: |