Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет298/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

ар/ер/р тұлғалы есімшелер есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары 
қызметінде аз айтылады. Оның себебі – есімшелердің білдіретін 
шақтық мағынасында: өткен шақ пен осы шақта жұмсалатын 
-ған тұлғалы анықтауыштар қимыл процесінің нəтижесін, оның 
зат есіммен тығыз мағыналық байланысын білдіреді, мысалы: 
маңыраған қой, боздаған бота, айтқан сөз, құжынаған мал, 
ұшқан құс, көрген кісі, үйде отырған бала, жерде жатқан таяқ, 
ауылда жүрген үгітші.
Келер шақтық есімше зат есіммен тіркескенде, көбінесе оның 
болашақта болатын, қосымша сапасы ретінде жұмсалады. Мыса-
лы: сауылатын сиыр (салыстыр: сауылған сиыр), жазатын кісі 
(салыстыр: жазған кісі), орақ оратын жігіт (салыстыр: орақ 
орған жігіт). 


583
Қазіргі қазақ тілі
Есімшенің сөз тіркесі құрамындағы анықтауыштық мағына-
сын басқа анықтауыштармен салыстырғанда, олардың елеулі 
айырмашылығы бар екенін көреміз. Мысалы, сын есімнен болған 
анықтауыштар заттың əр алуан сындық сапасын бір қалыпты 
күйінде білдірсе, есімшелер заттың қимылдық сапасын про-
цесс күйінде білдіреді. Бұл айырмашылықты байқау үшін сын 
есімдерден жасалған есімшелері бар мысалдар алайық:
ақ шаш – ағарған шаш
семіз қой – семірген қой
Əр жерде қағылған қадалар көрінеді (Ғ.Мүсірепов). Анау 
көрініп тұрған төскейдің сай-саласы соншалық таныс, жақын 
(М.Əуезов). Айтатын арызымыз бар. Сөйлейтін жерім жаңа 
табылды (Ғ.Мұстафин).
Əдетте, есімшелердің жетегінде оларға меңгерілетін есімдер 
болатыны белгілі. Олар көбінесе сол тобымен зат есімге қатысты 
болып, онымен бірігіп, күрделі сөз тіркесінің құрамында айтыла-
ды. Мысалы: Төбеде жүрген жау самолеті сирей бастады. От 
жағылған екі темір пеш түксиіп тұр (Ғ.Мүсірепов). Шығыс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет