Талғат сайрамбаев


Астында семіз сары жорға аты бар



Pdf көрінісі
бет306/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Астында семіз сары жорға аты бар (М.Əуезов). Аспан-
да алақандай да бұлт жоқ (С.Мұқанов). Сақтықта қорлық жоқ 
(Мақал). Əуелден сұлу жайы бізге мəлім (Абай). Əйелдердің 
сайлауға дасайлануға да правосы еркектермен бірдей (Консти-
туциядан). Біткен іске сыншы көп (Мақал). 
Сан есімдер мен есімдіктер жоғарғыдай есімді сөз тіркесінің 
меңгерушісі болып өте аз кездеседі:
Басқада құлақ екеу болсахатшыда төртеуЕсжан, ол жақта 
егіске дайындық қалай? (Ғ.Мүсірепов).
ЕТІСТІКТІ ТІРКЕСТЕР
§28. Жалпы түсінік
Етістікті сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі етістік болады 
да, соның негізінде басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. 
Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз 
тіркесін құру қабілетінің молдығын байқаймыз. Етістіктер мен 
есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шы-


598
Қазіргі қазақ тілі
лаулы есімдер тіркесе алады. Алайда бұл сөздердің етістіктермен 
тіркесу дəрежесі, тіркесу тəсілдері мен формалары, сол сияқты 
мағыналық қатынастары да əртүрлі болып отырады. Толып жатқан 
есім сөздер етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі. Бұл ретте 
етістіктер мен есімдердің өзара байланысу түрі қабысу болады. 
Етістікті сөз тіркестерінің енді бір тобы есімдердің барыс, табыс, 
жатыс, шығыс, көмектес жалғаулары арқылы салт жəне сабақты 
етістіктермен м е ң г е р і л е байланысады.
Қазақ тіліндегі етістіктердің басқа сөздермен байланысуы-
ның осы ерекшелігіне қарай етістікті сөз тіркестері:
1) қ а б ы с а б а й л а н ы с қ а н е т і с т і к т і с ө з т і р к е с т е р і ; 
2) м е ң г е р і л е б а й л а н ы с қ а н е т і с т і к т і с ө з т і р к е с т е р і 
дейтін екі топқа бөлінеді. Етістікті сөз тіркестері демеуліктер 
мен көмекші есімдердің қатысуы арқылы да құралады. Бұларды 
меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің құрамында қараймыз.
Сөз тіркестерінің бұл көрсетілген топтары бұдан əрі де 
бірнешеге таралып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет