Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет304/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

тамаша күлкісі əрдайым сыңғырлап шығып, ... жұрттың бəрін 
еліктіріп отыр (М.Əуезов). Көзімнің қарасы, көңілімнің сана-
сы, бітпейді іштегі ғашықтық жарасы (Абай). Сағындықтың 
қорылы... машиналардың гүрілі, ас үйдегілердің аяқ тықыры 
солғын естіліп тұр. Үш көрпенің екеуі қонақ астында, үш 
жастықтың екеуі қонақ шынтағында (Ғ.Мұстафин). Бюроға 
қатысқан мамандардың көпшілігі Байжанның ұсынысын 
қолдады (С.Мұқанов).
1
Тəуелдік жалғауда айтылатын бірқатар сөздердің ілік жалғаулы анықтауышы 
болмайды: 1952 жылы; Парқат екеуміз; Омарбек, Тайыр үшеуіміз; ол шалқасынан 
түсті; бала етпетінен құлады.


595
Қазіргі қазақ тілі
МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ 
СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
§26. Жалпы түсінік
Сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары есімді, етістікті болып, 
бағыныңқы сөздердің байланысу формасына, тұлғасына қарай 
бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі – меңгеріле байланысқан 
есімді сөз тіркестері. 
Меңгеріле байланысатын сөз тіркестерінің ерекшелігін олар-
дың құралу тұлғасына қарап айырамыз. Олар б а р ы с , т а б ы с , 
ж а т ы с , ш ы ғ ы с , к ө м е к т е с жалғауларының бірінде бола-
ды да, басыңқы сөз сол жалғаудағы сөзді керек ететін етістік не 
есім болады. Осыдан меңгеріле байланысқан сөз тіркесі жасала-
ды. Меңгеруші сөз жетектеуші де, меңгерілуші оның жетегіне 
еруші сөз болады. Септік жалғаулары сөзбен сөзді байланы-
стырумен қатар, түрлі-түрлі синтаксистік қатынасты білдіреді. 
Мысалы, барыс септігіндегі сөз беталысты, бағытты, мақсатты
мезгілді, т.б. білдіреді. Сондай мағыналық қатынастар тек жалғау 
жалғанған сөздердің əртүрлі болуынан ғана тумайды, тұтас сөз 
тіркестерінің қарым-қатынасынан туады. Жоғарыда аталған септік 
жалғауларын меңгеріп, түрлі-түрлі мағыналық қатынастағы сөз 
тіркестерін құрайтын сөздер, негізінде, етістіктер болады. Солай 
болатындықтан меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері 
кең түрде жұмсалып, түрлі құрамды болып келеді. Оған қарағанда 
меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері сирек қолданылады.
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы 
сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының 
бірінде жұмсалады да, басыңқылары көбінесе баяндауыш 
қызметіндегі есімдер болады. Мысалы: (жерім) малға бай. (Ол) 
сөзге шорқақ. (Досан) комиссияға мүше. (Мен) саған кіммін? 
(Оның) сөзі маған түсініксіз. (Бұл ат) мінуге жақсы. (Бұл қылы-
ғың) өзіңе жаман.
Бұл тіркестердің байланысу формасы – меңгеру. Есімдердің 
есімдерді меңгеруі, етістікті тіркестердегідей, əрі мағыналық, əрі 
синтаксистік тығыз байланыс негізінде емес, ə л с і з байланыс 
ыңғайында пайда болады. Оны түсіну үшін бір-екі мысал алайық: 


596
Қазіргі қазақ тілі
кетті, келді сияқты етістіктерді бөлек алғанда, олардың лексика-
лық мағыналары қаншама түсінікті болғанмен, мүшелік мазмұ-
нында бір күңгірттік бар сияқты болады да тұрады. Ол күң-
гірттікті жойып, мүшелік мазмұнын толық ашу үшін кетті, 
келді етістіктерінің алдына кім кеткенін, кім келгенін, оның 
қайда кеткенін, қайдан келгенін көрсету керек, мысалы: Асқар 
қалаға кетті. Темір қаладан келді. Осындағы сөздер бірін-бірі 
керек етіп, өзара жымдаса байланысқан. Соның негізінде қалаға 
кетті, қаладан келді деген меңгеріле байланысқан етістікті сөз 
тіркестері жасалған. Ал кіммін, түсініксіз деген есімдерді ба-
яндауыш қызметінде бөлек алғанда, олармен байланыса айты-
латын бастауыштың орны жоқталады, ал барыс жалғауындағы 
толықтауыштың орны жоқталмайды. Өйткені кіммін, түсініксіз 
сөздерінің мазмұны саған, маған сияқты сөздердің тіркесуін тікелей 
керек етпейді. Сонда да (Мен) саған кіммін? (Айтқаның) маған 
түсініксіз сияқты меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерін 
құрауға болады. Есімдердің бұлай тіркесуі жеке сөздің тікелей 
лексикалық мағынасынан тумайды, жалпы сөйлемнің мазмұнынан, 
айтайын деген ойға, баяндауышқа жалғаулы есімдердің керек бо-
луынан туады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет