Талғат сайрамбаев


§24. Матаса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары



Pdf көрінісі
бет302/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

§24. Матаса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары
Матаса байланысатын сөздер – негізінде, зат есімдер. Солай 
болған соң, зат есім мағынасында не зат есім орнына жұмсалатын 
сөздердің бəрі сол тіркестің бірінші не екінші сыңары бола ала-
ды. Досболдың табысы, сенің уəдең, қойдың жүні, екінің бірі, 
жақсының шарапаты, жалқаудың кесірі, т.б. 
Мұндай сөз тіркестері а н ы қ т а у ы ш т ы қ қатынаста жұм-
салады. Ілік жалғаулы сөздердің əртүрлі құрамда айтылуына 
қарай матаса байланысқан сөз тіркестері əртүрлі анықтауыштық 
қатынаста жұмсалады. Олардың негізгі мағыналары мыналар:
1. Ілік жалғаулы меншік иесі бола алатын сөзге жалғанып, 
м е н ш і к т і л і к қатынасты білдіреді. Олар жеке жəне қоғамдық 
меншіктілік болуы мүмкін.


588
Қазіргі қазақ тілі
Менің киімім. Колхоздың жері.
Оқушының кітабы, Мемлекеттің мүлкі.
2. Ілік жалғаулы сөздер туған-туысқандық, дос-жарандық 
ұғымдағы сөздермен тіркесіп, отбасылық, туысқандық, т.б. 
қатынасты білдіреді.
Менің қарындасым. Асқардың баласы.
Ажардың атасы.
 
Төлеудің қызы.
3. Ілік жалғаулы зат есімдер сол заттарға қатысы бар басқа зат 
есімдермен тіркесіп, зат пен заттың табиғи байланысын білдіреді.
Ағаштың бұтағы. Ешкінің сүті.
Қойдың жүні.
 
Түйенің терісі.
4. Ілік жалғаулы сөз тəуелдеулі сан есім, есептік ұғымы бар 
зат есім жəне сын есімдермен тіркесіп, б ө л ш е к т е у , т а л ғ а у 
мағыналарында да жұмсалады:
а) бөлшектеу: оқушылардың бірі, егіздің сыңары, жиналыс-
тағылардың көпшілігі;
ə) талғау: адамның ақылдысы, аттың жүйрігі, қызылдың 
қызылы.
Изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің бірінші сыңары 
жалғаусыз айтылған анықтауыш болғанда, олар өзара əрі қабыса, 
əрі тəуелдене байланысады. Ондайда ілік жалғауы зат пен заттың 
жоғарғыдай меншіктілік, туыстық, табиғи қатынасын білдірмейді, 
тек заттың заттық сапасы ретінде, тəуелділік қатынаста жұмсалады: 
колхоздың малы, колхоз малы сияқты екі түрлі формада айтыла-
тын анықтауыштардың мағынасы бірдей емес, сондықтан мал 
шаруашылығы, колхоз аулы (колхоз аулының бейнесі) сияқты жал-
ғаусыз айтылған бірқатар анықтауыштарды малдың шаруашы-
лығы, колхоздың аулы деп жалғаулы айтуға болмайды. Болмайтын 
себебі – ілік септікті сөз жалғаулы болса, меншіктік қатынасты 
білдіреді, жалғаусыз болса, заттық сапа ретінде жұмсалады. 
Оны мына мысалдан да анық байқаймыз: Абайдың кітапханасы 
(Абайдың өзінің кітаханасы), Абай кітапханасы (Абай атындағы 
кітапхана), Абайдың мектебі (Абайдың өзіне тəн мектеп), Абай 
мектебі (Абай атындағы мектеп).
Изафеттік темір пеш, ағаш күрек тəрізді құрылыста жəне кен 
байлығы, мал шаруашылығы, радио хабары сияқты құрылыста 
келетін түрлері де – синтаксистік байланыстағы сөз тіркестері. 


589
Қазіргі қазақ тілі
Екеуі де қабыса байланысқан зат есімдер тобын (қыл арқан, 
ағаш үй) жалғаулы есімдер тобымен (студенттердің оқуы, 
кеңес өкіметі, кен байлығы) салыстырғанда, алдыңғыдан соңғы 
топтағы сөз тіркестерінің синтаксистік байланысының берік, 
біртұтас екенін көреміз. Оның себебі тіркескен сөздердің соңғысы 
алдыңғысымен тəуелдік жалғауы арқылы да байланысып тұрады. 
Солай болғандықтан: Темір пештің оты лаулап жана баста-
ды деген сөйлемдегі темір сөзін алып тастап айтуға болады
ал Қазақстанда кен байлығы үлкен орын алады. Игілік жолы 
халқымызды бақытты тұрмысқа жеткізді деген сөйлемдердегі 
кен байлығы, игілік жолы деген сөз тіркестерін ыдыратып, екі 
сыңарының бірін түсіріп айтуға болмайды.
Изафеттік құрылыстың ілік жалғаулы (Қазақстанның бай-
лығы), ілік жалғаусыз (кен байлығы) болып келетін екі түрінің 
айырмашылығы да жоғарғыдай. Ол айырмашылықты байқау 
үшін жоғарғы екі тіркесті бір изафеттік құрылысқа сыйыстырып 
сөйлем құрайық: Қазақстанның кен байлығы мол. Мұнда кен 
дегеннің тіркесті сыңары – байлығыҚазақстанның деген сөздің 
тіркесті сыңары тек байлығы емес, кен байлығы. Сол сияқты
колхоздың мал шаруашылығы дегенде де, ілік жалғаулы сөздің 
(колхоздың) тіркесті тобына енетін сөздер тек шаруашылығы 
емес – мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы. Бұлай болу себебі 
соңғы сөздердің мағыналық жəне синтаксистік берік байланы-
ста екендігінде. Ол байланысын жəне сөйлемдегі сөздердің өзара 
мағыналық қатынасын елемей, əрқайсысына бөлек-бөлек сұрақ 
қойып, əрқайсысын сөйлемнің тең дəрежелі жеке мүшелері деп 
те тануға болады: – Қазақстанның несі? – байлығы – қандай 
байлығы? – кен байлығы – ненің байлығы? – Қазақстанның бай-
лығы. Бірақ бұлай ету дұрыс болмайды. Дұрысы Қазақстанның 
несі? деген сұраққа кен байлығы деп жауап беру. Өйткені əңгіме 
жалпы байлық жайында емес, кен байлығы жайында болып тұр. 
Бірақ бұл құрылысты матаса байланысқан сөз тіркесінің орта-
сында басқа анықтауышы бар құраммен (Кавказдың биік таулары 
деген сияқты) бірдей деп қарауға болмайды: соңғыда үш сөзден 
құралған екі сөз тіркесі бар: Кавказдың таулары, биік таулары
Түркологиялық əдебиетте изафеттік құрылыстағы анықтауыш-
тық топтың бірінші сыңары белгілі (определенный) зат болса, 


590
Қазіргі қазақ тілі
жалғаулы болады, белгісіз (неопределенный) зат болса, жалғаусыз 
болады деп түсіндіреді
[13]. Біздіңше, септіктің жалғаулы, 
жалғаусыз болуы жалғанатын сөзінің айтушыға белгілі, белгісіз 
болуымен байланысты емес, меншіктілік (тəндік) қатынасты ерек-
ше білдіру, білдірмеуімен байланысты. Егер тəуелдеулі заттың 
қай затқа (не кімге) меншікті, қатысты екенін əдейілеп, арнап 
көрсету керек болғанда, ілік септігіндегі сөз жалғаулы болады. 
Ал мұндай құрамдағы сөздердің бірі екіншісіне тек заттық сапа 
ретінде жұмсалса немесе ондай топтың атауыштық қызметі болса, 
ілік септігіндегі сөздер жалғаусыз болады. Мысалы:

2
3
Институттың 
Институт 
Қант
директоры
директоры 
қызылшасы
Мемлекеттің 
Мемлекет 
Мал
мүлкі 
мүлкі
шаруашылығы
Колхоздың
Колхоз малы
Сиыр малы
малы 
Пушкиннің 
Пушкин 
Жер бөлісі
кітапханасы 
кітапханасы 
Бірінші бағанадағы сөз тіркестерінің бірінші сөздерін кей-
де жалғаулы, кейде жалғаусыз (2-дегідей) айтуға болса, үшінші 
бағанадағы сөз тіркесінің бірінші сөзін жалғаулы етіп айтуға 
болмайды. Оның себебі – ол сөздердің белгісіз зат екендігінде 
емес, бұларда ілік жалғаулы сөзі бар тіркестерге тəн мағыналық 
қатынастың жоқтығында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет