Талғат сайрамбаев


Көмектес жалғаулы сөз тipкecтepі



Pdf көрінісі
бет95/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Көмектес жалғаулы сөз тipкecтepі
Көмектес септiгiнде үнемі зат есiмдер, кейде басқа да сөз тап-
тары жұмсалады. Көмектес септiгiндегi сөздер де eтicтiктepмeн 
тiркесiп, толықтауыштық жəне пысық тауыштық қатынаста келе-
дi. Пысықтауыштық қатынас тағы сөз тipкecтepi төмендегiдей: 
а) Қимылдың iстелу орнын бiлдiредi. Ондай кезде есiмдер сын 
eciм, сан eciм, есiмдiктермен бiрлiкте, қосарлы түpi де жəне көмекшi 
есiмдердiң тipкeci арқылы да күрделі бағыныңқы сыңарлар жасай-
ды: Ондай жол дармен (Солтүстiк Қазақстанның қалың құмының 
бетiне түскен жолдарын айтам) жеңiл машинаны ызғыта, саға-
тына 80-90-ға қойып айдаған шоферлер «мұндай жол дың қасында 


194
Күрделі сөз тіркестері
асфальттың да кepeгi жоқ» десетiн (С. Мұқанов). Miнe, бiз тау 
iшiмен келе жатырмыз (С. Бақбергенов). Бiрнеше көштердi сай-
саймен, өз жолдарымен жiберсе де, Сүйiндiк, Жексендер бacтaғaн 
еркектер тобы жұбын жазған жоқ (М. Əуезов). Сол селдiр көк 
шабдар алаптың астынан шым дуалдар қоршаған аула-ауланың 
арасымен көше лер басталды (Ə. Шəріпов). 
ə) Қимылдағы icтің icтелу амалын бiлдiредi: Eciмдep ондай 
бағыныңқылық кезiнде атау тұлғалы есiм мен кө мектес жалғаулы 
есiмдер жəне көмектес жалғау лы қосарлы зат есiмдер күрделi 
сыңарда жұмсалады. Сондықтан ба, əйтеуiр Қамқа Құтжан мен 
осы үйдiң тiлеуiне бар ынтасымен құлаған едi (М. Əуезов). Қай-
тер екен? деп аңдысқан əйелдер өңдерiн суытыңқырап сын көз-
бен əр қимылды бағып тұр (А. Хангелдин). Есiлдi жағалап, аяң 
жортақnен келе жатқанда аттарын сүмектей қылған, өздерi сақ-
сақ күлген үш жiгiт жолықты (С. Көбеев). 
б) Қимылдағы iстің icтелу себебiн бiлдiредi. Ондай кезде есiм-
дер атау, барыс тұлғалы есiмдер мен көмектес жалғаулы түрде 
жұмсалады: Қыс пен көктем, күзеуде бiр- бiрiмен алыс жүретiн 
ауылдар осы сапарда қоныс жағдайымен əлдеқайдан түйiciп, 
қым-қуат араласып қоныса ды (М. Əуезов). Олар күн сайын Eртіс-
тің Семей қасындағы кең аралына кетiп, ұзақ күндi суғa жүзу-
мен, құмға ау нау, серуенмен өткiздi (С. Мұқанов). Мақтаныш се-
зiммен аяқты да epкiн көсiлiп жатырмыз (Ə. Əбішев). 
Толықтауыштық қатынастағы сөз тipкecтepi: 
а) Құралдық мағынада жұмсалады: Кəдiмгi «жолбастар» ұры-
ларша шапан-бөркiн айналдырып киiп, мұр ны мен аузын қызыл 
орамалмен таңып алып, Жұмабайды қуғанда тағы сол ұрыларша 
«дауысымды танытпаймын» деп мыңқылдап сөйлеп бұйрық бер-
ген (М. Əуезов). Айқайлай бергенде, бiр үлкен қол орамалмен ау-
зын жапты (С. Ерубаев). Сол күнi сəске кезiнде баяғы бiр мұзды 
алаң сүйменнің дүңкiлiмен жаңғырығып сала бердi (Ə. Сəрсенбаев). 
ə) Бiрлестiк мағынада жұмсалады: Соның растығы на қазақ-
тардың көзi қазақ-орыстармен араласа жеттi (С. Мұқанов). Қонақ 
бөлмеге тамақ жасатып, қуаныш бiлдiру шiлермен шiлдехана өт-
кiздi (С. Мұратбеков). 
б) Заттық мағынада жұмсалады: Содан кейiн ол ақ шынжыр 
бауы бар сары кiлттi cұқ caycaғымeн шыр айналдыра ойнап
бұрала басып машинаға қарай аяңдады (Ə. Нұршайықов). Ақырын 


195
Күрделі сөз тіркестері
еңбектеп өте жақын барды, ендi бiр жылжыса, автоматтың құн-
дағымен көк желкеден ұратындай («Жалын»). Tөceк-мөсегiмен 
койкадан көтерiп алды (С. Жиренов). 
в) Заттың тұлғалық ерекшелiгiн бiлдiредi: Көздiң жасында 
адамды барлық өне бойымен өзiне қарай құлата тартқан бiр өзгеше 
ыстық күш бар екен (М. Əуезов). Айгүл үлкендерден именiп, 
сөйлеуге, iштегi арманды кесек-кеceгiмeн төгiп салуға кезек күтiп 
тыпыршып-ақ отыр. 
г) Сый-құрмет, атақ, дəреже жəне өкіну мағынасында да жұм-
салады. Биылғы маусымда оның бригадасы мақта плантациясы-
ның əр гектарынан 35 центнерден өнiм жинап, оны мемлекетке 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет