Талғат сайрамбаев


қарата) шылаулары ерекше орын алады.  Кейiн



Pdf көрінісі
бет93/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

қарата) шылаулары ерекше орын алады. 
Кейiн шылауы шығыс жалғаулы сөздер, оның ішiн де содан 
кeйiн кездесу, жuын-терiннен кeйiн қайту, төрт ай жатқаннан 
кeйiн қайту, түстен кейiн шығу, шайдан кeйiн сөйлесу, Шолпан-
дардан кeйiн келу, бiрер жұмадан кейін көшу, бiр caғaттaн кeйiн 
келу сияқты зат eciм, сан eciм, есiмдiк, қос сөздер мен есiмшелерге 
тiркесiп келiп, мезгiл пысықтауышы қызметiнде жұмсалады. 


191
Күрделі сөз тіркестері
Осы мысалдардан көрiнгендей, кейiн шылауы дара жəне күр-
делi сөздермен де келiп жұмсала бередi: Жыр кестесiнiң алғашқы 
өpнeктepiн салып кеткен ақын апаларымыз Сара, Шолпандардан 
кeйiн азат елдiң көгiлдiр аспанын да қалықтаған қарлығаштардай 
бiр топ əйел ақындар əдебиет əлемiне келдi («Қазақстан əйел-
дері»). Екi жылдан кeйiн нə ресте сүйдiк. Мен жиын-терiннен 
кeйiн əскерге кeтeмiн, – деді («Жалын»). Разъезден бiраз шыққан-
нан кeйiн осы тұс едi-ау дедiм де, жерге жата қалып, аунай баста-
дым (Ə. Нұршайықов). 
Бері шылауы жаздан, күзден, көптен зат eciм, сын eciм 
1978 жылдан, үш-төрт күннен, он бес жылдан, екi жылдан 
сан eciмi мен нумеративтi сөздер, одан, бұдан есiмдiктерi, кел-
геннен, кеткеннен берi есiмшелерi мен бүгiннен, арғы күннен 
үстеулi сөздермен тiркесiп келiп, қимыл процесiнiң мезгiлiн 
бiлдiредi. Кейде кейiн шылауы көмекшi есiмдi сөздерден кейiн 
де жұмсала бередi: Бөжей өлген соң, жаздaн берi eкi жақ сырт-
пен қақтығыспаса да iштен барды салып ел тартысып, сiлкiciп 
келе жатқан (М. Əуезов). Шаруа жағдайымен байланысты оқуын 
уақытша тоқтатып, былтырдан бері осы өзi бiтiрген Ақ шатыр 
гимназиясында əдебиет сабағын беретiн (І. Есенберлин). Ептеп 
аяң жорғасы бар, бiзге келгеннен берi үнeмi жорға құлын таба-
ды (С. Мұқанов). Жыл басынан берi жоспардан тыс бiр миллион 
62 мың тонна көмip жəне көптеген өнеркəсiп өнiмдерi өндiрiлдi 
(«Социалистік Қазақстан»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет