Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет91/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   332
жаз, күз, көктем, жыл аттары жатыс жалғауында тiркесiп, мез-


187
Күрделі сөз тіркестері
гiлдiң əртүрлi yaқытын көpceтeдi: 1944 жылдың февраль айын-
да Украина жерiнiң ұлы өзенi Днепрге жеттi («Жалын»). Ха-
мит күндегiciндей таңертең сағат 8-де тұрып, терезеден қарап, 
күзге салымғы жаңбыр арты нан ашылған күннiң шуағына көңiл-
денгендей болды (С. Сарғасқаев). Аттың сырын бiр айда, адам 
сырын жылда бiлесiң (Шығыс халық мақалы).
Кейде деген есiмше формалы көмекшi eтicтiгi кейбiр сөз-
дермен тiркесiп келiп, мезгiл пысықтауышы болады. Мысалы, 
Мен ə дeгeнде шошып кeттiм де, аздан кейiн буындарымды би-
леп, тықыр естiлген бағытқа қарай аяңдай бастадым (Ə. Сəрсен-
баев). 
Cоңғы жұмалар iшiнде имам, молдаларды ешбiр жаназа-
ларға, хатiмдерге шақырмай қойған осы жұрт едi (М. Əуезов). 
Сəскелiк ас алдында кici жіберiп білдiрсе, Банзаров келмептi 
(С. Мұқанов). Кеше ақшам мен eкіндінің арасында машинасына 
астық тиетiп, жолға əзiрленiп қойған едi. Көз алдымда Атырау 
қойнауын жартылай қоршаған жатаған үйлер, комбинат мұр-
жалары (Ə. Сəрсенбаев). Бесжылдық iшiнде Қазақстанда өнер-
кəсiп өнiмiн шығарy 1,6 еседей apтты («Жалын»). Үлкен жарықтың 
өшер алдында бiр сөнiп, бiр лап етiп жанғанындай, күнбатыста 
жарқ еткен нажағай көрiнедi (М. Əуезов). Miнe, осы 7
сөйлемдегi 
асты cы зылған мезгiл мағынасында жұмсалған сөз – фразеоло-
гиялық тipкecтepi мезгiл мəндi сөздер тобы өздерi де немесе 
көмекшi есiмдер арқылы мезгіл мағынада жұм салған. 
Мезгiл қызметiнде кейде сөйлемдiк дəрежедегi күн жылын-
ған, күн бата берген, мал төлдей бастаған сияқты тipкec сөздер 
сол тобымен уақытта, кезде жатыс жалғаулы сөздердiң тipкeci 
арқылы жасалады: Күн бата берген кезде аттарын қан сорпа қып 
Қарашоқыға кеттi. Бiр жа маны, жалғыз-ақ көктем болып, мал 
төлдeй бастаған yaқытта қызық кiтаптың бəрi тeгic оқылып, 
бар əңгiме айтылды (Ə. Ахметов). 
Əртүрлi сөз таптарындағы сөздер мен жоқтa, бойында, 
шағында, арада жатыс жалғаулы сөздердiң тipкeci арқылы 
жасалады: Байтас та күлген бойында қайта оралып келедi 
екен (М. Əуезов). Таныса келе жоғaрылай берiп, қазiр талма түс 
шағында биiк аспанда сайысып жүр (Ғ. Мүсірепов). Aғacының 
жуық арада қозғала қоятын түpi жоқ. 


188
Күрделі сөз тіркестері
Үстеулер, есiмдiк, есiмше мен жатыс жaлғаулы көктемтүн, 
күз, кеш, жаз мезгiл мəндi зат есiмдердiң тіркесі арқылы жасала-
ды: Баласы бuыл жазда КазГУ-дi бiтiрiп, қoлынa келiн түcipгeн 
(С. Сарғасқаев). Биыл күзде eкi рет байқамай қозыны жамыратып 
алып Майбасардан eстiгeн cөгici, жеген таяғы да есiнде болатын 
(М. Əуезов). Бұл yaқытта Жиренше соңғы атқа шiдер салып, 
отқа жiберiп жа тыр екен (М. Əуезов). Өткен күзде бiр демалыс 
күнi осылай бiр тay аралағаны бар едi (С. Шəріпов). Сол көктeмдe 
ен далада оңаша жүрiп Қоспан көп ойланды (Т. Ахтанов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет