Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет98/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   332
ІІ
СӨЗ ТІРКЕСІ МЕН 
ЖАЙ СӨЙЛЕМ 
СИНТАКСИСІ


АВТОРДАН
І. СӨЗ ТІРКЕСІ СИНТАКСИСІ
ІІ. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ 
МƏСЕЛЕЛЕРІ
1. 
Сөз тіркестерінің тарихы туралы бірер сөз
2. 
Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңарлары
3. 
Сөз тіркестерінің жанаса байланысу формасы
4. 
Есімдіктердің етістіктермен қабыса байланысу формасы
5. 
Сөз тіркестерінің байланысу тəсілдері, түрлері, жасалуы
6. 
Кейбір жаңа тіркесімділік туралы
7. 
Бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестері
8. 
Синтаксистік терминдер туралы
9. 
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері
10. 
Сөз таптары, олардың сөз тіркестеріне қатысы
11. 
Шартты рай, оның синтаксистік ерекшеліктері
12. 
Тілдік экономияның сөз тіркесі мен 
сөйлем мүшесіне қатысы
13. 
Қазіргі қазақ тіліндегі салт-сабақты етістіктердің
меңгерілуі 


203
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
АВТОРДАН 
Осы күнге дейінгі сөз тіркестері туралы əдебиеттер сөз 
тіркестерінің негізгі заңдылықтарының қалыптасуы мəселесімен 
баса айналысса, соңғы кездің зерттеу жұмыстары оның əрбір 
категориясының нақтылана түсу бағытына ауысып отыр. Бұл 
еңбекте қазақ тіліндегі сөз тіркесінің сөз болған немесе кейде тіпті 
ескерусіз жатқан мəселелеріне баса назар аудардық.
Əсіресе, сөз тіркесінің сөйлемде немесе сөйлемнен тыс катего-
рия еместігі, сөз тіркесінің синтаксистік бірлік екені, номинативті 
мəні, сөйлемдегі сөздердің байланысы сияқты мəселелер тек 
қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркологияда талас тудырып келеді. 
Сондықтан біз осы мəселелерді айқындауға баса көңіл аудардық.
Еңбектің екінші бөлімінде есімдіктердің етістікпен тіркесі, 
бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестері, меңгеру 
аясының кеңеюі мен тарылуы, оны меңгеретін салт, сабақты 
етістіктердің статистикасы, жаңа сөз тіркестері, тілдік эко-
номия сияқты бұрын онша сөз болмаған мəселелерге арнайы 
тоқталдық. Қазақ тіл біліміндегі жанаса байланысу формасы мек-
теп оқулықтарында ғана беріліп, ғылыми еңбектерде екіұшты 
айтылып жүргені белгілі. Бұл байланысу формасы басқа түркі 
тілдерінде болмағанымен, қабыса байланысудан бөлекше, оның 
жеке байланысу формасы ретінде жасалу жолдарын айқындадық. 
Ал сөз тіркестерінің түрлері мен оның байланысу амалда-
ры сияқты мəселелер арнайы айтылып келе жатқанымен, сөз 
тіркесінің басыңқы сыңарына ортақ басыңқы түрін, ал байланысу 
тəсілдерінде аналитикалық-синтетикалық атты ІІІ түрін енгізіп, 
оның өзіндік объектілерін айқындадық.
Сөз тіркестері, негізінен, сөз таптарының тіркесі десек, оның 
өзінің тіркесу қабілетіне қарай: əр сөз таптарының тіркесі, бір 
сөздің қайталануы арқылы тіркесі жəне бір сөз табының өзара 
тіркесі деп бөле келіп, ғылыми жағынан айқындадық. Шартты рай, 
бір сөздің қайталануы сияқты тың тақырыптар енгізілді.
Əсіресе соңғы кезде енді-енді қолға алына бастаған тілдік 
экономияның өзіндік орны, оның сөз тіркесінің байланысу фор-
масы мен сөйлем мүшелеріне əсері, ондай кездегі өзгерістер сөз 
болады.


204
Сөз тіркесі мен жай сөйлем


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет